Олар дайындық рухын танытты. Нью-Йорк
БІРЕР жыл бұрын Сезар мен жұбайы Росио Калифорнияда жайлы өмір кешіп жатты. Сезар жылу-желдету құрылғылары мен кондиционерлер орнататын, ал Росио бір дәрігердің кеңсесінде жарты күн жұмыс істейтін. Олардың бастарында өз үйлері болды, қол бөгеу болып отырған балалары да жоқ еді. Бірақ олардың өмірі күрт өзгерді. Қалай?
Құрама Штаттардағы филиал 2009 жылдың қазан айында барлық қауымдарға хат жолдады. Хатта Уолкиллдегі (Нью-Йорк) филиалды кеңейту жұмыстарына қолғабыс ету үшін арнайы мамандығы бар бауырластар ерікті қызметші ретінде біраз уақытқа Бетелге шақырылды. Бетелде қызмет етуге жастары асып кеткендер де өтініш қағазын толтыруға талпындырылды. Сезар мен Росио: “Жасымызды ескерсек, Бетелде қызмет ету мүмкіндігі біз үшін енді қайтып қайталанбас еді. Сондықтан оны қайтсек те жіберіп алмауды шештік”,— дейді. Сөйтіп, олар кідірместен өтініш қағаздарын толтырды.
Бір жылдан аса уақыт өтсе де, Сезар мен Росио Бетелге шақырылмады. Әйтсе де олар алған беттерінен қайтпай, мақсаттарына жету үшін тұрмыстарын қарапайым етуді шешті. Отағасы былай дейді: “Өз үйімізді жалға беру үшін гаражымызды бір бөлмелі пәтерге айналдырдық. Сөйтіп, көптен армандап, бір-екі жыл бұрын ғана соғып алған 200 шаршы метрлік үйімізден 25 шаршы метрлік бөлмеге көштік. Осылай, Бетелден шақыру келе қалса, оны қабылдауға дайын болдық”. Бұдан кейін не болды? Росио былай деп қосты: “Кішігірім бөлмемізге көшкенімізге бір ай болғанда, уақытша ерікті қызметшілер ретінде Уолкиллге шақырылдық. Бұдан біз тұрмысымызды қарапайым еткеніміз үшін Ехоба батасын бергенін түсіндік”.
ОЛАР ЖАНҚИЯРЛЫҚТАРЫ ҮШІН БАТАҒА ИЕ БОЛУДА
Нью-Йорктегі құрылысқа қатысу үшін Сезар мен Росио сияқты басқа да жүздеген бауырлас талай құрбандықтарға барды. Олардың * дүниежүзілік бас басқарманың құрылысына қатысып жатыр. Ерлі-зайыптылардың біразы Ехобаға көбірек қызмет ету үшін жайлы үйлері мен жақсы жұмыстарын, тіпті сүйікті үй жануарларын тастап құрылысқа келді. Осындай жанқиярлық рухтары үшін Ехоба батасын берді ме? Әрине!
біразы Уолкиллдегі филиалды кеңейту жұмыстарына, ал басқалары УорвиктегіМысалы, алпысты алқымдап қалған электрші Уэй мен әйелі Дебра Канзастағы үйі мен мүліктерінің біразын сатып, штаттан тыс бетелдіктер * ретінде қызмет ету үшін Уолкиллге көшіп барды. Өмірлерінде үлкен өзгерістер жасауға тура келсе де, жасаған құрбандықтарының зая кетпегеніне олардың көздері жетті. Бетелдегі қызметі жайлы Дебра: “Кейде мен өзімді әдебиеттерімізде салынған жұмақтағы құрылысқа қатысып жүргендей сезінемін!”— дейді.
Мелвин мен Шерон Уорвиктегі құрылысқа қатысу үшін Оңтүстік Каролинадағы үйлері мен мүліктерін сатты. Мұндай құрбандықтарға бару оңай болмады, бірақ олар осындай тарихи жобаға қатысуды мәртебе санайды. Ерлі-зайыптылар: “Дүниежүзілік ұйымға азды-көпті пайдаңды тигізіп жүргеніңді білгенің зор қуанышқа бөлейді. Бұл — бір ғанибет сезім!”— дейді.
