Біз пәк таза өмір сүре аламыз
“Қолдарыңды жуыңдар... жүректеріңді тазартыңдар” (ЖАҚ. 4:8).
1. Осы дүниедегі адамдар пәктік, тазалық деген ұғымдарға қалай қарайды?
БҮГІНДЕ адамдар пәктік, тазалық деген ұғымдарға немкетті қарайды. Көптеген елдерде гомосексуализм мен некеден тыс жыныстық қатынасты кәдімгі нәрсе деп қабылдайды. Жарнамалар мен көңіл көтеру индустриясы мұндай өмір салтын тіпті жағымды етіп көрсетеді (Зәб. 12:8). Азғындық кең етек жайғандықтан, сен: “Пәк таза өмір сүру мүмкін бе?”— деп таңғалатын шығарсың. Бірақ шынайы мәсіхшілер Ехобаның көмегімен пәк таза өмір сүре алады, әрі біз бұған сенімдіміз (Салоникалықтарға 1-хат 4:3—5 оқы).
2, 3. а) Неліктен азғын құмарлықтарды тыюға тиіспіз? ә) Бұл мақалада нені қарастырамыз?
2 Алайда пәк таза өмір сүру үшін, алдымен, азғын құмарлықтарды тыю керектігін түсінуге тиіспіз. Қармақтағы жем балықты қызықтырады. Сол сияқты, бірден бас тартпаса, азғын ойлар мен құмарлықтар да мәсіхшіні еліктіре бастауы мүмкін. Бұлар тән құмарлығын қоздырып, азғын іс-әрекеттерге еліктіреді. Уақыт өте келе күнәнің еліктіруші күші үдеп, құмарлық дамып жетіледі. Сонда тіпті Ехобаның қызметшісінің өзі, мүмкіндік туса, құмарлығының Жақып 1:14, 15 оқы).
жетегінде кетуі ықтимал. Осылайша “құмарлық... күнә тудырады” (3 Бір сәттік құмарлық ауыр күнәға ұласуы мүмкін. Бұл — ойландыратын нәрсе. Алайда азғын құмарлықтардың жүрегімізде тамыр жаюына жол бермесек, азғындыққа бармаймыз, оның ащы зардабын да тартпаймыз. Бұны білгеніміз бізге жігер береді! (Ғал. 5:16) Ендеше азғын құмарлықтармен күресуге көмектесетін үш нәрсені қарастырайық: Ехобамен қарым-қатынасымыз, Құдай Сөзіндегі ақыл-кеңестер және рухани толысқан мәсіхшілер.
“ҚҰДАЙҒА ЖАҚЫНДАҢДАР”
4. Неге Ехобаға жақындағанымыз маңызды?
4 Киелі кітапта Құдайға жақындағысы келетіндерге: “Қолдарыңды жуыңдар... жүректеріңді тазартыңдар”,— деген кеңес беріледі (Жақ. 4:8). Егер Ехобамен достығымызды бағалайтын болсақ, ойларымызды қоса алғанда, өміріміздің барлық саласында оған ұнамды болуға тырысамыз. Сондай-ақ біз бар назарымызды таза, игі әрі мақтауға тұратын нәрселерге аударып, “таза жүрекке” ие болғымыз келеді (Зәб. 24:3, 4; 51:6; Філіп. 4:8). Ехоба жаман құмарлықтарға бейім әрі кемелсіз екенімізді түсінеді. Егер оның жүрегін қуантқымыз келсе, жаман ойлардың жетегінде кетпей, олардан бірден арылып отыруымыз керек (Мұс. 1-ж. 6:5, 6). Осы жайттар жайлы ой жүгіртсек, ой-санамызды таза сақтауға барынша тырысатын боламыз.
5, 6. Дұға еткеніміз азғын құмарлықтармен күресте қалай көмектеседі?
