ӨМІРБАЯН
“Лайым аралдар шаттансын!”
Бұл естен кетпес күн болды. Дүниенің шартарабынан келген бірталай бауырластармен бірге мен Басқарушы кеңестің мәжіліс бөлмесінде Жазушылар комитетін қобалжи күтіп отырдым. Мұның себебі — бізге аудармашылар жұмыс барысында кезігетін қиындықтарды бірнеше аптада талқылап, шешімін табу тапсырылған еді. 2000 жылдың 22 мамырында сол шешімді ұсынатын күн келіп жетті. Неге бұл басқосу соншалықты маңызды болды? Мұны түсіндірмес бұрын өзім жайлы айта кетсем деймін.
МЕН 1955 жылы Австралияның Квинсленд қаласында дүниеге келдім. Мен туылғаннан кейін көп ұзамай анам Эстель Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттей бастады. Келесі жылы ол шомылдыру рәсімінен өтті, ал әкем Рон шындықты 13 жылдан кейін қабылдады. Мен болсам шомылдыру рәсімінен 1968 жылы Квинсленд аймағында болған конгресте өттім.
Мен бала күнімнен кітап оқығанды, тілді жақсы көрдім. Отбасымызбен жол жүргенде, айналаны қызықтаудың орнына, көліктің артқы жағына жайғасып, кітап оқуға кірісетінмін. Бұған ата-анам ренжіген шығар. Бірақ бұның мектепте пайдасы тиді: Гленорчи қаласындағы (Тасман аралы) орта мектепте жақсы оқығаным үшін бірнеше рет марапатталдым.
Бірақ кейінірек маған маңызды шешім қабылдау керек болды: университетке түсуім керек пе? Анам маған Ехобаны кітап пен оқудан да қатты жақсы көруіме көмектесті. Сол үшін оған дән ризамын (Қор. 1-х. 3:18, 19). Осылай орта білім алғаннан кейін, ата-анамның рұқсатымен мектепті тастап, 1971 жылдың қаңтарынан ізашар болып қызмет ете бастадым. Ол кезде мен 15 жаста едім.
Мен сегіз жыл бойы Тасман аралында ізашар болдым. Сонда жүріп, Дженни Алкок деген тасмандық сұлу қызға үйлендім. Содан екеуіміз Смистон мен Куинстаунның шалғай аймақтарында төрт жыл арнайы ізашар болып қызмет еттік.
ТЫНЫҚ МҰХИТ АРАЛДАРЫНДА МИССИОНЕРМІЗ
1978 жылы Дженни екеуміз Порт-Морсби қаласына (Папуа — Жаңа Гвинея) алғаш рет халықаралық конгреске бардық. Сол кезде бір миссионердің хири-моту тілінде баяндама айтқаны әлі есімде. Бірде-бір сөзін түсінбесем де, сол баяндама мені миссионер болып, басқа тіл үйреніп, осылай баяндама айтуға талпындырды. Ақыры мен Ехобаға деген сүйіспеншілігімді тілге деген ықыласыммен үйлестірудің жолын таптым.
Австралияға оралғанымызда күтпеген бір жайт болды: біз Тувалудағы (бұрынғы Эллис аралдары) Фунафути аралына миссионер болып тағайындалдық. Қызметімізге 1979 жылдың қаңтарында кірістік. Ол кезде бүкіл Тувалуда шомылдыру рәсімінен өткен үш-ақ жариялаушы бар еді.
Тувалу тілін үйрену оңай болған жоқ. Бұл тілде жарық көрген кітап тек “Жаңа өсиет” еді. Сөздіктер де, тіл үйрететін дәрістер де жоқ болғандықтан, біз күніне 10—20 сөзден жаттаймыз деп шештік. Бірақ көп ұзамай жаттаған сөздеріміздің көбісінің мағынасын ұқпағанымызды түсіндік. Жұртқа “бақсы-балгерлікпен айналысу дұрыс емес” деудің орнына, біз “таразы мен таяқтан аулақ болыңдар” деп жүріппіз! Бірақ тіл үйренуді жалғастыра беруіміз керек еді, өйткені біраз адаммен зерттеу сабағын бастағанбыз. Біраз жылдардан кейін алғашқыда бізбен Киелі кітапты зерттегендердің бірі былай деді: “Біздің тілді үйреніп алғандарың қандай жақсы болды. Әйтпесе, бастапқыда не айтып жатқандарыңды мүлдем түсінбейтінбіз!”
