“Әділдер жерді мұра етеді”
Көбіміз әділеттілік тапталып, жазықсыз адамдар жапа шегіп жатқанын көріп жүрміз. Жер бетінде әділдік орнап, зұлымдық атымен болмайтын кез келе ме?
Киелі жазбаларда Зәбүр кітабының 37-жырында осы сұрақтың жауабы бар. Бұл кітаптан бүгінгі өмірімізге қажет болатын ақыл-кеңестер де таба аламыз. Олай болса, төмендегі маңызды сұрақтарға жауап алып көріңіз.
Бізге әділетсіздік жасаған адамдарға қалай қарауымыз керек? (Зәбүр 37:1, 2).
Зұлымдардың ақыры қандай болмақ? (Зәбүр 37:10).
Әділдерді қандай болашақ күтіп тұр? (Зәбүр 37:11, 29).
Қазір не істегеніміз дұрыс? (Зәбүр 37:34).
Киелі рухтың жетелеуімен жазылған Зәбүрдің 37-жырында “Ехобаға үміт артып, оның жолымен жүретін” адамдарды жарқын болашақ күтіп тұрғаны айтылған. Ехоба куәгерлері осындай болашаққа өзіңіз де, отбасыңыз да қол жеткізе алуы үшін не істеу қажет екенін түсіндіріп беруге және сізбен Киелі кітапты зерттеуге қуанышты болады.