Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

“Мұндай адамдарды құрметтейік”

“Мұндай адамдарды құрметтейік”

БАСҚАРУШЫ КЕҢЕС 1992 жылдан бері тәжірибелі, рухани толысқан ақсақалдарды өзінің қоластындағы комитеттерде қызмет етуге тағайындап келеді *. “Басқа қойларға” жататын бұл көмекшілер Басқарушы кеңеске баға жетпес қолдау көрсетеді (Жох. 10:16). Олар өздері тағайындалған комитеттің апта сайынғы кездесуіне қатысады. Олардың міндеті — керекті мәліметтерді жинап, ұсыныстар айту. Ал соңғы шешімді Басқарушы кеңестің мүшелері қабылдайды. Көмекшілер болса сол шешімнің жүзеге асырылуын қадағалайды. Сонымен қатар бұл көмекшілер Басқарушы кеңестің мүшелерімен бірге арнайы және халықаралық конгрестерге барады. Сондай-ақ бас басқарманың өкілдері ретінде әртүрлі филиалдарға сапар шегеді.

Осы шара іске қосылғалы бері қызмет етіп келе жатқан көмекшілердің бірі: “Мен өзіме жүктелген міндетті атқарған кезде, Басқарушы кеңес рухани нәрселерге көп көңіл бөле алады”,— деп бөлісті. 20 жыл бойы көмекші болып қызмет етіп келе жатқан өзге бауырлас: “Мұндай мәртебеге ие боламын деп ешқашан ойламаппын”,— деді.

Басқарушы кеңес өз көмекшілеріне өте көп жауапкершілік жүктеген, әрі олар осы адал бауырластардың ауыр еңбегін аса жоғары бағалайды. Ендеше, бәріміз де “мұндай адамдарды құрметтейік” (Філіп. 2:29).

^ 2-абзац “Құдай Патшалығы билік етуде!” (ор.) кітабының 12-тарауындағы “Қалай Басқарушы кеңес Патшалықтың мүддесін ойлайды?” деген қоршаудан Басқарушы кеңестің алты комитеті атқаратын жауапкершіліктер туралы қысқаша мәліметті қара.