5 Ехобаға толығымен арқа сүйейтінімізді көрсетудің маңызды бір жолы — азғын ойлардан арылу үшін Ехобаға дұға ету. Дұға айтып, Ехобаға жақындар болсақ, ол да бізге жақындай түседі. Азғын ойларға берілмей, пәк таза болуға деген шешімімізде берік тұруымыз үшін, ол бізге жомарттықпен киелі рухын береді. Олай болса, жүрек толғанысымызды Құдайға барынша ұнамды еткіміз келетінін көрсетейік (Зәб. 19:14). Күнәға апаратын “қауіпті жолда” тұрған-тұрмағанымызды, яғни бойымызда азғын құмарлықтар мен бейімділіктердің бар-жоғын, тексеруін кішіпейілдікпен өтінейік (Зәб. 139:23, 24). Азғырылғанда мінсіздігімізді сақтауға көмектесуін ұдайы сұрайық (Мат. 6:13).
6 Алған тәлім-тәрбиеміздің не бұрынғы өмір салтымыздың әсерінен Ехобаға ұнамсыз істер жасауға бүйрегіміз бұрып тұратын шығар. Тіпті солай болған күнде де, ол бізге қажетті өзгерістер жасап, өзіне ұнамды түрде қызмет ете беруімізге көмектеседі. Дәуіт патша мұны түсінген. Барсабиямен азғындық жасап қойған соң, ол Ехобаға жалбарынып: “Кеудеме таза жүрек сала көр, Жаңа да берік рух дарыта көр”,— деген (Зәб. 51:10, 12). Азғын құмарлығымыз қаншалықты күшті болмасын, Ехоба бойымызда мойынсұнушылық рухын, яғни мойынсұнуға деген ықылас оята алады. Тіпті азғын құмарлықтар жүрегімізге терең тамыр жайып, ойымызды таза сақтауға кедергі жасаса да, Ехоба өзінің заң-талаптарына мойынсұнып, соған сай өмір сүруіміз үшін, қадамдарымызды бағыттай алады. Оның бізді зұлымдық атаулының үстемдігінен босатуға құдіреті жетеді (Зәб. 119:133).
“СӨЗДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ БОЛЫҢДАР”
7. Қалай Құдай Сөзі санамызды азғын ойлардан қорғай алады?
7 Ехоба көмек сұрап жалбарынған дұғаларымызға өзінің Сөзі Киелі кітап арқылы жауап береді. Ал Құдай Сөзіндегі даналық “ең алдымен таза” (Жақ. 3:17). Киелі кітапты күнделікті оқып, ой жүгірткеніміз санамызды азғын ойлардан қорғайды (Зәб. 19:7, 11; 119:9, 11). Бұған қоса, онда азғын құмарлығымыздың тұзағынан сақтандыратын мысалдар және нақты кеңестер бар.
8, 9. а) Бір жас жігіттің азғын әйелдің тұзағына түсуіне не себеп болды? ә) Нақыл сөздердің 7-тарауындағы ескертуді бүгіндегі қандай жағдайларға қатысты қолдануға болады?
8 Нақыл сөздер 5:8-де: “[Азғын] әйелден бойыңды аулақ ұста, Үйінің босағасына да жолама”,— делінген. Бұл кеңеске немкетті қараудың қаупі жайлы Нақыл сөздер 7-тараудан оқимыз. Осы тарауда бір жас жігіттің азғын әйелдің үйінің маңына серуендеп барғаны туралы жазылған. Күн ұясына батып бара жатқан кез еді. Көше қиылысында әлгі жігітке жезөкшедей киінген әйел келеді де, құшақтап, сүйе бастайды. Әйелдің майда тілі оның бойында құмарлық оятып, жігіт сезімдерін игере алмайтын күйге жетеді. Сөйтіп, онымен азғындық жасайды. О баста жігіт азғындық жасаймын деп ойламаған шығар. Ол бұны тәжірибесіз әрі парықсыз болғандықтан істесе де, оған қылығының ащы зардабын тартуға тура келеді. Әлгі әйелдің үйінен аулақ жүргенде, мұндай қайғылы жайт орын алмас еді! (Нақ. с. 7:6—27).
9 Біздің де парықсыз болып, азғын құмарлықтар оятатын жағдайларға тап болатын кездеріміз бола ма? Мысалы, түнде теледидардан азғындыққа толы бағдарламалар берілуі мүмкін. Ал біздің осы уақытта әншейін бір арнадан екіншісіне ауыстырып отыратын кездеріміз бола ма? Я болмаса ғаламторды еш мақсатсыз шарлап, порнография көруге шақыратын не жыныстық қатынаспен байланысты қызмет түрлерін жарнамалайтын сайттарға кіреміз бе? Осындай кездері бойымызда азғын құмарлық оятып, пәк таза өмір сүруге деген шешімімізді әлсірететін нәрселерге тап болуымыз мүмкін.
