ЖАРАТЫЛЫС ҒАЖАЙЫПТАРЫ
Бал арасының қонуы бір өнер
БАЛ АРАСЫ көздеген жеріне кез келген тұстан келіп, оп-оңай қона береді. Мұны ол қалай істейді?
Көңіл қоярлық жайттар. Бал арасы ұшу жылдамдығын кемітіп келіп, кідіре қалады да, ойдағыдай қонады. Қарапайым, сөйте те тұра күрделі бұл әрекет екі нәрсені, яғни ұшу жылдамдығы мен қону арақашықтығын есептей білуді талап етеді. Алайда бір қызығы — көп жәндіктің көзі бір-біріне жақын орналасатындықтан, оларға арақашықтықты сезу дарымаған.
Адамдарда бинокулярлы, яки екі көзбен бірдей көру қабілеті дамыған болса, араның көзі мүлдем өзгеше. Бал аралары нысанаға жақындап келе жатқандарын оның үлкейе түскенінен ғана білсе керек. Олар діттеген жеріне жақындаған сайын ол жердің көлемі де жылдам үлкейе береді. Австралия ұлттық университетінде жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша, әлгі сары ала жәндіктер кескіннің үлкейе түскеніне қарай ұшу қарқындарын да азайта түседі екен. Ал діттеген жеріне тақалғанда жылдамдығын нөлге дерлік кемітіп, аман-есен қонады екен!
Бір ғылыми журналда мынадай мәлімет келтірілді: “Осындай қарапайым да тиімді қону әдісі бүгінде ұшатын роботтардың бағыт-бағдар жүйесін жетілдіруге көмектесуде” (“Proceedings of the National Academy of Sciences”).
Сіз қалай ойлайсыз? Бал арасының қону қабілеті эволюция барысында дамып жетілді ме, әлде оны Жаратушы дарытқан ба?