Ехобаға алғыс айтыңдар да, батасына кенеліңдер
“Ехобаға алғыс айтыңдар, өйткені ол ізгі” (ЗӘБ. 106:1).
1. Неге Ехоба біздің ризашылық білдіруімізге лайық?
БАРЛЫҚ “игі де кемелді сыйдың” Қайнары Ехоба Құдайдың ризашылық білдіруімізге лайық екені сөзсіз (Жақ. 1:17). Сүйіспеншілікке толы Бағушымыз болғандықтан ол бізді тәндік және рухани жағынан қамқорлайды (Зәб. 23:1—3). Ол — “панамыз әрі күшіміз”. Біз мұны әсіресе қиын шақтарда сезінеміз (Зәб. 46:1). Бізде Дәуіттің: “Ехобаға алғыс айтыңдар, өйткені ол ізгі, Айнымас сүйіспеншілігі мәңгі”,— деген сөздеріне шын жүректен қосылуға себеп жетіп артылады (Зәб. 106:1).
2015 жылдың тармағы: “Ехобаға алғыс айтыңдар, өйткені ол ізгі” (Зәбүр 106:1).
2, 3. а) Ненің кесірінен біз алған баталарымызды заңдылық деп қарастыра бастауымыз мүмкін? ә) Осы мақалада қандай сұрақтарды қарастырамыз?
2 Біз үшін ризашылық мәселесін қарастыру неге маңызды? Пайғамбарлықта айтылғандай, соңғы күндері адамдар барған сайын алғысты білмейтін болып барады (Тім. 2-х. 3:2). Көп адам Құдайдың баталарын заңдылық деп қарастырады. Сауда-саттық әлемі мен оның жарнамаларының әсерімен миллиондаған адам барды қанағат тұтпай, алған үстіне ала бергісі келеді. Осындай рухтың әсеріне түсіп, біз де алғысты білмей кетуіміз мүмкін. Иә, біз де ежелгі исраилдіктердің кебін киіп, Ехобамен баға жетпес қарым-қатынасымызды және одан алған баталарымызды бағалаудан қалуымыз мүмкін (Зәб. 106:7, 11—13).
3 Ал басымызға қиындық түссе ше? Ондай кездерде бойымызды қайғы-қасірет меңдеп, баталарымызды оп-оңай назарымыздан тайдырып алуымыз ықтимал (Зәб. 116:3). Ендеше, жүрегіміз әрдайым ризашылыққа толы болу үшін не істеуге болады? Тіпті тар жол тайғақ кешкен кездерде де мойымауымызға не көмектеседі? Қарастырып көрейік.
ҚАНШАМА КЕРЕМЕТ ІС ЖАСАДЫҢ, УА, ЕХОБА
4. Жүрегіміз әрқашан ризашылыққа толы болу үшін не істеуіміз керек?
4 Жүрегіміз әрқашан ризашылыққа толы болсын десек, Ехобадан алған баталарымызды көре білуіміз әрі солар жөнінде ризашылықпен ой жүгіртуіміз керек. Сонымен қатар оның айнымас сүйіспеншілікпен жасаған істерін байқай білуге тиіспіз. Зәбүр жыршысы осылай еткенде, Ехобаның көптеген керемет істері оны қастерлі сезімге бөлеген (Зәбүр 40:5; 107:43 оқы).
5. Ризашыл болуға қатысты елші Пауылдан не нәрсеге үйренуге болады?
5 Ризашыл болуға қатысты елші Пауылдан біраз нәрсе үйренуге болады. Ол жиі шын жүректен алғыс айтатын. Демек, Пауыл баталары жайлы жиі ойланған деуге болады. Ол бір кездері өзінің “Құдайға тіл тигізуші, қудалаушы, арсыз” адам болғанын білген. Сондықтан Құдай мен Мәсіхтің өзіне мейірім танытып, бұрын күнә жасағанына қарамай, мәртебелі қызметті сеніп тапсырғанына алғыс білдірген (Тімөтеге 1-хат 1:12—14 оқы). Бұған қоса, ол бауырластарын қатты бағалайтын, әрі олардың керемет қасиеттері мен адал қызметтері үшін Ехобаға жиі ризашылық айтатын (Філіп. 1:3—5, 7; Сал. 1-х. 1:2, 3). Қиындыққа тап болған кездерде де, Пауыл бауырластардың дер кезінде қолдау көрсеткені үшін бірден Ехобаға алғыс айтатын (Ел. іс. 28:15; Қор. 2-х. 7:5—7). Сондықтан бауырластарын: “Әрдайым алғыс білдіріңдер... Зәбүр жырлары, мадақтау өлеңдері және ризашылыққа толы рухани әндермен үнемі бір-біріңе тәлім беріп, жігерлендіріңдер”,— деп шақырғаны таңғалдырмайды (Қол. 3:15—17).
