Ехоба куәгерлері туралы не білесіз?
Сіз Ехоба куәгерлерінің көшеде не үйден-үйге уағыздап жүргенін көрген шығарсыз. Олар туралы газет беттерінен оқып, адамдардан естіп те жүрген боларсыз. Алайда естігендеріңіз қаншалықты шындыққа жанасады?
БІЛІМІҢІЗДІ СЫНАП КӨРІҢІЗ
Рас-өтірігін тексеріңіз:
ШЫН ӨТІРІК
-
Ехоба куәгерлері — мәсіхшілер.
-
Ехоба куәгерлері креационизмге сенеді.
-
Ехоба куәгерлері дәрігерлерге жүгінбейді.
-
Ехоба куәгерлері Киелі кітаптың барлық бөлігін мойындайды.
-
Ехоба куәгерлері өздері аударған Киелі кітапты ғана қолданады.
-
Ехоба куәгерлері Киелі кітапты өз нанымдарына сай өзгертіп алған.
-
Ехоба куәгерлері қоғамдық шараларға араласпайды.
-
Ехоба куәгерлері өзге дін өкілдерін менсінбейді.
Жауаптары келесі беттерде жазылған.
-
Петірдің 1-хаты 2:21). Алайда христиан дінін ұстанатындардан айырмашылығымыз көп. Мысалы, біз Үштік іліміне, яғни Исаны қоса алғанда, Құдай үш тәңірден тұрады дегенге сенбейміз. Қайта, Киелі кітапта жазылғандай, Исаның Құдай ұлы екеніне сенеміз (Марқа 12:29). Сондай-ақ аруаққа және Киелі жазбалар Құдайдың адамдарды тозақта мәңгі қинайтынын растайды дегенге сенбейміз. Сонымен қатар діни жетекшілердің өздерін басқалардан жоғары қоятын лауазымдары болу керек дегенмен келіспейміз (Уағыздаушы 9:5; Езекиел 18:4; Матай 23:8—10).
1. ШЫН. Біз Иса Мәсіхтің жолымен жүруге және оның үйреткендеріне сай өмір сүруге тырысамыз ( -
2. ӨТІРІК. Біз барлығын да Алла Тағала жаратты деп сенеміз. Алайда креационизмді ұстанушылардың көзқарасын құптамаймыз. Себебі олардың көптеген ілімдері Киелі кітапқа қайшы келеді. Мысалы, олар бар тіршілік атаулы тура мағынадағы 24 сағаттан тұратын алты күнде жаратылды деп санайды. Бірақ Киелі кітапта кездесетін “күн” сөзі кейде айтарлықтай ұзақ уақыт аралығын білдіреді (Мұсаның 1-жазбасы 2:4; Зәбүр 90:4). Бұған қоса, креационизмге сенетіндердің кейбірі жер планетасы бірнеше мың жыл бұрын ғана пайда болған дейді. Алайда Киелі кітаптың айтуынша, жер шары мен ғалам тіршілік пайда болғаннан ұзақ уақыт бұрын жаратылған 1 (Мұсаның 1-жазбасы 1:1).
-
3. ӨТІРІК. Біз медициналық емнен бас тартпаймыз. І ғасырда өмір сүрген мәсіхші Лұқаның дәрігер болғанындай, бүгінде Ехоба куәгерлерінің арасында да медицина мамандары жоқ емес (Қолостықтарға 4:14). Алайда біз Киелі кітапқа қайшы келетін емшаралардан бас тартамыз. Мысалы, қан құйдырмаймыз, өйткені Киелі жазбаларда ағзаға қан қабылдауға тыйым салынады (Елшілердің істері 15:20, 28, 29).
Біз жеке өзіміз және үй-ішіміз үшін мүмкіндігінше ең сапалы ем түрін таңдаймыз. Айта кететін бір жайт, Ехоба куәгерлерін емдеу кезінде ойлап табылған қан жоғалтпау әдістері қазір кең қолданылуда. Бүгінде көп елде қансыз ем түрі қолжетімді болып отыр. Осы ем түрін таңдағандар қан арқылы жұғатын ауруларды, иммунды жүйенің реакциясын не ота кезінде абайсыздан жасалатын қателіктерді айналып өтеді.
