Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

АЛАСАПЫРАН ЗАМАН

1. Денсаулығыңызды күтіңіз

1. Денсаулығыңызды күтіңіз

БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Апаттар мен дағдарыс сияқты дүрбелең жағдайлар адам денсаулығына тікелей де, жанама түрде де кері әсерін тигізеді. Мысалы:

  • Адамды стреске душар етеді. Ал ұзаққа созылған стресс денсаулықты әлсіретіп, түрлі ауруға шалдықтырады.

  • Ауруханалар науқас не жарақаттанған адамдарға лық толып, медициналық қызметтер шектелуі және дәрі-дәрмек тапшы болып қалуы мүмкін.

  • Қаржылай қиындықтар туындап, біреулер тіпті ішер ас пен қажетті дәріге қол жеткізе алмай қалуы мүмкін.

Нені ескерген жөн?

  • Ауыр дерті бар не стресте жүрген адам жағдайды дұрыс бағамдай алмауы мүмкін. Нәтижесінде ол денсаулығына немкетті қарап, халін одан сайын нашарлатып алады.

  • Қажетті ем қабылдамаған соң, ауруы асқынып, тіпті өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

  • Тәні саудың — жаны сау. Денсаулыққа көңіл бөліп, сақтансаңыз, төтеннен келген апаттарда сабыр сақтап, дұрыс әрекет ете аласыз.

  • Денсаулықты күту өз қолыңызда, ол қалтаңыздың қалың я жұқалығына байланысты емес.

Сақтанғанды Құдай сақтайды

Ақылды адам қауіпті жағдайды көре біліп, одан айналып өтудің бар амалын жасайды. Бұның денсаулыққа да қатысы бар. Гигиеналық шараларды ұстансаңыз, аурудың не асқынудың алдын аласыз. Ауырып ем іздегеннен ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда жақсы.

“Өзімізді де, үйімізді де таза ұстасақ, дәрігер мен дәрі-дәрмекке кететін шығындарды анағұрлым үнемдейтін боламыз” (Андреяс) a.

a Осы журналдағы кейбір есімдер өзгертілген.