КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ (ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН) Қыркүйек 2014

Бұл сандағы мақалалар 2014 жылы 27 қазан мен 30 қараша аралығында талқыланады.

“Бақылаушы міндетіне ұмтылып” жүрсің бе?

Бұл қызметті атқаруға лайықты болу үшін не істеу керек?

Шындық жолында екеніңе неге сенімдісің?

Бұл мақала неге көп адамның Ехоба куәгерлерінің шындық жолында екенін мойындайтыны талқыланады. Сондай-ақ неліктен Куәгерлердің өздері бұған сенімді екені қарастырылады.

Талай азаптарға қарамастан, Құдайға адал қызмет етейік

Шайтанның дүниесінде өмір сүріп жатқандықтан, бәріміз де талай азап шегеміз. Шайтан шабуылдың қандай түрлерін қолданады? Біз оларға төтеп беруге қалай дайындала аламыз?

Ата-аналар, жақсы “шопан” болыңдар

Ата-аналарға балаларын “Ехоба айтқандай тәрбиелеп, оның ақыл-кеңесін беріп өсіру” міндеті жүктелген (Ефестіктерге 6:4) Бұл мақалада ата-аналардың балаларына қалай жақсы “шопан” бола алатындарының үш жолы және оларға Ехобаны сүюді қалай үйрете алатындары қарастырылады.

Оқырман сауалдары

Забур 36:25 пен Матай 6:33-тегі сөздер Ехоба ешқашан мәсіхшілердің аш жүруіне жол бермейді дегенді білдіре ме?

Жойылатын соңғы жау — өлім

Өлімге әкеп соғатын барлық жайттар адамға қатты соққы болып тиеді. Адамдар неге өледі? “Соңғы жау — өлім” қалай жойылады? (Қорынттықтарға 1-хат 15:26) Мұның жауабы Ехобаның әділдігін, даналығын, әсіресе сүйіспеншілігін қалай паш ететінін көріңіз.

Толық уақыт қызмет етіп жүргендерді ұмытпайық

Ехобаның көптеген қызметшісі толық уақыт қызмет етуде. Олардың “сеніммен істеген істерін” және “сүйіспеншілікпен атқарған ауыр еңбектерін” бағалайтынымызды қалай көрсетеміз? (Салоникалықтарға 1-хат 1:3)