Исаның үлгілі дұғасына сай өмір сүрейік. І бөлім
“Сенің есімің киелі тұтылсын!” (МАТ. 6:9).
1. Матай 6:9—13 тармақтарда жазылған дұғаны қызметте қалай қолдануға болады?
ӨЗІН мәсіхші санайтындардың көбі Исаның үлгілі дұғасын жатқа біледі. Біз де үйме-үй уағыздағанда, осы дұғаның көмегімен үй иесіне Құдай Патшалығының жер бетінде керемет өзгерістер жасайтын шынайы үкімет екенін түсіндіреміз. Я болмаса дұғадағы алғашқы өтінішке назар аударып, Құдайдың есімі бар екенін әрі ол киелі тұтылуы тиіс екенін көрсетеміз (Мат. 6:9).
2. Исаның үлгілі дұғаны сөзбе-сөз қайталағанымызды қаламағаны неден көрінеді?
2 Бірақ Иса өзі үйреткен дұғаның, мәсіхшілер әлеміндегілер сияқты, сөзбе-сөз қайталанғанын қалады ма? Жоқ. Қалай дұға ету керектігін үйретпес бұрын ол: “Дұға еткенде... бір нәрсені қайталай бермеңдер”,— деген (Мат. 6:7). Кейінірек үлгілі дұғасын қайталағанда, Исаның өзі оны басқа сөздермен жеткізген (Лұқа 11:1—4). Ол бізге дұғада не сұрауға болатынын және олардың маңыздылығының ретін көрсеткен. Сондықтан біз оны орынды түрде үлгілі дұға деп атаймыз.
3. Үлгілі дұғаны талдағанда, қандай сұрақтар туралы ойланғанымыз дұрыс?
3 Осы және келесі мақалада біз үлгілі дұғаны талдаймыз. Талдау барысында өзіңе мынадай сұрақтар қойып көр: Дұғаларымның сапасын жақсартуға үлгілі дұға қалай көмектеседі? Ал бұдан да маңыздысы, мен осы дұғаға сай өмір сүріп жүрмін бе?
“КӨКТЕГІ ӘКЕМІЗ”
4. “Әкеміз” деген сөз нені есімізге салады және жерде өмір сүруге үміттенетін мәсіхшілер Ехобаны қай мағынада Әке деп атайды?
4 “Әкеміз” деген сөз бүкіләлемдік бауырластықтың мүшесі екенімізді есімізге салады (Пет. 1-х. 2:17). Бүкіләлемдік бауырластықтың мүшесі болу — үлкен мәртебе! Құдай көкке баруға үміттенетін майланған мәсіхшілерді өзінің балалары еткендіктен, олар Ехобаны толық мағынада Әке деп атайды (Рим. 8:15—17). Жерде өмір сүруге үміттенетіндер де оны Әке деп атай алады. Себебі Ехоба оларға да өмір берген, әрі бар қажетімен қамтамасыз етіп отыр. Ал кемелділікке жетіп, ақырғы сынақта оған адал екендерін дәлелдегеннен кейін, олар да толық мағынада Құдайдың балалары болады (Рим. 8:21; Аян 20:7, 8).
5, 6. Ата-аналар балаларына қандай керемет сый бере алады және әр бала бұл сыйды не істеуге тиіс? (Мақаланың басындағы суретті қара.)
5 Әке-шешесі балаларына дұға етуді, сондай-ақ Ехобаны қамқор Әке ретінде қабылдауды үйретсе, бұл олар үшін керемет сый болады. Қазір Оңтүстік Африкада аудандық бақылаушы болып қызмет ететін бір бауырлас былай деп есіне алды: “Қыздарымыз дүниеге келген күннен бастап үйде болған кезімнің бәрінде жатар алдында олармен бірге дұға ететінмін. Дұғаларымыздың не туралы болғаны қыздарымның есінде қалмапты. Бірақ Әкеміз Ехобамен сөйлескен шақтардағы қастерлі сезім, жантыныштығы мен қауіпсіздік олардың жадында қалыпты. Ал өздері дұға ете алатын жасқа келгенде, Ехобаға қатысты ойлары мен оған деген сезімдерін білу үшін, дауыстап дұға етуге талпындырдым. Бұл маған олардың жүректерінде не барын білуге мүмкіндік беретін. Сосын дұғалары мағыналы болу үшін, үлгілі дұғада көрсетілген жайттар жөнінде де сұрауды жаймен үйрете бастадым”.
