3-КЕҢЕС
Қиындыққа мойымауды үйрету
МОЙЫМАУ ДЕГЕН НЕ?
Мойымайтын адам қиыншылықтарға тап болғанда түңіліп кетпей, есін тез жияды. Әрине, бұл — өмірлік тәжірибе арқылы келетін қасиет. Бала қайта-қайта құлап барып жүруді үйренетіні сияқты, адам да көп құлап жетістікке жетуді үйренеді.
НЕЛІКТЕН МОЙЫМАУ МАҢЫЗДЫ?
Кейбір балалар сәтсіздікке, қиындыққа ұшырағанда немесе сын-ескертулер естігенде, көңілдері түседі. Өзгелері болса біржола түңіліп кетеді. Алайда олар мына жайттарды түсіну керек:
-
Өмірде сәттілік пен сәтсіздік қатар жүреді (Жақып 3:2);
-
Қиыншылықтар ешкімді айналып өтпейді (Уағыздаушы 9:11);
-
Сын-ескертулер адамды ширатады (Нақыл сөздер 9:9).
Балаңыз қиыншылыққа мойымай, есін тез жиюды үйренсе, алдағы өмірдің соқпақтарын қайыспай қарсы алады.
МОЙЫМАСТЫҚҚА БАУЛУ
Балаңыз сәтсіздікке ұшырағанда
КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Әділ жан жеті рет құласа да, қайтып тұрар, Ал зұлым адам апат кезінде сүрініп құлар” (Нақыл сөздер 24:16).
Балаңызға туындаған қиыншылыққа дұрыс баға беруге көмектесіңіз. Мысалы, балаңыз мектептегі емтиханнан құласа, қалай әрекет етеді? Бәлкім, ол налып: “Мен өмірі қателесемін де жүремін”,— дейтін шығар.
Балаңызға мойымауды үйрету үшін келесі жолы жағдайды қалай түзетуге болатынын бірге ойластырып көріңіз. Сонда ол қиыншылығының құрбаны болып қайғырудың орнына, жағдайды өз қолына алып, реттеуге тырысады.
Алайда балаңыздың қиындығын өзіңіз шешіп тастамаңыз. Қайта, оған шешудің амалдарын табуға көмектесіңіз. Одан былай деп сұрасаңыз болады: “Осы сабақты жақсырақ оқу үшін не істесең болады?”
Қиыншылықтар төнгенде
КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Сендер ертең өмірлеріңде не болатынын білмейсіңдер” (Жақып 4:14).
Өмір болған соң әртүрлі жағдай болады. Бүгін бай болған адам ертең тақыр кедейге айналуы мүмкін. Сап-сау жүрген адам ертең төсек тартып Уағыздаушы 9:11).
жатып қалуы мүмкін. Киелі кітапта “жарыста жүйрік, шайқаста күшті әрдайым жеңе бермейді” деген нақыл бар. Неге дейсіз ғой? Себебі адам “уақыт пен кездейсоқ жағдайларға тап болып жатады” (Бауыр етіңіз болғандықтан, балаңызды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіргіңіз келетін шығар. Алайда сіз балаңызды өмірдің барлық қиындықтарынан қорғаштап қала алмайсыз. Бұл — өмірдің шындығы.
Мысалы, досымен ұрысып қалса немесе жақын туысыңыз қайтыс болса, балаңыз қайғыруы мүмкін. Сондайда оған өз-өзіне келуге, сол қиындықты еңсере білуге көмектесіңіз. Осылайша ол қиыншылықтарды шешуді үйренеді. Ал есейгенде жұмыс жоғалту я ақшадан қысылу сияқты қиындықтарды оңай шешетін болады *.
Балаңызға сын-ескертулер айтылғанда
КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Кеңесті тыңда... Сонда дана боларсың алдағы уақытта” (Нақыл сөздер 19:20).
Жөнделетін жағына нұсқап, балаңызға біреу сын-ескерту айтса, бірден “баламды қорқыту үшін немесе көңіліне тию үшін айтып жатыр” деп ойламаңыз. Қайта, ол жақсы болсын деп айтып жатқан түрі ғой.
Сын-ескертулерді дұрыс қабылдауды үйреткеніңіз өзіңізге де, балаңызға да көп пайда әкеледі. Бір әке былай дейді: “Өз қателігін түзетпейтін бала еш нәрсеге де үйрене алмайды. Шешудің орнына бір қиындықтан бір қиындыққа секіріп жүре береді. Ал сіз өмір бақи оның артын жауып жүресіз. Ал бұдан ата-ана да, бала да бақыт таппайды”.
Мініне сын айтылғанда, балаңыз бұның пайдасын көру үшін сіз оған қалай көмектесе аласыз? Кеңесті кім айтса да, “балам, бұның саған қатысы жоқ” деп айтудан аулақ болыңыз. Оның орнына, былай сұрасаңыз болады:
-
Бұл кеңесті не үшін айтты деп ойлайсың?
-
Қалай жақсара аласың?
-
Келесіде тура сондай жағдайға түскенде, не істейсің?
Сын-ескертулер, кеңестер балаға қазір ғана емес, есейгенде де көп пайдасын тигізбек.
^ 21-абзац “Күзет мұнарасының” 2008 жылы қазан айында жарық көрген “Балаңызға қайғымен күресуге көмектесіңіз” деген мақаланы қарасаңыз болады.