Жастары елудің бел ортасына келіп қалған зейнеттегі құрылысшы Кеннет пен жұбайы Морин Уорвиктегі жобаға қатысу үшін Калифорниядан көшіп келді. Бұл үшін олар қауымдағы бір бауырластан үйлеріне қарайлап тұруды, ал туыстарынан Кеннің егде әкесінің жағдайын жасауды өтінді. Олар Бетелде қызмет ету үшін осындай құрбандықтар жасағанына өкіне ме? Жоқ! Кен былай дейді: “Біз бұның зор пайдасын көрудеміз. Еш қиындық болмады дей алмаймыз, әрине. Бірақ өміріміз батаға толы. Біз өзгелердің де осындай қызметті таңдағанын шын жүректен қалаймыз”.
ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ШЕШУ
Дайындық рухын танытқандардың көбісіне қандай да бір қиындықтарды шешуге тура келді. Мысалы, Пенсильванияда тұратын алпыстан асып қалған Уильям мен Сандраның машина бөлшектерін шығаратын, 17 жұмысшысы бар өркендеп жатқан компаниясы болды. Уильям мен Сандра бала күндерінен тек бір қауымда қызмет еткен еді, туыстарының да басым көпшілігі жақын маңда тұратын. Сондықтан Уолкиллде штаттан тыс қызмет ету
мүмкіндігі туғанда, олар осының бәрімен қош айтысу керектігін түсінді. “Көзге ыстық, көңілге жылу сыйлайтын жерден кету біз үшін қиынның-қиыны болды”,— дейді Уильям. Дегенмен көп дұға еткеннен кейін, олар ешқашан өкінбейтін қадам жасап, көшуді шешті. “Бетел отбасымен иық тіресе қызмет ету, жұмысқа тікелей қатысу — ештеңемен салыстыруға келмейтін керемет қуаныш! Сандра екеуміз мұншалықты бақытты болған емеспіз”,— дейді Уильям.Гавайиде құрылыста жоба жетекшісі болып істеген Рики штаттан тыс бетелдік ретінде Уорвиктегі жобаға қатысуға шақырылған болатын. Жұбайы Кендра күйеуінің бұл жобаға қатысқанын қалады. Алайда олардың уайымы Джейкоб есімді 11 жасар ұлдары еді. Оларды “Нью-Йоркке көшкен дұрыс па? Джейкоб мүлдем өзге ортаға үйрене ала ма?” деген сияқты сұрақтар мазалады.
“Біздің ең басты қалауымыз рухани күйі жақсы жас бауырластары бар қауым табу еді. Ұлымыз Джейкобтың араласатын ортасы жақсы болғанын қаладық”,— дейді Рики. Алайда олар баратын қауымда балалар аз, бірақ есесіне бірнеше бетелдік бар еді. Рики былай деп есіне алады: “Бірінші кездесуден кейін ұлым Джейкобтан жаңа қауым жайлы ойын сұрағанымда, ол: — Уайымдамаңыз, әке. Менің достарым бетелдік жастар болады”,— деді
Әлбетте, жас бетелдіктер Джейкобқа достық рәуішпен қарады. Мұның нәтижесі қандай болды? Бұл жайында Рики былай дейді: “Бір күні түнде ұлымның бөлмесінің қасынан өтіп бара жатып, жарығы әлі сөнбегенін байқадым. Мен оның электронды ойындар ойнап отырғанының үстінен түсем деп ойлап едім, бірақ ол Киелі кітап оқып отыр екен. Не істеп жатқанын сұрағанымда, балам: — Мен жаңа бетелдіктер сияқты, Киелі кітапты бір жылда оқып бітіремін,— деп жауап берді”. Иә, олар Рикидің Уорвиктегі жобаға қатысқанына ғана емес, ұлдарының рухани өсіп жатқанына да қуанышты (Нақ. с. 22:6).
