“Өзім мұқтаж нәрселердің бәрін де таптым”
“Өзім мұқтаж нәрселердің бәрін де таптым”
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК денсаулық сақтау ұйымының есебіне сәйкес қазір бүкіл жер бетінде 120 миллион адам жан күйзелісіне түсуде. Жыл сайын 10—20 миллион адам өз өмірімен қоштасуға тырысса, соның ішінде бір миллион адам өзін-өзі мерт қылуда. Жан күйзелісінен азап шегіп жатқандарға қалай көмектесуге болады? Дәрігерлік көмек азап шеккендердің жағдайын жеңілдетеді, алайда эмоциялық көмектің де рөлі маңызды. Еңсесі түскендердің кейбіреулері, Франциядан келген мына хатта жазылғандай, Ехоба Куәгерлерінің Киелі кітапқа негізделген әдебиеттеріндегі кеңестерден көмек тапқан.
“Жақында ғана маған әрі қарай өмір сүрудің қажеті жоқтай болып көрінген еді. Мен Құдайдан өлім тіледім. Өзімді жан дүнием өлгендей сезіндім. Басшылық іздеп, Ехобаға шын жүректен дұға еттім. Сонымен қатар мен Ехоба Куәгерлерінің 2002 жылғы жылнамасын оқып шығуды жөн көрдім де, оны үш күнде оқып шықтым. Бұл мені қатты жігерлендіріп, сенімімді нығайтты.
“Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналдарын аздап зерттегеннен соң, менің қалай таңқалғанымды білсеңіз! Мен бұл журналдарды 15 жылдан бері үзбей оқып келе жатсам да, ішіндегі мақалалардың осыншалықты жігер бере алатынын және қызықты екенін толық түсінбеппін. Бұл журналдар — біздің күндерімізде өте сирек кездесетін қасиет — сүйіспеншілікке толы. Өзім мұқтаж нәрселердің бәрін де таптым”.
Киелі кітап былай дейді: “Тәңір жүрегі жаралыларға жақын және еңсесі түскендерді қорғайды” (Забур 34:18, ЖД). “Жүрегі жаралылар да”, “еңсесі түскендер де” Киелі кітаптан нағыз жігер мен болашаққа деген үміт таба алады. Ехоба Куәгерлері мұқтаж адамдарға көмек ретінде Киелі кітапқа негізделген және нағыз жұбаныштың көзі болып табылатын әдебиеттер таратуда.