Уақыт өтсе де, құны кетпес кітап
Көпшілік Киелі жазбаларды * қасиетті кітап деп біледі. Алайда ол Құдайға қалай мінажат етуді ғана үйретпейді. Онда күнделікті тыныс-тіршілігімізге керекті пайдалы кеңестер де баршылық.
Мұның растығын Киелі кітапты оқып, ақыл-кеңестерінің пайдасын көрген адамдардың өздері айтып берсін:
“Қазіргі өмірім әлдеқайда орныққан. Ішкі дүнием мен эмоциялық күйім оңалып келеді. Өзімді бұрынғыдан бақыттырақ сезінемін” (Фиона).
“Киелі кітапты оқығанның арқасында өмірдің нағыз мән-мақсатын түсіндім” (Елена).
“Бұрынғы өмірім мен қазіргісін салыстырсам, жер мен көктей. Мен жұмысымды азайттым. Қазір отбасыма көбірек уақыт бөлемін” (Эндрю).
Бұл — Киелі кітаптың пайдасын көргендердің бірлі-жарым мысалы ғана. Ондағы нұсқаулардың игілігін көріп жүргендер бүкіл жержүзі бойынша көптеп табылады.
Осы журналдан сіз өмірдің мына салаларында Киелі кітаптың кәдеге жарар кеңестерін біле аласыз:
Тән саулығы
Жан саулығы
Отбасымыз бен достарымыз
Қаражатты жұмсай білу
Құдайға жақындау
Құдайдан келген бұл қасиетті кітаптың пайдасын күнделікті өміріңізде айқын көре аласыз.
^ 2-абзац Тәурат, Зәбүр, Інжіл кітаптары кіретін қасиетті жазбалар яки Библия.