ОЙ ЖҮГІРТУ МЕН ДҰҒА — ӘРДАЙЫМ РИЗАШЫЛ БОЛУДЫҢ БІРДЕН-БІР ЖОЛЫ
6. Сен әсіресе не үшін Ехобаға алғыс айтқың келеді?
6 Ризашыл болуға қатысты Пауылдың керемет үлгісіне қалай еліктеуімізге болады? Біз де Ехобаның жеке біз үшін не істегені туралы ойлануымыз керек (Зәб. 116:12). Сенен біреу “Ехобаға қандай баталары үшін алғыс айтқың келеді?” деп сұраса, қалай жауап берер едің? Бәлкім, Ехобамен баға жетпес қарым-қатынасың не Мәсіхтің төлем құрбандығының арқасында күнәларыңның кешірілгені жайлы айтарсың. Я болмаса қиын шақтарда қасыңнан табылған бауырластардың аттарын атарсың. Жан жарың мен балаларың да назарыңнан тыс қалмасы сөзсіз. Сүюші Әкеміз Ехобаның осындай керемет баталары туралы ой жүгірткенің жүрегіңді ризашылыққа толтырып, күн сайын оған алғыс айтуға талпындырады (Зәбүр 92:1, 2 оқы).
7. а) Неге ризашылықпен дұға етуіміз керек? ә) Дұғаларымызда ризашылық білдірудің қандай пайдасы бар?
7 Егер алған баталарымызды көңілімізге түйіп, санамызға тоқып жүрсек, Ехобаға әрдайым ризашылықпен дұға Зәб. 95:2; 100:4, 5). Көп адам дұғаны Құдайдан бірдеңе сұраудың мүмкіндігі деп қарастырады. Бірақ біз мынаны білеміз: беріп отырған игіліктері үшін ризашылық білдіргеніміз Ехобаға ұнайды. Киелі кітапта Ханна және Езекия патшанікі сияқты, жүректен шыққан ризашылық дұғалары көптеп кездеседі (Сам. 1-ж. 2:1—10; Ишая 38:9—20). Ендеше, Ехобаның сол адал қызметшілеріне еліктеп, беріп жатқан баталары үшін дұғада оған алғысымызды айтайық (Сал. 1-х. 5:17, 18). Мұның біз үшін пайдасы көп: рухымыз көтеріледі, Ехобаға деген сүйіспеншілігіміз артады, сондай-ақ оған бұрынғыдан да жақындай түсеміз (Жақ. 4:8).
етеміз (8. Ненің кесірінен Ехобаның жасап отырған ізгіліктеріне ризашылық білдіруден қалуымыз мүмкін?
8 Абай болмасақ, Ехобаның ізгілігіне ризашылық білдіруден қалуымыз мүмкін. Мұның себебі неде? Біз жақсылықты бағаламай кетуге бейімбіз. Мұндай бейімділікті түп ата-анамыз Адам мен Хауадан мұра еткенбіз. Өзің ойлап қарашы, олар жұмақ бағында өмір сүрді, ештеңеден таршылық көрмеді, әрі мәңгі бақи тыныштықта өмір сүруге мүмкіндіктері болды (Мұс. 1-ж. 1:28). Сөйтсе де сол баталарды бағаламай, ашкөздікпен одан да көп нәрсені көкседі. Ал ақырында бәрінен айырылып қалды (Мұс. 1-ж. 3:6, 7, 17—19). Алғысты білмейтін дүниеде өмір сүріп жатқандықтан, біз де Ехобаның жасаған игіліктерін елемей кетуіміз мүмкін. Мысалы, онымен достығымызды заңдылық ретінде қабылдап кетуіміз әрі дүниежүзілік бауырластықтың мүшесі болу мәртебесін бағалаудан қалуымыз ықтимал. Сондай-ақ ертең жойылғалы тұрған мына дүниенің қызығына беріліп кетуіміз мүмкін (Жох. 1-х. 2:15—17). Осылай құлдыраудан абай болу үшін, алып жатқан баталарымыз туралы ойланып, өз халқының мүшесі еткені үшін Ехобаға үнемі алғыс айтып отыруымыз керек (Зәбүр 27:4 оқы).
