Киелі кітапта не делінген?
Уайым меңдегенде, Құдай Сөзі көмектесе ала ма?
Сіздің ойыңызша...
иә
жоқ
мүмкін
Киелі кітапта не делінген?
“Бар уайымдарыңды (Құдайға) артыңдар, себебі ол қамдарыңды ойлайды” (Петірдің 1-хаты 5:7). Киелі кітап Құдайдың уайымнан арылуға көмектесе алатынын кепілдік етеді.
Киелі кітапта тағы не жазылған?
Дұға етсеңіз, Құдайдан келетін тыныштыққа кенеліп, уайымыңызды сейілте аласыз (Філіпіліктерге 4:6, 7).
Ал Құдай Сөзін оқысаңыз, стресті жеңе аласыз (Матай 11:28—30).
Уайымнан құтылатын кез бола ма?
Кейбір адамдардың ойынша... уайым мен стресс — адам өмірінің ажырамас бөлігі. Ал басқалары одан жәннатқа барғанда ғана құтыламыз дейді. Ал сіз не ойлайсыз?
Киелі кітапта не делінген?
Құдай уайымға себеп болып отырған нәрсенің бәрін жояды. “Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (Аян 21:4).
Киелі кітапта тағы не жазылған?
Құдай Патшалығының қол астында адамдар еш алаңсыз, бейбіт өмір кешеді (Ишая 32:18).
Шектен тыс уайым мен стресс мәңгіге ұмыт болады (Ишая 65:17).