Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Есіңде ме?

Есіңде ме?

“Күзет мұнарасының” соңғы сандары саған ұнаған болар. Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көр:

14 нисан күні Құтқарылу мейрамының тоқтысы қай кезде сойылған?

Кейбір Киелі кітап аудармаларында “екі кештің арасында” деген тіркес “ақшам мезгілде” не “кешкі ымырт түскенде” деп те тәржімеленеді. Яғни, күн батқаннан кейін, бірақ толық қараңғы түспеген кезде (Мыс. ш. 12:6). (15.12. 18, 19-беттер).

Жастарға дана шешімдер қабылдауға Киелі кітаптағы қандай принциптер көмектеседі?

Көмек болатын үш принцип бар: 1) Құдай Патшалығы мен оның әділдігін бірінші орынға қой (Мат. 6:19—34). 2) Басқаларға қызмет етуден қуаныш тап (Ел. іс. 20:35). 3) Жастық шақта Ехобаға қызмет етудің қызығын көр (Уағ. 12:1). (15.1. 19, 20-беттер).

1914 жылдан бері шауып келе жатқан төрт салт атты нені білдіреді?

Ақ боз атта отырған Иса көкті Шайтан мен оның жын-перілерінен тазарту үшін әрекет етті. Оттай қызыл атта отырған салт атты адамзатқа көп қайғы әкелетін соғыстарды білдірсе, қара атқа мінген салт атты аштықты білдіреді. Сұп-сұр атта отырған салт атты індеттер жіберу арқылы миллиондаған адамға өлім әкелуде (Аян 6:2—8). (1.2. 6, 7-беттер).

“Тоқтының үйлену салтанаты” қашан болады? (Аян 19:7).

Патша Иса Мәсіх толықтай жеңіске жеткенде, яғни Ұлы Бабыл жойылып, Армагеддон шайқасы біткенде, “Тоқтының үйлену салтанаты” болады (15.2. 10-бет).

Исаның күндерінде өмір сүрген яһудилер неліктен Мәсіхті “күтіп жүрген”? (Лұқа 3:15).

Бірінші ғасырдағы яһудилер Даниялдың Мәсіхке қатысты пайғамбарлығын біз сияқты түсінді деп нақты айта алмаймыз (Дан. 9:24—27). Алайда олар періштелердің кейбір қойшыларға айтқан хабарламасы жайлы не Анна есімді пайғамбар әйелдің ғибадатханада кішкентай Исаға айтқан сөздері жайлы естіген болуы мүмкін. Сондай-ақ жұлдызшылар “Яһудилердің патшасы болатын баланы” іздеп келген болатын (Мат. 2:1, 2). Кейінірек, шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия Мәсіхтің жақында келетінін білдірген (15.2. 26, 27-беттер).

“Иә” дей тұра, “жоқ” деуден қалай аулақ бола аламыз? (Қор. 2-х. 1:18).

Кейбір жайттарға ықпал ете алмайтындықтан, сөзімізде тұру мүмкін емес кездердің болатыны рас. Алайда басқаларға сөз берген болсақ, қолдан келгенше уәдемізде тұруымыз керек (15.3. 32-бет).

Порнография көруге азғырылғанда берілмеуге не көмектеседі?

Бізге үш кеңес көмектеседі: 1) Эротикалық көріністі байқап қалсаң, назарыңды бірден басқа жаққа аудар. 2) Ойыңды таза сақтау үшін жақсы нәрселер туралы ойлауға тырыс және Құдайға дұға айт. 3) Әр қадамыңды мұқият басып, азғын нәрселерді насихаттайтын фильмдер мен веб-сайттардан аулақ бол (1.4. 10—12 беттер).

Егер мәсіхші ақша табу үшін отбасын тастап шетелге кететін болса, қандай күтпеген қиындықтарға кезігуі мүмкін?

Егер ата-аналар балаларымен бірге тұрмаса, бұл балаларға эмоциялық және моральдық жағынан зиян келтіреді. Балалар ата-анасына ренжіп қалуы мүмкін. Ал зайыбынан алыста жүрген жары азғындық жасауға азғырылуы ықтимал (15.4. 19, 20-беттер).

Өлімге кесілген қылмыскердің аяқтары не үшін сындырылатын?

Римдіктер кейбір қылмыскерлерді азап бағанасына ілген. Яһудилер Исаның жанындағы қылмыскерлердің аяқтарының сындырылуын өтінді. Өйткені бұл жазаға тартылған адамның тыныс алуын қиындатып, өлімін тездететін. Осылайша олардың бағанаға ілінген денесін “түні бойы ағашта қалдырудың” қажеті болмайтын (Заң. қ. 21:22, 23). (1.5. 11-бет).

Қызметте жүргенде қандай төрт сұрақты есте ұстауымыз керек?

Мен кімге уағыздап тұрмын? Қай жерде уағыздап жатырмын? Адамдарға қашан барған дұрыс? Адамдармен қалай сөйлесуім керек? (15.5. 12—15 беттер).

Темекі шегу қаншалықты зиян болуы мүмкін?

Өткен ғасырда темекі шегудің кесірінен 100 000 000 адам қайтыс болған. Бүгінде жылына осы себептен қайтыс болатын адамдардың саны шамамен 6 000 000-ға жетті (1.6. 3-бет).