КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ (ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН) Наурыз 2014
Журналдың осы санында жанқиярлық рухын және өзімізге қатысты оң көзқарасты қалай сақтауға болатыны қарастырылады. Қарт бауырластарға және қарт ата-анамызға қалай күтім жасауымызға болады?
Куәгер емес туыстарымыздың жүрегіне қалай әсер ете аламыз?
Исаның туыстарына қалай қарағанынан көп нәрсеге үйренуге болады. Басқа дінді ұстанатын не мүлдем Құдайға сенбейтін туыстарымызға сеніміміз жайлы қалай айта алатынымызды көрейік.
Жанқиярлық рухын қалай сақтай аламыз?
Жанқиярлық рухын білдіртпей тұншықтыратын жауымыз бар. Осы мақалада бұл қандай жау екені және Киелі кітапқа жүгіне отырып, онымен қалай күресе алатынымыз қарастырылады.
Оң көзқарас сақтауға не көмектеседі?
Неге көп адамға кері ойлармен күресуге тура келеді? Осы мақалада өзімізге қатысты оң көзқарас сақтауға Киелі кітаптың қалай көмектесе алатыны қарастырылады.
Отбасылық ғибадат. Қызықтырақ етіп өткізе аласыңдар ма?
Отбасылық ғибадаттың әртүрлі елде қалай өтіп жүргені жайында оқып біліңіз.
Араларыңдағы қарт бауырластарды құрметтеңдер
Құдай қарт адамдарға қалай қарайды? Есейген балалардың жастары келген ата-аналарының алдында қандай борыштары бар? Қауымдағылар араларындағы егде тартқан бауырластарға қалай құрмет көрсете алады? Осы сұрақтардың жауабын қарастырып көрейік
Қарт бауырластарға қалай қамқорлық көрсетуге болады?
Қарт ата-аналар мен олардың есейген балалары “азапты күндер” келмей тұрып, соған қалай дайындалуға болатыны жайлы ақылдасып, алдын ала қажетті шешімдер қабылдай алады. Күтім жасаумен байланысты кейбір қиындықтарды қалай шешуге болады?
Сөз берген болсаң, “иә дей тұра, жоқ” дейсің бе?
Мәсіхшілер берген уәделерінде тұрулары және “иә дей тұра, жоқ” демеулері қажет. Ал егер келісімді бұзуға мәжбүр болсақ ше? Елші Пауылдың жағдайын қарастырайық.