Бірақ, бір жағынан, біз үшін тіл үйренуге қолайлы жағдай туды: жалдайтын пәтер табылмағандықтан, басты ауылда тұратын Куәгер отбасының үйіне тоқтадық. Осылай тувалу тілі мен өмір салтына сүңгіп кеттік. Біраз жыл ағылшынша сөйлемегендіктен, тувалу негізгі тілімізге айналды.
Біз келгеннен кейін көп ұзамай-ақ шындық жайлы білгісі келетіндер көбейе бастады. Бірақ олармен не зерттерімізді білмедік. Өйткені олардың тілінде бірде-бір әдебиет жоқ еді. Олар қалай жеке зерттеу жүргізеді? Қауымға келе бастаса, қандай әндер айтады? Қауымға Қор. 1-х. 14:9). Біз: “Он бес мыңға да жетпейтін адам сөйлейтін тувалу тілінде әдебиет шыға қояр ма екен?”— деп ойладық. Жоғарыдағы сұрақтардың жауабы ретінде Ехоба келесі екі жайтқа көзімізді жеткізді: 1) ол өз Сөзінің “шалғайдағы аралдарға жарияланғанын” және 2) осы дүниедегілер “түкке тұрғысыз деп менсінбей қарайтындардың” өз есімін паналағанын қалайды (Ерм. 31:10; Қор. 1-х. 1:28).
қалай дайындалады? Шомылдыру рәсімінен өте алу үшін қалай рухани өседі? Сол кішіпейіл жандарға өз тілдерінде рухани ас-су қажет еді (АУДАРМА ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
1980 жылы филиал бізді аудармашы етіп тағайындады. Біз бұл іс мүлдем қолымыздан келмейді деп ойладық (Қор. 1-х. 1:28, 29). Содан алдымен біз қауымда талқыланатын әдебиеттерді басу үшін үкіметтен ескі мимеограф сатып алдық. Біз тіпті “Мәңгілік өмірге алып баратын шындық” кітабын аударып, сол машинада басып шығардық. Бояудың ащы иісі әлі мұрныма келеді, тропиктің аптап ыстығымен арпалысып жүріп, сол әдебиеттердің бәрін қолдан басқанымыз да көз алдымда. Ол кезде электр қуаты жоқ еді!
Жұмыс барысында сүйенуге болатын кітаптар жоқтың қасы болғандықтан, тувалу тіліне аудару оңай болған жоқ. Бірақ кейде күтпеген адамдардан көмек келетін. Бірде мен шатасып, Киелі кітаптағы шындыққа қарсы болған кісінің есігін қақтым. Бұрын мұғалім болған егде тартқан үй иесі оны мазаламауымыз керек екенін есімізге салды. Сосын: “Сендерге бірдеңе айтайын: аудармаларыңда ырықсыз етісті тым көп қолданасыңдар. Бұл тувалу тіліне жат”,— деді. Өзгелерден сұрап көргенімде, айтқаны рас болып шықты. Сондықтан аудармамызға қажетті өзгерістер жасадық. Ал әлгі кісі әдебиеттерімізді оқиды екен. Менің бір таңғалғаным — Ехоба бізге шындыққа қарсы адам арқылы көмектесті!
*!
Тувалу тілінде таратуға арналған алғашқы әдебиет Еске алу кешіне шақыру қағазы еді. Сосын ағылшын тілімен бір мезгілде “Патшалық туралы хабар” топтамасынан № 30 буклет шықты. Жұртқа өз ана тілінде әдебиет беру неткен ғанибет! Уақыт өте келе тувалу тіліне кей кітапшалар, тіпті кітаптар да аударылды. 1983 жылы Австралиядағы филиал үш айда бір шығатын 24 беттік “Күзет мұнарасын” басып шығара бастады. Осының арқасында біз апта сайын орта есеппен жеті абзац талқылайтын болдық. Тувалу халқына әдебиеттеріміз ұнады ма? Ұнағанда қандай, өйткені олар оқығанды жақсы көреді. Жаңа әдебиеттің шығатыны мемлекеттік радио стансысынан үнемі хабарланып отыратын. Ал кейде тіпті басты жаңалық етілетінАударма жұмысы қаламсап пен қағаздан басталды. Кейінірек қолдан жазылған аударма Австралия филиалындағы баспаға жіберілмес бұрын, бірнеше рет машинкада басылатын. Кезінде филиалда тувалу тіліндегі әр мәтінді компьютерде теретін екі бауырлас бар еді. Олар тіпті тувалу тілін білмейтін де. Сосын қате кетпеу үшін, екеуі терген мәтін арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы салыстырылатын. Бұдан кейін терілген беттер тексерілу үшін әуе поштасымен бізге жіберілетін, ал біз тексеріп, қайта жіберетінбіз.