10. Неліктен қылымсу мен қырындау қауіпті? (Мақаланың басындағы суретті қара.)
10 Киелі кітапта қарсы жынысты адамдарға қалай қарауымыз керектігіне қатысты нақты кеңес те жазылған (Тімөтеге 1-хат 5:2 оқы). Бұл кеңестен қылымсу мен қырындаудың дұрыс емес екені анық көрінеді. Кейбіреулер біреуде көңілі бар екенін дене қимылы, ым-ишарат не қас-қабағымен көрсетеді. Іс жүзінде жақындаспайтындықтан, олар мұнда тұрған ештеңе жоқ деп ойлайтын шығар. Алайда қылымсу мен қырындау немесе оған кет әрі болмау азғындыққа жетелейтін ойлар оятуы мүмкін. Мұндай жағдай бұрын болса, демек, келешекте де болады.
11. Жүсіп біз үшін қандай жақсы үлгі қалдырды?
11 Осы орайда, Жүсіп жақсы үлгі қалдырған. Қожайыны Потифардың әйелі азғырғанда, ол үзілді-кесілді бас тартты. Бірақ қожайынының әйелі өз дегенінен қайтпай, Жүсіпке бірге уақыт өткізуді күн сайын ұсына берді (Мұс. 1-ж. 39:7, 8, 10). Киелі кітапты зерттейтін бір ғалым мұны былай түсіндірді: “Потифардың әйелі, былайша айтқанда, “Екеуіміз азғана оңаша болайықшы” деген. Осылайша өз мақсатына жету үшін Жүсіпке алғашқы қадам жасатпақ болған”. Алайда Жүсіптің азғыруға елікпеуге деген шешімі берік еді. Сондықтан әйелдің ырқына көнбей, жүрегінде азғын құмарлықтың тамыр жаюына жол бермеді. Ал әлгі әйел оны жыныстық қатынасқа күштеп көндірмек болғанда, ол дереу әрекет етті: киімі әйелдің қолында қалып кеткеніне қарамастан, сыртқа қаша жөнелді (Мұс. 1-ж. 39:12).
12. Көрген нәрселеріміздің жүрегімізге әсер ететінін қайдан білеміз?
12 Сондай-ақ Киелі кітапта көзбен көрген нәрселер жүрегімізге әсер ететіні айтылған. Көзбен көргеніміз бойымызда азғын құмарлық оятуы не оны өршітуі мүмкін. Иса: “Кімде-кім бір әйелге құмарта қараса, өз жүрегінде сол әйелмен неке адалдығын бұзғаны”,— деп ескерткен (Мат. 5:28). Осы орайда, Дәуіт патшаның жағдайында не болғанын еске түсірейікші. “Ол [сарайының төбесінен] шомылып жатқан бір әйелді көрді” (Сам. 2-ж. 11:2). Дәуіт көзін де, ойын да басқа жаққа бұруға тырыспады. Сондықтан ол өзге біреудің әйелін қалай бастады. Нәтижесінде зинақорлыққа әкелген қадамдар жасады.
13. Неге біз “көзімізбен келісім жасасуымыз” керек және бұған не жатады?
13 Азғын ойларға берілмеу үшін, әділ кісі Әйүп сияқты, біз де “көзімізбен келісім жасасуымыз” керек (Әйүп 31:1, 7, 9). Біз не нәрсеге қарап, не нәрсеге қарамайтынымызға және өзге біреуге азғын пиғылмен қарамауға қатысты берік шешім қабылдауға тиіспіз. Бұған компьютердегі, жарнама тақтасындағы, журнал бетіндегі не кез келген басқа жердегі әдепсіз бейнелерге қарамау да жатады.
14. Пәктігімізді сақтауға қатысты кеңестің пайдасын көру үшін не істеу керек?
14 Жоғарыда қарастырылған кеңестерден Жақып 1:21—25 оқы).
