Киелі кітапта не делінген?
Дінді адам ойлап тапқан ба?
КЕЙБІР АДАМДАРДЫҢ ОЙЫНША, дінді адам ойлап тапқан. Ал басқалардың ойынша, Құдай дінді адамдарды өзіне жақындатып тарту үшін қолданады. Ал сіз не ойлайсыз?
КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:
“Құдайымыз әрі Әкеміздің көз алдында таза да арамдалмаған ғибадат” бар (Жақып 1:27). Таза да шынайы дін тек қана Құдайдан бастау алады.
КИЕЛІ КІТАПТА ТАҒЫ НЕ ЖАЗЫЛҒАН?
Құдайға ұнамды дін Киелі кітаптағы шындыққа негізделеді (Жохан 4:23, 24).
Адамның ой-пікіріне негізделген дінді ұстану — бекершілік (Марқа 7:7, 8).
Қандай да бір дінді ұстану міндет пе?
СІЗДІҢШЕ...
иә
жоқ
білмедім
КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:
“Сүйіспеншілікке және игі істерге талпындыру үшін, бір-бірімізге көңіл бөлейік. Кейбіреулер сияқты жиналыстарға бармай қалуды әдетке айналдырмайық” (Еврейлерге 10:24, 25). Бұдан көретініміз — Құдай өзіне ғибадат етушілердің қауым болып жиналғанын қалайды.
КИЕЛІ КІТАПТА ТАҒЫ НЕ ЖАЗЫЛҒАН?
Құдайға бірге ғибадат ететіндердің наным-сенімдері бірдей болу керек (Қорынттықтарға 1-хат 1:10, 11).
Құдай құптайтын діннің адамдары дүниежүзілік бауырластықты құрайды (Петірдің 1-хаты 2:17, сілтеме).