Кесілген ағаш қайта көктей ме?
ЗӘУЛІМ Ливан қарағайымен салыстырғанда діңі ирелеңдеген, бұтақтары тұтасып қалған зәйтүн ағашы тартымсыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ зәйтүн ағашының ауа райының қолайсыздығына төтеп бере алатын керемет қабілеті бар. Олардың кейбірі 1000 жылға дейін өмір сүреді. Тамыры кеңінен жайылатындықтан зәйтүн ағашы діңі қурап қалса да, қайта бой көтере алады. Тамыры аман болса, ағаш қайта көктей береді.
Ертеде ғұмыр кешкен Әйүп көз жұмса да, қайта өмір сүретініне сенімді болған (Әйүп 14:13—15). Қайта тірілту Құдайдың қолынан келетінін көрсету үшін ол ағашты, бәлкім зәйтүн ағашын болса керек, мысалға келтірген. Әйүп: “Тіпті ағаштың да үміті бар ғой: кесіп тастасаң, ол қайта көктейді”,— деді. Қуаңшылықтан кейін жаңбыр жауғанда, діңі қураған зәйтүн ағашының тамырынан өскін пайда болып, жаңа бұталар көктеп шығады (Әйүп 14:7—9).
Бағбан зәйтүн ағашының қайта өскенін күтеді. Ехоба да өзінің аяулы қызметшілерін, сондай-ақ көптеген басқа адамдарды қайта тірілтетін кезді аңсап күтеді (Мат. 22:31, 32; Жох. 5:28, 29; Ел. іс. 24:15). Өмірден өткендерді қарсы алып, олардың қайта өмір сүріп жатқанын көру неткен ғанибет!