5. Қайғы-қасірет тоқтай ма?
Ақиқатын анықтайық
Егер қайғы-қасіреттің тоқтайтыны рас болса, онда бұл біздің өмірге деген және Құдайға деген ойымызды өзгертеді.
Ойлап көріңіз
Қайғы-қасіретті тоқтатқысы келмейтін адам жоқ шығар. Бірақ адамдардың қолынан келетіні шамалы ғана. Бұған бірер мысал:
Медицина саласындағы жетістіктерге қарамастан...
-
жүрек ауруы әлі де көп адамның өмірін қиюда.
-
қатерлі ісіктен жыл сайын миллиондаған адам көз жұмуда.
-
“Бұл әлем емі жоқ аурулардан, жаңадан пайда болған және қайта шыққан бұрынғы жұқпалы аурулардан көз ашпай келеді”,— деп жазды Дейвид Блум есімді дәрігер (“Frontiers in Immunology” журналы).
Кей елдердің бай болғанына қарамастан...
-
әр жылда балалар миллиондап өледі, әсіресе кедей аймақтарда бала өлімі көп.
-
4,5 миллиард адам санитарлық жағдайы өте нашар жерде тұрады.
-
жүз миллиондаған адам таза ауызсуға жарымай жүр.
Адам құқықтарын жақсы білетіндер көбейсе де...
-
көп елде адам саудасы әлі де өршіп тұр. БҰҰ-ның бір есебінде айтылғандай, “билік басындағылар осындай қылмысқа көз жұмып отырғандықтан немесе онымен күресуге дәрменсіз болғандықтан”, қылмыскерлер жазасыз қалып жатыр.
КӨБІРЕК БІЛГІМ КЕЛЕДІ ДЕСЕҢІЗ
jw.org сайтынан “Құдай Патшалығы деген не?” видеосын қараңыз.
Киелі кітаптың жауабы
Құдай біздің қамымызды ойлайды.
Ол біздің мұң-мұқтаждығымызға бейжай қарамайды.
“Ол (Құдай) қаналғанның қасіретін елеусіз қалдырмады, одан жиренбеді. Одан жүзін жасырмады, Көмек сұрап жалбарынғанда, құлақ салды” (ЗӘБҮР 22:24).
“Бар уайымдарыңды оған артыңдар, себебі ол қамдарыңды ойлайды” (ПЕТІРДІҢ 1-ХАТЫ 5:7).
Қайғы-қасірет шексіз жалғаса бермейді.
Киелі кітап Құдайдың адамзатқа қатысты ниеті жүзеге асатынын уәде етеді.
“Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (АЯН 21:4).
Құдай қайғы-қасіреттің тамырына балта шабады.
Ол мұны өзінің үкіметі, яғни Патшалығы арқылы жүзеге асырады.
“Сол патшалардың күндерінде көктегі Құдай ешқашан жойылмайтын патшалық орнатады. Бұл патшалық басқа халықтың қолына өтпейді. Ол... өзі мәңгі тұрады” (ДАНИЯЛ 2:44).