ҚИЫНДЫҚТАРҒА КЕЗІККЕНДЕ
9. Неге ауыр жағдайларға тап болғанда, баталарымыз туралы ой жүгіртуіміз керек?
9 Ризашыл болғанымыз басымызға түскен ауыр қиындықтарға төтеп беруге көмектеседі. Бүкіл өмірімізді аяқастынан өзгертіп жіберуі мүмкін келесідей жағдайларға тап болсақ, бізді қасірет меңдеуі мүмкін: жарымыздың опасыздық жасауы, беті қайтпайтын науқасқа шалдығу, жақынымыздан
айырылу, табиғи апаттан жапа шегу. Мұндай кездерде баталарымыз жайлы ой жүгірткеніміз күш береді, әрі зор жұбаныш болады. Осыған орай, өмірде болған бірнеше оқиғаны қарастырып көрейік.10. Ирина алған баталарын санап жүргенінің қандай пайдасын көрді?
10 Оңтүстік Америкада ізашар болып қызмет ететін Ирина * ақсақалға күйеуге шыққан еді. Бірақ күйеуі опасыздық жасады да, Ирина мен бала-шағасын тастап кетті. Ехобаға адалдықпен қызмет ете беруге Иринаға не көмектесті екен? Ол былай дейді: “Мен Ехобаның қамқорлығына дән ризамын. Алып отырған баталарымды күнделікті санауды шешкеннен бері, көктегі қамқор Әкемнің мені білетінін әрі жақсы көретінін сезінемін. Білемін, ол мені ешқашан тастап кетпейді”. Ирина талай қиындықты бастан кешсе де, жайдарылылығының арқасында еш мойымайды, өзгелерді де жігерлендіреді.
11. Кьён-сукке ауыр дертпен күресуге не көмектесті?
11 Азияда тұратын Кьён-сук күйеуі екеуі 20 жылдан аса ізашар болған. Күтпеген жерден дәрігерлер оған өкпесінде асқынып кеткен қатерлі ісік бар екенін және үш-алты ай өмірі қалғанын айтады. Күйеуі екеуі талай қиындықтарды бастан кешкенмен, олар үшін денсаулық мәселесі ешқашан көлденең тұрмаған еді. Кьён-сук: “Бұл ауру мені есеңгіретіп тастады. Мен өзімді бәрінен айырылғандай сезіндім, бойымды үрей биледі”,— дейді. Оған берілмеуге не көмектесті? Кьён-сук былай деп түсіндіреді: “Күнде жатар алдында үйіміздің шатырына шығып, дауыстап дұға етемін де, сол күні болған бес жайтқа алғыс айтамын. Содан рухым көтеріліп, Ехобаға оны қаншалықты жақсы көретінімді айтқым келеді”. Осындай түнгі дұғалардың Кьён-сук үшін қандай пайдасы болды? Ол: “Қиын шақтарда Ехобаның бізді қолдайтынына және өмірімізде қиындықтардан гөрі баталардың көп екеніне көзім жетті”,— дейді.
12. Әйелінен айырылған Джейсон қалай жұбаныш тапты?
12 Африкадағы Бетелде қызмет ететін Джейсонның толық уақытты қызметте болғанына 30 жылдан асты. Ол: “Мен жеті жыл бұрын әйелімнен айырылдым. Бұл — қатты жанға бататын жайт. Әйелім қатерлі ісікпен күрескенде қалай қиналғанын ойлай берсем, өмірден түңіліп кетер едім”,— дейді. Джейсонға түңілмеуге не көмектесті екен? Ол былай дейді: “Бірде әйелім екеуміз бірге өткізген жаныма жағымды бір кезең есіме түсті. Сол кезең үшін мен Ехобаға алғыс айттым, содан әжептәуір жеңілдеп қалдым. Сол кезден бастап осындай қуанышты сәттер үшін Ехобаға алғыс айтатын болдым. Ризашыл болғаным көзқарасыма қатты әсер етті. Жарымнан айырылғаным әлі де жаныма батады. Бірақ некеде бақытты болғаным үшін әрі Ехобаны барынша жақсы көретін адаммен бірге қызмет ету мәртебесіне ие болғаным үшін оған алғыс айтқаным көзқарасымды түзеді”.
