Есіңде ме?
“Күзет мұнарасының” соңғы сандары саған ұнаған болар. Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көр:
Иса “қапастағы рухтарға” қашан уағыздаған? (Пет. 1-х. 3:19)
Иса қайта тірілгеннен кейін, зұлым рухтарға олардың лайықты жазаларын алатынын жариялады (15.6. 23-бет).
Екінші рет құрған некеде бақытты болу үшін қандай үш қадам жасау қажет?
Біріншіден, қазіргі некені бұрынғы некемен салыстырмау керек. Екіншіден, жұбайыңыздың бұрыннан танитын достарымен араласқаныңыз жөн. Үшіншіден, бірінші жұбайыңыз адал болмаса да, қазіргі жұбайыңызға сенім артуға тырысыңыз (1.7. 9, 10-беттер).
Иса қашан адамдарды қойлар мен серкелерге бөліп соттайды? (Мат. 25:32)
Жалған діндер жойылып, зор алапат басталған соң, Иса адамдарды соттауға келеді. Бұл сол кезде орын алады (15.7. 6-бет).
Бидай мен арамшөп жайлы мысалдағы заңсыздық жасайтындар қашан зар еңіреп, қинала тістенетін болады? (Мат. 13:36, 41, 42)
Олар зор алапат кезінде аман қалмайтындарын түсінгенде осылай ететін болады (15.7. 13-бет).
Исаның адал да ақылды құл жайлы айтқан сөздері қашан орындала бастады? (Мат. 24:45—47)
Исаның сол сөздері б. з. 33 жылы Елуінші күн мейрамында емес, 1914 жылдан кейін орындала бастады. 1919 жылы адал да ақылды құл қожайынның үйіндегі басқа құлдарға, яғни барлық мәсіхшілерге, рухани ас-суды беріп тұруға тағайындалды (15.7. 21—23 беттер).
Иса адал да ақылды құлды бүкіл меншігіне қашан қараушы етіп тағайындайды?
Бұл зор алапат кезінде адал да ақылды құл көктегі сыйын алғанда орын алады (15.7. 25-бет).
Киелі кітапта кейбіреулердің есімінің аталмауы олардың жағымсыз я маңызсыз тұлғалар болғанын білдіре ме?
Жоқ, олай емес. Киелі кітапта кейбір жақсы да, жаман да тұлғалардың есімдері аталмаған (Рут 4:1—3; Мат. 26:18). Сондай-ақ Жазбаларда екі ғана адал періштенің аты аталған (1.8. 10-бет).
Құдайдың күш беруімен қатар, 230 Куәгерге Заксенхаузен концлагерінен шығып, ұзақ та азапты шеруді жүріп өтуге тағы не көмектесті?
Ауру мен аштықтан әлсіреп қалғандарына қарамастан, олар үнемі бір-біріне жігер беріп, қолдау көрсетіп отырды (15.8. 18-бет).
Уәде етілген жерге бет алған исраилдіктердің Иордан өзенінен өтуі бізді қалай жігерлендіреді?
Өзеннің арнасынан тасып жатқанына қарамастан, Ехоба оның суын бөгеп қойды. Осылайша исраилдіктер өзеннен аман-есен өте алды. Бұл исраилдіктердің сенімін нығайтып, Ехобаға көбірек арқа сүйеуге талпындырғаны шүбәсіз. Осы оқиғаның бізді де жігерлендіретіні анық (15.9. 16-бет).
Киелі кітапта әртүрлі түстердің жиі аталуынан нені көруге болады?
Бұдан мынаны көреміз: Құдай түстердің біздің эмоциямызға әсер ететінін және бейнелерді есте сақтауға көмектесетінін жақсы түсінеді (1.10. 14, 15-беттер).
Миха 5:5-тегі басқарушылар мен әміршілер жайлы пайғамбарлық бүгінде қалай орындалуда?
Миха 5:5-тегі жеті басқарушы мен сегіз әмірші қауымдағы тағайындалған ақсақалдарға нұсқайды. Олар Құдай халқын өздеріне қарсы жасалатын алдағы шабуылға дайындап нығайтуда (15.11. 20-бет).
Біздің Құдайға мұқтаж болуымыздың кейбір себептері қандай?
Біз жақсы басшылықты қажет етеміз әрі маңызды сұрақтардың жауабын алғымыз келеді. Құдай бізге осы екі нәрсені де ұсынып отыр. Бақытты болуымыз үшін ол бізге қол ұшын береді. Сондай-ақ ол болашақта өзінің Сөзінде жазылған барлық уәделерін орындайды (1.12. 4—6 беттер).