6 Осының арқасында бұл бауырластың қыздары рухани қадамдар жасады. Қазір олар тұрмыс құрып, жұбайларымен бірге Ехобаға толық уақытты қызмет етіп жүр. Ата-аналардың балаларына Ехобамен жылы да тығыз қарым-қатынас дамытуға көмектескені — оларға берген ең керемет сыйы. Сөйтсе де әр бала Құдаймен қарым-қатынасын өзі сақтай білуі қажет. Бұл үшін ол Құдайдың есімін жақсы көруді әрі оны барынша құрмет тұтуды үйрену керек (Зәб. 5:11, 12; 91:14).
“СЕНІҢ ЕСІМІҢ КИЕЛІ ТҰТЫЛСЫН!”
7. Құдай халқына қандай мәртебе берілген, бірақ бұл бізден нені талап етеді?
7 Құдайдың есімін біліп қана қоймай, оның атымен аталатын халықтың мүшесі болу — зор мәртебе! (Ел. іс. 15:14; Ишая 43:10). Біз көктегі Әкемізден: “Сенің есімің киелі тұтылсын!”— деп сұраймыз. Осылай өтінгенің сені Ехобаның киелі есіміне кір келтіретін кез келген істен не сөзден аулақ болуға көмектесуін сұрауға талпындыратын шығар. Біз айтқан уағыздарына сай өмір сүрмеген бірінші ғасырдағы кейбір мәсіхшілер сияқты болғымыз келмейді. Елші Пауыл мұндайларға: “Сендерге бола басқа ұлттар арасында Құдай есімі қорлануда”,— деп жазған (Рим. 2:21—24).
8, 9. Ехоба өз есімін киелі тұтылғанын қалайтындарды қолдайтынын көрсететін мысал келтір.
8 Біз Құдайдың есімінің киелі тұтылғанын қалаймыз. Мысалы, Норвегияда тұратын бір бауырлас күйеуі мезгілсіз қайтыс болғанда, екі жасар баласымен қалады. Сол кездегі жағдайын ол былай түсіндірді: “Бұл өмірімдегі ең қиын кезең болды. Мен күнделікті, тіпті әр сағат сайын дұға етіп, Шайтанның Ехобаны қорлауына себеп болатын қандай да бір бұрыс шешім не қылық жасап қоймауды сұрайтынмын. Мен Ехобаның есімін киелі тұтылғанын, сондай-ақ баламның жұмақта әкесін қайта көргенін қаладым” (Нақ. с. 27:11).
9 Ехоба оның осындай риясыз дұғасына жауап берді ме? Иә. Бауырластармен қарым-қатынасын үзбегені оған зор көмек болды. Ал бес жылдан кейін ол бір ақсақалға тұрмысқа шықты. Бүгінде оның 20 жасар ұлы — шомылдыру рәсімінен өткен бауырлас. “Күйеуімнің баламды тәрбиелеуге көмектескеніне сондай ризамын”,— дейді ол.
10. Құдайдың есімі толығымен киелі тұтылу үшін не істелу керек?
10 Құдайдың есімі ақталып, толығымен киелі тұтылу үшін не істелу керек? Бұл үшін Ехоба өзінің бүкіләлемдік билігін мойындағысы келмейтіндердің бәрінің көзін құртуы тиіс (Езекиел 38:22, 23 оқы). Содан кейін адам баласы бірте-бірте кемелділікке жетеді. Бүкіл саналы жаратылыс Ехобаның есімін киелі тұтатын сол уақытты біз асыға күтудеміз. Сол кезде көктегі Әкеміз, ақыр соңында, “бірден-бір Билеуші болмақ” (Қор. 1-х. 15:28).