ЕРТЕҢГІ КҮНГЕ УАЙЫМ ЖОҚ
Уолкилл мен Уорвиктегі құрылыс ерте ме, кеш пе аяқталады, сондықтан көмекке шақырылған бауырластар бетелдік қызметтерінің уақытша екенін түсінеді. Олар ертеңгі күні қайда барып, не істейтінін ойлап уайымдай ма? Әрине, жоқ! Бауырластардың көбісі Флоридадан келген орта жастағы екі отбасының ойын құптайды. Уорвикте уақытша ерікті қызметші болып жүрген құрылыс жетекшісі Джон мен жұбайы Кармен былай дейді: Зәб. 119:116). Өрт сөндіру жүйесімен айналысатын Луис пен әйелі Кения Уолкиллде қызмет етеді. Олар былай дейді: “Ехобаның бізге қажеттінің бәрін жомарт қолымен беріп жатқанын көрдік. Қайда, қашан, қалай екенін нақты білмесек те, Ехоба әрі қарай да қамымызды жасайтынына сеніміміз нық” (Зәб. 34:10; 37:25).
“Ехоба осы уақытқа дейін ерекше мұқтаждықтарымызды қанағаттандырып келді. Сондықтан бізді осы жобаға қатысу үшін ғана шақырып, кейін тастап кетпейтініне сенімдіміз” (“КӨЛ-КӨСІР ЕТІП БАТАМДЫ ТӨКПЕС ПЕ ЕКЕНМІН”
Нью-Йорктегі құрылыс жұмысына келген ерікті қызметшілердің көбісі осы бір үлкен іске қатыспауға себеп табар еді. Алайда олар Ехобаны сынап көрді. Өйткені Ехобаның өзі: “Мені сынап көріңдерші...Сонда сендерге көктің қақпаларын ашып, көл-көсір етіп батамды төкпес пе екенмін”,— деген (Малх. 3:10).
Сенің де Ехобаны сынап, оның жарылқауын көргің келе ме? Онда осы ғажайып іске үлес қосу үшін не істеуіңе болатыны туралы дұға ете отырып ойлан. Нью-Йорктегі не басқа жақтағы болсын, теократиялық құрылыс жобасына атсалысып, Ехобаның батасын өз көзіңмен көр (Мар. 10:29, 30).
Алабамадан келген құрылысшы-инженер Дейл мен Кэти өзгелерді де осындай жобаларға қатысып көруге шақырады. Уолкиллде ерікті қызметші болып жүрген олар былай дейді: “Жылы орныңды тастап кетуден қорықпасаң, Ехобаның рухы қалай әрекет ететінін көресің”. Ехобаның қолында “құрал” болу үшін не істеу керек? Дейл былай дейді: “Тұрмысыңды қарапайым ет, қарапайым ет, тағы да қарапайым ет! Солай етсең, ешқашан өкінбейсің”. Солтүстік Каролинадан келген Гаридің құрылыс ісінде 30 жылдай тәжірибесі бар. Әйелі Морин екеуінің сөзіне қарағанда, олардың Уорвикте көрген баталарының бірі өмірлерін бетелдік қызметке арнаған көптеген керемет бауырластармен танысып, олармен жұмыла қызметтесіп жүргендері екен. Гари былай деп қосты: “Бетелде қызмет ету үшін қарапайым өмір кешуің керек. Бұл — Шайтанның билігіндегі заманда өмір сүрудің ең дұрыс жолы”. Иллинойстан келген электрлендіру саласында істеген мердігер Джейсон мен әйелі Дженнифер Уолкиллдегі Бетелдің құрылысына қатысқандағы сезімін “жаңа дүниеде бойымызды билейтін сезімге” теңеді. Дженнифер былай деп қосты: “Не істесең де, Ехобаның оны бағалайтынын әрі ешқашан ұмытпайтынын білу — сондай ғанибет! Ехоба міндетті түрде көл-көсір батасын төгеді”.
^ 7-абзац Толық уақытты қызмет етпейтін штаттан тыс бетелдіктер аптасына бір не бірнеше күн Бетелде қызмет етеді, үйлеріне өздері күтім жасап, шығындарын өздері өтейді.