кейін, азғын құмарлықтармен күресте жақсарту керек тұстарыңды байқасаң, дереу әрекет ет. Құдай Сөзіндегі кеңесті қолдануға ықыласты бол. Сонда күнә жасаудан аулақ болып, пәктігіңді сақтайсың (“ҚАУЫМ АҚСАҚАЛДАРЫН ШАҚЫР”
15. Егер азғын құмарлықтармен күресіп жүрсек, неліктен көмек сұрағанымыз абзал?
15 Азғын құмарлықтармен күресте бауырластардың көмегіне де жүгіне аламыз. Әрине, мұндай тақырыпта өзгелермен сөйлесу оңай емес. Алайда батылдық танытып, толысқан мәсіхшінің сүйіспеншілікке толы көмегіне жүгінгеніміз дұрыс. Әйтпесе уақыт өте келе жаман құмарлықтарымызды ақтай бастауымыз мүмкін (Нақ. с. 18:1; Евр. 3:12, 13). Рухани толысқан, тәжірибелі мәсіхшімен ашық сөйлессек, қандай өзгерістер жасау керектігін көре аламыз. Ал алған кеңестерімізге сай әрекет етсек, Ехобаның сүйіспеншілігінің саясында қала береміз.
16, 17. а) Құмарлықтарымен күресіп жүргендерге ақсақалдар қалай қол ұшын бере алады? Мысал келтір. ә) Порнография көруге әуестенгендер неге кешеуілдетпей көмек іздеу керек?
16 Осы орайда әсіресе ақсақалдар жақсы көмек ұсына алады (Жақып 5:13—15 оқы). Бразилияда тұратын бір жас ер бауырлас көптеген жылдар бойы жаман құмарлықтарымен күресіп жүрген болатын. Ол: “Мен ойларымның Ехобаға ұнамсыз екенін білетінмін, бірақ өзгелерге сезімдерім жайлы айтуға қатты ұялатынмын”,— деді. Қуанышқа орай, бір ақсақал оның қиналып жүргенін байқап, ақсақалдардың көмегіне жүгінуге талпындырады. Әлгі бауырлас былай деп есіне алды: “Ақсақалдардың зор мейірімділік танытқанына таңғалдым. Өйткені өзімді мұндай мейірімділік пен түсінушілікке лайықсызбын деп ойлайтынмын. Олар мұқият тыңдады. Кейін Ехобаның маған деген сүйіспеншілігіне көзімді жеткізу үшін Киелі кітаптан тармақтар оқып берді. Сосын мен үшін дұға етті. Ақсақалдардың осылай еткендері Киелі кітапқа негізделген көмектерін қабылдауыма ықпал етті”. Біраз жылдар өтіп, рухани нығайып алған соң, әлгі бауырлас: “Қазір мен ауыртпалықтарды жалғыз көтергеннен гөрі өзгелердің көмегіне жүгінудің қаншалықты маңызды екенін түсінемін”,— деді.
17 Азғын құмарлықтардың артында порнография тұрса, дереу көмек іздеу қажет. Себебі бұны неғұрлым кешеуілдетсең, “құмарлықтың дамып жетіліп, күнә тудыру” қаупі соғұрлым арта береді. Ал күнә жасағаның жақындарыңның жанына батады, әрі Ехобаның есіміне кір келтіреді. Көптеген бауырластар Ехобаға ұнамды болуды қалағандықтан және қауымнан ажырағысы келмегендіктен өзгелерден көмек іздеген (Жақ. 1:15; Зәб. 141:5; Евр. 12:5, 6).
ПӘКТІГІҢНЕН ТАЙМАУҒА БЕЛ БУ!
18. Сен не істеуге бел будың?
18 Бүгінде Шайтанның дүниесі өнегелік жағынан құлдыраған үстіне құлдырауда. Ал Ехобаның қызметшілері ой тазалығын сақтап, өнегелілікке қатысты жоғары талаптарға сай өмір сүруге тырысуда. Ехобаның оларды мақтан тұтатынында күмән жоқ! Барлығымыз да Ехобамен тығыз қарым-қатынасымызды сақтауға және оның Сөзі мен қауымы арқылы беріп отырған басшылығына мойынсұнуға бел буайық. Пәк таза өмір сүргеніміз қазірдің өзінде қанағат пен жантыныштығын сыйлайды (Зәб. 119:5, 6). Ал болашақта Шайтанның зұлым ықпалынан арылған жаңа дүниеде мәңгі өмір сүру мәртебесіне ие боламыз.