Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Үміт бар ма?

Үміт бар ма?

Бұл өмірде өлмейтін адам жоқ. Сонда өліммен бәрі біте ме? Өлген адам мәңгіге ұмыт бола ма? Әлде қандай да бір үміт бар ма?

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ АЙТАРЫ:

МАРҚҰМДАР ҰМЫТ БОЛМАЙДЫ

“Қабірдегілердің бәрі... шығады” (Жохан 5:28, 29).

Құдай өмірден өткен адамдарды ұмытпай, жадында сақтайды. Болашақта оларды өмірге қайтарады.

ЖЕР БЕТІНДЕ МАРҚҰМДАР ҚАЙТА ТІРІЛЕДІ

“Құдай әділдерді де, әділетсіздерді де қайта тірілтеді” (Елшілердің істері 24:15).

Болашақта дүниеден озған миллиардтаған адам қайта тіріліп, мәңгі өмір сүруге үмітті болады.

ҚАЙТА ТІРІЛУ — АҚТАЛАТЫН ҮМІТ

“[Құдай] жұлдыздарды санайды, Әрқайсысын атымен атайды” (Зәбүр 147:4).

Сан жетпес жұлдыздардың атын білетін Құдайға қайта тірілетін адамдарды жадында сақтау қиын емес.