Бүгінде бәрі де өзгерген! Аудармашылар бірден компьютерге жазады. Көп жағдайда тексерілген жұмыс жергілікті филиалда теріледі де, басып шығаратын филиалға Ғаламтор арқылы жіберіледі. Қағазға жазылған аударманы дер кезінде жіберу үшін, бұрынғыдай аласұрып поштаға жүгірудің қажеті жоқ.
БАСҚА ТАПСЫРМАЛАР
Уақыт өтіп жатты, Дженни екеуміз Тынық мұхитының шартарабына неше түрлі тапсырмалармен бардық. 1985 жылы Тувалудан Самоа филиалына тағайындалдық. Ол жерде біз әлі де тувалу тіліне аудара жүріп, самоа, тонга, токелау аудармашыларына қолғабыс еттік *. Ал 1996 жылы Фиджи филиалына тағайындалып, ол жерде де аудармашылармен қызметтестік. Бұл жолы фиджи, кирибати, науру, ротума, тувалу аудармашыларына көмектестік.
Мен әдебиеттерімізді аударатын бауырластардың ынта-жігеріне қайран қаламын. Аударма жұмысы оңай емес, ал кейде қатты қажытады. Бірақ бұл адал бауырластар Ехобаға еліктеп, ізгі хабардың “әрбір ұлт, ру, тіл және халыққа жарияланғанын” қалайды (Аян 14:6). Мысалы, тонга тіліне “Күзет мұнарасы” аударылатын болып шешілгенде, мен барлық ақсақалдармен кездесіп, кімнің аудармашы болуды үйрене алатынын сұрадым. Сонда механик болып істейтін бір ақсақал келесі күні-ақ жап-жақсы жұмысын тастап, аударма жұмысына кірісуді ұсынды. Мен оның сеніміне тәнті болдым. Себебі ол отбасын қалай бағатынын білмесе де, көмектесуге дайын еді. Бірақ Ехоба оның өзінің де, отбасының да қамын жасады. Сондықтан ол көп жыл бойы аударма ісімен айналысты.
Осы адал бауырластар сияқты, Басқарушы кеңесті де шағын халықтардың рухани қажеттілігі қатты қызықтырады. Мысалы, бір кездері “Әдебиеттерімізді тувалу тіліне аудару үшін осыншама күш салғанымыз соған тұра ма?” деген сұрақ көтерілді. Мен Басқарушы кеңестен келген жауапты оқығанда, қатты жігерлендім. Олар былай деп жазыпты: “Тувалу тіліндегі аударма ісін доғаруға еш себеп көріп отырған жоқпыз. Басқалармен салыстырғанда Тувалу танабы кішкентай болып көрінгенмен, халыққа ізгі хабар өз тілінде жету керек”.
2003 жылы Дженни екеуміз Фиджи филиалындағы аударма бөлімінен Паттерсондағы (Нью-Йорк) Аударма топтарына қызмет көрсету бөліміне ауыстырылдық. Бұл жайлы тіпті армандамаған да едік! Осылай біз әдебиеттерімізді басқа тілдерге тәржімелейтін аудармашыларға көмектесетін топтың мүшесі болдық. Содан екі жылдай түрлі елдерге барып, аударма топтарын үйретіп жүрдік.
ТАРИХИ ШЕШІМДЕР
Енді әңгімемнің басында айтқан оқиғаға оралайын. 2000 жылы Басқарушы кеңес дүниежүзіндегі аударма топтары көмекке мұқтаж екенін көрді. Сол уақытқа дейін аудармашылардың басым бөлігі арнайы дайындықтан өтпеген еді. Біз Жазушылар комитетіне өз ұсынысымызды жасағаннан кейін, Басқарушы кеңес дүниежүзі бойынша барлық аудармашыларды үйрету бағдарламасын мақұлдады. Аталмыш бағдарлама ағылшын тілін тереңдетіп түсіну, аударма техникасы және топпен жұмыс істеу тәсілінен тұрды.
Мұның жемісі қандай болды? Аударманың сапасы артты. Мұнымен қоймай, әдебиеттеріміз бұрынғыдан әлдеқайда көп тілдерге аударыла бастады. Біз 1979 жылы миссионерлік қызметімізді алғаш бастағанда “Күзет мұнарасы” журналы небәрі 82 тілде, көбісі ағылшын тілінен бірнеше ай кешігіп шығатын. Ал қазір бұл журнал 240-тан аса тілде, әрі көбісі ағылшын тілімен бір мезгілде шығады. Бұған қоса, біздің әдебиеттерді 700-ден аса тілде оқуға болады. Бірнеше жыл бұрын бұлай болары үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген еді.