-
4. ШЫН. Біз “Киелі жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылғанына” әрі өмірде тигізер пайдасы көп кітап екеніне кәміл сенеміз (Тімөтеге 2-хат 3:16). Көпшілік Киелі кітапты Көне өсиет және Жаңа өсиет деп бөледі. Бірақ біз бұл екі бөлікті Еврей жазбалары және Грек жазбалары деп атаймыз. Осылайша Киелі кітаптың кей бөліктері көнерген не еш пайдасы жоқ деген ойды жоққа шығарамыз.
-
Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасын” аса бағалаймыз. Себебі онда Құдайдың есімі қолданылған әрі тура да түсінікті аударылған. Сол аудармада Ехоба деген Құдайдың есімі жазылғаны — көңіл қоярлық жайт. Мысалы, Киелі кітаптың өзге бір аудармасын алып қарайық. Оның алғашқы бетіндегі кіріспеде сол аударманы жасауға қатысқан 79 кісінің аты-жөні келтіріледі. Алайда сол кітаптың авторы Ехоба Құдайдың есімі аудармадан алынып тасталынған! Ал “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасында” Құдайдың есімі өз орнына, 7000-нан аса жерге, қойылған 2. Бұл Киелі кітаптың түпнұсқасына сай жасалды.
5. ӨТІРІК. Біз Киелі кітаптың түрлі аудармаларын қолданамыз. Солардың ішінде әсіресе “ -
6. ӨТІРІК. Біз Киелі кітапты емес, қайта, түсінігімізді соған сай өзгертеміз. “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы” 1950 жылы ғана жарық көрді. Алайда біз оған дейін де Киелі кітаптың қолда бар аудармаларын қолданып, нанымдарымызды соларға сәйкес қалыптастырғанбыз.
-
7. ӨТІРІК. Біз атқаратын қызметтің қоғамға тигізер пайдасы көп. Мысалы, біз көп адамға нашақорлық пен маскүнемдік сияқты жаман әдеттен арылуға көмектестік. Дүниежүзі бойынша жүргізіп жатқан сауат ашу дәрістеріміздің арқасында мыңдаған адам оқу мен жазуды үйренді. Сондай-ақ жер-жерлерде табиғи апаттан зардап шеккен Ехоба куәгерлері мен басқа да адамдарға көмек көрсетіп келеміз. Біз осындай қиын шақтарда олардың жанынан табыламыз, әрі рухани жағынан қолдау көрсетеміз 3.
-
8. ӨТІРІК. Біз Киелі кітаптағы “әркімге тиісті құрмет көрсетіңдер” деген кеңеске сай өмір сүреміз (Петірдің 1-хаты 2:17). Сондықтан өзге дін өкілдеріне де құрметпен қараймыз. Мысалы, кей елдерде жүз мыңдаған Ехоба куәгері бар. Десе де олар билік өкілдері мен заңға жүгініп, өзге дінді ұстанушылардың құқығына шек келтіруге не істеріне тыйым салуға тырыспайды. Бұған қоса, біз өнегелік және діни ұстанымдарымызды қоғамға ендіру үшін билік басындағыларға заң қабылдатуға тырысып-бақпаймыз. Басқа дін өкілдерінің бізге діни төзімділік танытқанын қалайтынымыздай, өзіміз де оларға сондай төзімділік танытамыз (Матай 7:12).
Бұл мақалада jw.org/kk ресми сайтымыздағы мәліметтің біразы келтірілген. Көбірек білу үшін мынаны қараңыз: БІЗ ЖӨНІНДЕ/ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР.
^ 1. Біз креационистердің ілімін құптамаймыз. Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, жер миллиардтаған жыл бұрын жаратылса керек деген болжаммен келісеміз.
^ 2. “Жаңа дүние аудармасының” тағы бір ерекшелігі — ол тегін таратылады. Осының арқасында оны миллиондаған адам ана тілінде оқи алады. Бүгінде “Жаңа дүние аудармасы” шамамен 130 тілде бар. Оны www.pr418.com/kk сайтынан онлайн оқи аласыз.
^ 3. Келіп түскен ерікті садақа табиғи апаттан жапа шеккендерге көмектесуге де жұмсалады (Елшілердің істері 11:27—30). Мұндай жұмысты ерікті қызметшілер атқарады әрі олар өз қаржы-қарекеттерін жұмсайды. Сондықтан бөлінген қаржы тек жапа шеккендер үшін жұмсалады.