“Менің Құдайым Ехоба болғанына сондай ризамын!” (Шерил).
13. Отбасынан айырылған Шерилге мойымауға не көмектесті?
13 2013 жылдың аяғына таман орталық Филиппинде Хайян атты сұрапыл тайфун болды. 13 жастағы қаршадай Шерил сол дауылда барлығынан дерлік айырылып, жападан-жалғыз қалды. Ол: “Мен үйімнен және үй ішімнің бәрінен дерлік айырылдым”,— дейді. Оның әке-шешесі, үш бауыры жойқын дауыл кезінде қайтыс болды. Шерилге қатуланып кетпей, қайғыға төтеп беруге не көмектесті? Ол ризашыл бола білді, әрі Ехобаның беріп жатқан баталарын Ефес. 5:20; Філіпіліктерге 4:6, 7 оқы).
ойында тұтты. Шерил былай деп түсіндірді: “Мен бауырластардың көмекке мұқтаж жандарға жігер беріп, жұбату үшін не істегендерінің бәрін көрдім. Сондай-ақ дүниежүзіндегі бауырластарымның мен үшін дұға етіп жатқанын білдім. Менің Құдайым Ехоба болғанына сондай ризамын! Ол әрдайым қажеттілігімізді қамтамасыз етеді”. Иә, қайғының уын қайтаратын бірден-бір дауа — алған баталарымызды ойда тұту. Жүрегіміз ризашылыққа толы болса, кезігуіміз мүмкін кез келген қайғылы жайттарға төтеп береміз (“МЕН ЕХОБАҒА ШАТТАНАМЫН”
14. Бізді қандай керемет болашақ күтіп тұр? (Мақаланың басындағы суретті қара)
14 Тарихтан көрінетіндей, Ехобаның халқы әрдайым алған баталарына шаттанған. Мысалы, перғауын мен оның әскерінен құтылып, Қызыл теңізден аман-есен өткенде, исраилдіктер қуана мадақ әндерін шырқап, ризашылық білдірген (Мұс. 2-ж. 15:1—21). Ал біздің аса бағалы баталарымыздың бірі — жақында барлық қайғы-қасіреттің болмайтынын білгеніміз (Зәб. 37:9—11; Ишая 25:8; 33:24). Ехоба барлық жауларын жойып, бізді әділ де бейбіт жаңа дүниеге алып кіргенде, не сезінетінімізді елестетіп көрші. Нағыз ризашылық білдіретін күн деп соны айт! (Аян 20:1—3, 21:3, 4)
15. 2015 жыл бойы сен не істеуге бел будың?
15 Үстіміздегі 2015 жылы да Ехоба бізге сансыз рухани баталар береді деп күтеміз. Әрине, қиындықтар да көретін шығармыз. Бірақ басымызға қандай күн тумасын, Ехоба бізді ешқашан тастамайтынына сенімдіміз (Мұс. 5-ж 31:8, Зәб. 9:9, 10). Адалдықпен қызмет ете алуымыз үшін, ол бізді қажеттінің бәрімен әрі қарай да қамтамасыз ете береді. Сондықтан Абақұқ пайғамбардікіндей көзқараста болуға белімізді бекем буайық. Ол былай деген: “Інжір ағашы гүлдемесе де, Жүзім бұтасы жеміс салмаса да, Зәйтүн ағашы өнім бермесе де, Егістікте астық шықпаса да, Қорада қой қалмаса да, Малқорада ірі қара болмаса да, Мен бәрібір Ехобаға шаттанамын, Құтқарушы Құдайыма қуанамын” (Абқ. 3:17, 18). Ендеше, жыл бойы баталарымыз жайлы ой жүгіртуді ұмытпайық. Сондай-ақ жүрегіміз бізді 2015 жылға арналған мына тармаққа сай әрекет етуге талпындыра берсін: “Ехобаға алғыс айтыңдар, өйткені ол ізгі” (Зәб. 106:1).
^ 10-абзац Мақаладағы кейбір есімдер өзгертілген.