Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітапта не делінген?

Киелі кітапта не делінген?

Армагеддон деген не?

Кейбір адамдардың ойынша...

Бұл — ядролық қару-жарақтың не табиғи апаттың кесірінен болатын жаппай жойылу. Ал сіз не ойлайсыз?

Киелі кітапта не делінген?

Армагеддон бұл — бейнелі жер. Ол Құдіреті шексіз Құдайдың ұлы күні зұлымдарға қарсы жүргізетін соғысын білдіреді (Аян 16:14, 16).

Киелі кітапта тағы не жазылған?

  • Құдай Армагеддон шайқасында жерді жоймайды, қайта оны бүлдіретіндерді құртып, жерді аман сақтап қалады (Аян 11:18).

  • Армагеддон күллі жержүзіндегі соғыстарды тоқтатады (Зәбүр 46:8, 9).

Армагеддон шайқасында аман қалу мүмкін бе?

Сіздің ойыңызша...

  • Иә

  • Жоқ

  • Білмеймін

Киелі кітапта не делінген?

Әртүрлі ұлттан шыққан “ұлы жамағат” Армагеддон шайқасының алдында болатын “зор алапатта” аман қалады (Аян 7:9, 14).

Киелі кітапта тағы не делінген?

  • Құдай Армагеддон шайқасында мүмкіндігінше көп адамның аман қалғанын қалайды. Ол зұлымдарды басқа амал болмаған соң ғана жойып жібереді (Езекиел 18:32).

  • Армагеддонда қалай аман қалуға болатыны Киелі кітапта айтылған (Софония 2:3).