Сөз алды
Тәрбиенің 6 тірегі
Балаңыздың қандай адам болып өскенін қалайсыз?
Ұстамды
Кішіпейіл
Төзімді
Жауапты
Ақыл тоқтатқан
Адал
Бұл қасиеттер баланың бойында өздігінен пайда болмайды. Оған ата-ананың көмегі керек.
Бұл журналда баланың мінезін тәрбиелеуге көмектесетін алты кеңес берілген. Баланы ересек өмірге дайындайтын бұл алты кеңес — алтын баспалдақтар.