“СЕНІҢ ПАТШАЛЫҒЫҢ КЕЛСІН!”
11, 12. Ехоба 1876 жылы шынайы мәсіхшілерге нені түсінуге көмектесті?
11 Иса көкке көтерілмес бұрын, елшілері одан: “Ием, Исраилге патшалықты қазір қайта орнатасыз ба?”— деп сұраған. Сонда Иса олар үшін Құдай Патшалығы билік ете бастайтын уақытты білетін кез әлі келмегенін айтты. Ол шәкірттеріне бар назарларын аса маңызды іске — уағыз ісіне аудару керектігін түсіндірді (Елшілердің істері 1:6—8 оқы). Сондай-ақ ол Құдай Патшалығын назардан тыс қалдырмауды да үйретті. Сондықтан елшілердің заманынан бері мәсіхшілер Құдай Патшалығының келуін сұрап дұға етеді.
12 Исаның көктен билік ететін кезі жақындағанда Ехоба өз халқына мұның қашан жүзеге асатынын түсінуге көмектесті. 1876 жылы “Киелі кітап зерттеушісі” журналында Чарлз Тейз Расселлдің мақаласы жарияланды. “Басқа ұлттар кезеңі қашан бітеді?” деп аталатын сол мақалада 1914 жылдың ерекше жыл екені көрсетілді. Сонымен қатар онда Даниялдың пайғамбарлығында айтылған “жеті кезеңнің” Иса айтқан “басқа ұлттарға белгіленген уақытпен” байланысы бар екені түсіндірілді * (Дан. 4:16; Лұқа 21:24).
13. 1914 жылы қандай оқиға орын алды және сол уақыттан бері дүниежүзінде болып жатқан оқиғалар нені дәлелдейді?
13 1914 жылы Еуропа елдерінің арасында Мат. 24:3—8; Лұқа 21:10, 11). Бұл оқиғалар 1914 жылы Иса Мәсіхке “тәж берілгенін” дәлелдейді. Сол жылы “ол жолындағы жауларын жеңіп, ақырында, толық жеңіске жету үшін аттанды” (Аян 6:2). Иса көкте Шайтан және оның жын-перілерімен шайқасып, оларды жердің төңірегіне лақтырды. Сол кезден бастап адам баласы келесі сөздердің растығына көз жеткізуде: “Жер мен теңіздегілерге қасірет, өйткені Ібіліс сендерге түсті. Ол өз уақытының аз қалғанын білгендіктен қатты ашулы” (Аян 12:7—12).
басталған соғыс дүниежүзілік соғысқа айналып, арты қатты ашаршылыққа ұласты. Ал 1918 жылы, соғыс аяқталып қалғанда, жайлаған індеттен қырылғандардың саны соғыста өлгендердің санынан да асып түсті. Осылай Исаның Патша ретінде тақта отырғанын көрсететін “белгі” орындала бастады (14. а) Неге әлі де Құдай Патшалығының келуін сұрап дұға еткеніміз маңызды? ә) Бізге қандай мәртебелі іс тапсырылған?
14 Аян 12:7—12 тармақтарда жазылған пайғамбарлық Құдай Патшалығы билік ете бастағаннан бері не себепті адамзат қайғы-қасіреттен көз ашпайтынын түсінуімізге көмектеседі. Құдай Патшалығының Патшасы Иса жауларының арасында билік етуде. Сондықтан ол түбегейлі жеңіске жетіп, жер бетінен бар зұлымдықты жоймайынша, біз Құдай Патшалығының келуін сұрап дұға ете береміз. Сондай-ақ сол дұғамызға сай өмір сүріп, Иса айтқан “белгінің” маңызды қырының орындалуына атсалысамыз. Иса алдын ала былай деген: “Патшалық жайлы осы ізгі хабар барлық халықтар есту үшін бүкіл жер бетінде уағыздалады. Содан кейін осы заманның соңы келеді” (Мат. 24:14).
