Адамның өз-өзіне деген сый-құрметі қайда қалды?
ӨЗ-ӨЗІҢДІ ҚҰРМЕТТЕУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?
Өз-өзін құрметтей білетін адам кез келген қиындыққа дайын болып, оңайлықпен беріле қоймайды.
-
Зерттеулер көрсеткендей, өздерін түкке тұрғысыз санайтын адамдар уайымшыл келеді, депрессияға тез шалдығады және дұрыс тамақтанбайды. Сондай-ақ олар есірткі қабылдап, ішімдікке салынып кетуі мүмкін.
-
Өз-өзін құрметтейтін адам өзін басқалармен салыстырмайды. Сондықтан басқалармен тез тіл табысып, жақын дос болып кетеді. Ал өз-өзін бағаламайтын адам мін таққыш келеді, соның кесірінен біреумен достасуы қиын.
-
Өзін бағалайтын адам қиындыққа мойымайды. Ол сәтсіздікке кезіксе де, еш берілмей, мақсаттарына қарай ұмтыла береді. Ал өз қадірін білмейтін адам кішкентай сәтсіздіктің өзін үлкен кедергі көріп, тез беріле салады.
БЫЛАЙ ЕТІП КӨРІҢІЗ
Жақсы достар таңдаңыз. Қадіріңізді түсіретін емес, керісінше, қамыңызды ойлайтын, сізді құрметтейтін адамдармен араласыңыз.
Өзгелерге көмектесіңіз. Тіпті жақсылығыңыз қайтпаса да, өзгелерге жақсылық жасай берсеңіз, бұдан бақыт табасыз. Басқалар жақсы істеріңізді байқамаған күнде де қуанышыңыз еш ортаймайды.
Балаларыңызға өз-өзін құрметтеуді үйретіңіз. Оларға шамаларына қарай өз қиындықтарын өздері шешуіне мүмкіндік беріңіз. Осылай олар қиындықтарды шешуді, олармен күресуді үйренеді. Соның арқасында олардың өз-өздеріне деген сый-құрметі артады әрі ересек өмірге дайын болады.
БІЗДІҢ ҚОСЫП ЖҮРГЕН ҮЛЕСІМІЗ
Ехоба куәгерлерінің қауым кездесулері мен Киелі кітап курсы адамдардың өмірін жақсартуда. Ал бұдан олардың өз-өздеріне деген құрметі де артып жатыр.
АПТА САЙЫНҒЫ КЕЗДЕСУЛЕРІМІЗ
Апта сайынғы кездесулерімізде Киелі кітапқа негізделген баяндамалар айтылады және жиі онда өз-өзімізді құрметтеуге қатысты жақсы кеңестер беріледі. Кездесулерімізге кіру тегін әрі барлық адамға есік ашық. Кездесулерімізде келесідей сұрақтардың жауабын таба аласыз:
-
Құдай менің қамымды ойлай ма?
-
Өмірдің мәні неде?
-
Шынайы достарды қалай табуға болады?
Ехоба куәгерлерінің кездесулеріне келсеңіз, “бір-бірін қамқорлайтын” нағыз достар таба аласыз (Қорынттықтарға 1-хат 12:25, 26).
Кездесулеріміз жайлы толығырақ білу үшін, jw.org сайтынан “Патшалық сарайында не үшін жиналамыз?” деген видеоны көріңіз.
КИЕЛІ КІТАП КУРСЫМЫЗ
Ехоба куәгерлері тегін интерактивті Киелі кітап курсын ұсынады. Бұл курс “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабымен өтеді. Онда Киелі кітаптан үзінділер, ұтымды сұрақтар мен ақылға қонымды дәлелдер келтіріледі. Сондай-ақ бұл кітап қызықты видеолар мен әдемі суреттерге толы. Киелі кітап курсымыздың арқасында адамдар өмірлерін жақсы жаққа өзгертіп, өз-өздеріне деген сый-құрметтерін арттырып жатыр.
Киелі кітап курсымыздың пайдасы жайлы білу үшін, jw.org сайтынан “Киелі кітапты оқудың қандай пайдасы бар?” деген видеоны көріңіз.