2004 жылы Басқарушы кеңес тағы бір маңызды шешім қабылдады, атап айтқанда, Киелі кітап аудармасын жылдамдатты. Содан бірнеше айдан кейін, Киелі кітапты аудару ісі маңыздылық жағынан бірінші орынға қойылды. Осының арқасында біраз тілдерде “Жаңа дүние аудармасы” жарық көрді. 2014 жылы Киелі кітап 128 тілде толықтай не кей бөлімдері қолжетімді болды. Сол тілдер арасында оңтүстік Тынық мұхит тілдері де бар.
Өмірімде елеулі орын алған оқиғалардың бірі — 2011 жылы маған Тувалуда өтетін
конгреске бару тапсырылды. Бірнеше ай бойы елде қатты қуаңшылық болып, конгресс өтпей қалатындай көрінді. Бірақ біз елге келген күні кешке тропикалық нөсер құйды. Сондықтан конгресс өтетін болды! Маған “Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасының” тувалу тілінде жарық көргенін конгресте хабарлау мәртебесі тиді. Тувалу осы керемет сыйды алған ең кішігірім тіл еді. Конгресс аяқталарда тағы да нөсер төкті. Осылай бәріміз рухани су мен кәдімгі суға қарық болдық!Өкініштісі, маған 35 жыл адал жар болған Дженни осы бір айтулы сағатты көре алмады. Ол қатерлі ісікпен он жыл күресіп, 2009 жылы өмірден озған еді. Дженни қайта тіріліп, тувалу тілінде Киелі кітаптың шыққанын естігенде, қатты қуанарына сенімдімін.
Уақыт өте Ехоба маған тағы бір көрікті жар сыйлады. Оның аты — Лорейни Сикиво. Лорейни мен Дженни Фиджи Бетелінде бірге жұмыс істеген. Ол — фиджи тілінің аудармашысы. Осылай менің бүгін де адал жарым бар, әрі екеуміздің Ехобаға деген қызметіміз бен тілге деген махаббатымыз ортақ!
Өткен өміріме қарап, көктегі сүюші әкеміз Ехобаның әртүрлі тілдерде сөйлейтін үлкенді-кішілі халықтардың әлі де қамын ойлап жатқанын көргенде, қатты жігерленіп қаламын (Зәб. 49:1—3). Менің байқағаным — адам алғаш рет өз тілінде әдебиет алғанда немесе жүрегіне жақын тілде Ехобаға ән шырқағанда жүзі бал-бұл жайнайды. Осындай сәттерде Ехобаның зор сүйіспеншілігі жайлы ойлаймын (Ел. іс. 2:8, 11). Сауло Теази деген егде тартқан тувалу бауырластың сөздері әлі күнге дейін құлағымда жаңғырып тұр. Ол өз тілінде алғаш рет Патшалықты дәріптейтін ән айтқаннан кейін: “Мына әндер ағылшыннан гөрі тувалу тілінде әлдеқайда жақсы. Сен мұны Басқарушы кеңеске айтуың керек деп ойлаймын”,— деген еді.
2005 жылдың қыркүйегінде өзім күтпеген мәртебе беріліп, Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесінің мүшесі болып тағайындалдым. Қазір мен аудармашы бола алмаймын, әйтсе де дүниежүзілік аударма ісіне қолғабыс етуге мүмкіндік беріп отырғаны үшін Ехобаға дән ризамын. Тынық мұхиттың ортасындағы оқшау аралдарды қоса алғанда, Ехоба бүкіл халқының рухани қажеттілігін қамтамасыз етіп отыр. Мұны білу неткен қуаныш! Иә, зәбүр жыршысы айтқандай, “Ехоба Патша болды! Лайым жер қуансын, Аралдар шаттансын” (Зәб. 97:1).
^ 18-абзац Әдебиеттерімізді жұрттың қалай қабылдағаны жайлы келесі журналдардан оқуға болады: “Күзет мұнарасы” (ор.) 2000 жыл, 15 желтоқсан, 32-б.; “Ояныңдар!” (ор.) 2000 жыл, 22 желтоқсан, 9-б.
^ 22-абзац Самоа тіліндегі аударма ісі жөнінде көбірек білу үшін 2009 жылғы “Жылнаманың” (ор.) 120, 121, 123—124 беттерін қара.