“СЕНІҢ ЕРКІҢ... ЖЕР БЕТІНДЕ ДЕ ОРЫНДАЛСЫН!”
15, 16. Құдай еркінің жер бетінде орындалуын сұрап дұға етіп қана қою жеткілікті ме?
15 Шамамен 6000 жылдай уақыт бұрын жер бетінде Құдайдың еркі толықтай орындалып жатты. Сондықтан Ехоба жаратқандарының бәріне қарап, “өте жақсы екенін көрген” (Мұс. 1-ж. 1:31). Кейіннен Шайтан бүлік шығарды, содан кейін жер бетінде Құдайдың еркін орындаған адам көп болмады. Бірақ біз керемет уақытта өмір сүріп жатырмыз: бүгінде сегіз миллионға жуық адам Құдайдың еркінің орындалуын сұрап дұға етіп қана қоймай, сол дұғаларына сай өмір сүруге тырысуда. Олар мұны өмір салттарымен, сондай-ақ шәкірт дайындау ісіне құлшына атсалысуымен көрсетуде.
16 Мысалы, 1948 жылы шомылдыру рәсімінен өтіп, Африкада миссионер болып қызмет еткен бір әйел бауырлас былай дейді: “Мен қой іспеттес адамдардың шындықты естіп, тым кеш болмай тұрғанда, Ехобаны танып-білсе екен деп дұға етемін. Ал біреуге уағыздарда, жүрегіне жол табу үшін даналық беруін сұраймын. Қой іспеттес адам табылса, сол адамның қамын жасауға деген талпынысымызға Ехобадан батасын беруін өтінемін”. Жасы сексенге келген осы бауырластың қызметі жемісті болып, өзгелердің қолдауымен көп адамның Ехоба куәгері болуына көмектескені таңғалдырмайды. Кәріліктің тауқыметіне қарамай, “сұйық тарту сияқты төгіліп”, Құдай еркін орындап жүрген басқа да бауырластарды білесің бе? (Філіпіліктерге 2:17 оқы).
17. Адамзат пен жерге қатысты Ехобаның еркі туралы ойланғаның сені қандай сезімге бөлейді?
17 Жер бетінен Ехобаның жауларының бәрі жойылмайынша, біз оның еркінің орындалуын сұрап дұға ете береміз. Ал болашақта жер бетінде жұмақ орнап, миллиардтаған адам қайта тіріледі. Осыған қатысты Иса: “Бұған таңғалмаңдар, өйткені қабірдегілердің бәрі [менің даусымды] еститін уақыт келе жатыр, сонда олар қабірден шығады”,— деген (Жох. 5:28, 29). Сүйікті адамдарымыз қайта тірілгенде, оларды қарсы алу — неткен бақыт! “Сонда Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды” (Аян 21:4). Қайта тірілгендердің көбісі Ехоба мен оның Ұлы туралы шындықты естімеген “әділетсіздердің” қатарынан болады. Біз оларға Құдайдың еркі мен қайта тірілгендерге қатысты ниеті туралы білім беріп, мәңгі өмір сүруге лайықты болуға көмектесеміз (Ел. іс. 24:15; Жох. 17:3).
18. Адамзаттың ең маңызды қажеттіліктері қандай?
18 Құдай Патшалығы арқылы Ехобаның есімі киелі тұтылғанда ғана бүкіл әлемде бейбітшілік пен ынтымақ орнайды. Сонда үлгілі дұғаның алғашқы үш өтінішінде айтылған адамзаттың ең маңызды қажеттіліктері толықтай қанағаттандырылады. Исаның дұғасында адам баласының тағы да маңызды төрт қажеттілігі жөнінде айтылған. Оларды келесі мақалада талқылаймыз.
^ 12-абзац 1914 жылы осы пайғамбарлықтың қалай орындалғанын білу үшін “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабының 215—218 беттерін қара.