Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

БАҚЫТҚА БАСТАР ЖОЛ

Бақытқа бастар жол

Бақытқа бастар жол

СІЗ ӨЗІҢІЗДІ БАҚЫТТЫ АДАМ САНАЙСЫЗ БА? Сізді бақытты ететін не? Отбасыңыз ба, жұмысыңыз ба, әлде Құдайға құлшылық ететініңіз бе? Бәлкім, өзіңізді бақытты ететін сәтті әлі күтіп жүрген шығарсыз? Мысалы, оқуды бітіретін, жақсы жұмысқа тұратын не көлік сатып алатын күнді.

Адамдардың көбісі ұмтылған мақсаттарына не армандаған дүниелеріне қол жеткізгенде ғана өздерін бақытты сезініп жатады. Бірақ мұндай бақыт қанша уақытқа созылады? Көп жағдайда ол ұзаққа бармай, соңында адамның көңілін қалдырып жатады.

Бақыт дегеніміз — ішкі жан дүниенің күйі. Оған тұрақтылық, қанағат сезімінен бастап зор қуанышқа дейінгі сезімдер және бұлар ешқашан сарқылмаса екен деген қалау тән.

“Құс ұшуға жаралған, адам бақытты болуға жаралған”,— дейді халық мәтелі. Бақытқа баяндылық тән болғандықтан, оны көздеген мақсатқа, яғни мәре сызығына жетумен емес, ұзақ сапармен салыстыруға болады. “Мен пәлен-түгенге қол жеткізгенде ғана бақытты боламын” десек, былайша айтқанда, бақытты кейінге ысырып жатқандай боламыз.

Бақытты жақсы денсаулықпен салыстырып көрейік. Деніміз сау болу үшін әдетте біз не істейміз? Дұрыс тамақтанамыз, жаттығу жасаймыз, салауатты өмір салтын ұстанамыз. Бақытпен де солай. Ол дұрыс өмір жолын таңдап, дұрыс қағидаларға сай жүріп-тұрудан туындайды.

Бақытқа бастайтын қандай қасиеттер мен қағидалар бар? Олардың кейбіреуі мыналар:

  • ҚАНАҒАТ ПЕН ЖОМАРТТЫҚ

  • ДЕНСАУЛЫҚТЫ КҮТУ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙҒА БЕЙІМДЕЛУ

  • СҮЙІСПЕНШІЛІК

  • КЕШІРІМДІЛІК

  • ӨМІРДІҢ МӘНІН ТАБУ

  • ҮМІТ

Даналыққа толы өте беделді бір кітапта: “Мінсіз жолмен жүретіндер... бақытты”,— делінген (Киелі кітап, Зәбүр 119:1). Енді осы жол туралы қарастырайық.