Анаға нағыз қанағат беретін еңбек
Анаға нағыз қанағат беретін еңбек
ДҮНИЕЖҮЗІНДЕГІ әйелдердің басым көпшілігі үйден тыс жерде жұмыс істейді. Өнеркәсіп дамыған елдерде көп әйел ерлер сияқты ақы төленетін жерде еңбек етеді. Ал дамушы елдерде тұратын әйелдердің көбі отбасын қамтамасыз ету үшін күні бойы танапта ауыр жұмыс істейді.
Қаражат та табамын, үй ішінің шаруасын да атқарамын деп, шыр көбелек айналып жүрген әйелдер көп. Олар азық-түлік, киім-кешек, баспана үшін ақша тауып қана қоймайды, сондай-ақ тамақ дайындайды, кір жуады, үй тазалайды.
Бұған қоса мәсіхші аналар балаларына рухани тәрбие беруге тырысады. Кішкентай екі қызы бар Кристина: “Шыны керек, жұмыс пен үй шаруасын бірдей алып жүру, әсіресе жас балаларың бар болса, өте қиын. Оларға қажетті шамада көңіл бөлу оңай емес”,— дейді.
Аналарды жұмыс істеуге не мәжбүрлейді? Олар қандай қиындықтарға кезігеді? Нағыз қанағат алу үшін аналар міндетті түрде жұмысқа шығулары керек пе?
Аналар неге жұмысқа шығады?
Көпшілігін жұмысқа шығуға негізгі қажеттіліктері мәжбүрлейді. Кейбіреулері отбасын асырайтын отағасы болмағандықтан, ал басқа біреулері бір адамның тапқаны жеткіліксіз болғандықтан жұмыс істейді.
Рас, аналардың бәрі бірдей қаржы жағынан қиналғандықтан жұмыс істеп жатқан жоқ. Көп әйел өз қабілеттерін толыққанды қолданғысы келеді. Ал кейбіреулері тәуелсіз болуды не керек-жарақтарына жұмсауға өз ақшасының болғанын қалайды. Сондай-ақ кәсібін ұнататын да әйелдер бар.
Құрбыларының сөзі де кейбір аналарды жұмысқа шығуға мәжбүрлейді. Адамдардың көбісі жұмыс істеп жүрген әйелдердің жүйкелері тозып, шаршап жүретінін білсе де, үйде отырған аналарды түсінбейді, тіпті кемсітеді. Бір әйел налып, былай деді: “Үйде отырғанымды бәріне түсіндіре беру оңай емес. Кейбіреулерге өмірім босқа өтіп жатқандай көрінгендіктен, сөзбен де, ым-ишаратпен де маған
тиісіп кетеді”. Екі жасар қызына қарап отырған Ребекка болса былай дейді: “Қоғам ананың балаға қарап, тәрбие беруі керек екенін түсінеді, сөйте тұра үйде отырған аналарды төмен санайды”.Ойдан шығарылған “үлгілі әйел”
Кейбір елдерде ақпарат құралдары “үлгілі әйелді” жұмысында табысты, мұнтаздай киініп жүретін және өз-өзіне сенімді етіп көрсетеді. Мұндай әйел үйіне келгенде балаларының қиындықтарын шешіп, күйеуінің қателіктерін түзетіп, үй шаруасын тындырып тастайды. Әрине, мұндай үлгіге сай келе алатын әйел кемде-кем.
Негізінде, әйелдер істейтін жұмыстың көбісі бірсарынды және төмен ақылы. Оның үстіне, әйелдер жұмыс орындарында өз қабілеттерін толық қолданып жатқан жоқ. “Қоғамдық психология” кітабында: “Ерлер мен әйелдер теңдігіне қол жеткізіліп жатса да, жалақысы жоғары және беделді қызметте отырғандардың басым бөлігі ер адамдар. Ал өз ісіне бүкіл өмірін арнаған әйелдердің мұндай дәрежеге жетуі екіталай”,— делінген. Бір Испания газетінде: “Әйелдердің көбісі үйде де, түзде де тынбай екі мезгіл жұмыс істегендіктен, ерлерге қарағанда стреске үш есе жиі ұшырайды”,— деп жазылды (El Pais).
Күйеулер қалай көмек бере алады?
Әрине, мәсіхші аналар жұмысқа шығу-шықпауды өздері шешеді. Алайда, жұбайы бар болса, барлық жағдайды бірге отырып мұқият қарастырып алған соң, шешім қабылдағаны жөн (Нақыл сөздер 14:15).
Отбасын асырауға бір адамның табысы жеткіліксіз болғандықтан, әйелінің де жұмыс істеуі керек болса ше? Мұндай жағдайда отағасының Киелі кітаптағы келесі өсиетке баса назар аударғаны даналыққа жатады. “Күйеулер, әйелдеріңе ілтипат пен қамқорлық көрсетіп бірге өмір кешіңдер! Жан-тәндерінің нәзік екенін түсіне отыра, оларды ерекше қастерлей біліңдер, себебі Құдай рақым етіп сыйлаған мәңгілік өмірді сендермен бірге олар да иемденеді” (Петірдің 1-хаты 3:7). Күйеуі әйелінің тәндік және эмоционалдық жағынан нәзіктеу екенін ескеріп, оған құрмет көрсетеді. Ол мүмкіндігінше әйеліне үй шаруасында көмектеседі. Исаға еліктеп, ұсақ-түйек істерді еркектің ісі емес деп санамайды (Жохан 13:12—15). Қайта, мұны ауыр еңбек етіп жүрген әйеліне сүйіспеншілік танытудың жолы деп қарастырады. Ал әйелі болса мұндай көмекті жоғары бағалайды (Ефестіктерге 5:25, 28, 29).
Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істеу керек болса, үй шаруасын бір-бірімен келісіп атқарғаны маңызды. Испанияда шығатын бір газетте (ABC) осы жайтқа ерекше назар аударылған. Онда отбасы мәселелері жөніндегі мекеменің жүргізген зерттеулерін түсіндіре келе, Испаниядағы ажырасудың көбейіп кетуінің себебі — “діни не моральдық нормалардың бұзылуы” ғана емес, “басқа бір қабаттасқан екі жайт: әйелдердің жұмысқа шығуы мен күйеулердің үй ішінің шаруасына көмектеспеуі” екені айтылған.
Мәсіхші аналардың маңызды рөлі
Ехоба бала тәрбиесін ең алдымен әкеге жүктегенімен, мәсіхші аналар да, әсіресе балаларының кішкентай кезінде, өздеріне маңызды рөл сеніп тапсырылғанын түсінеді (Нақыл сөздер 1:8; Ефестіктерге 6:4). Ехоба исраилдіктерге Заңды балаларының санасына құю әкелердің де, аналардың да міндеті екенін айтқан. Бала тәрбиесінде жетістікке жету үшін, әсіресе баланың қалыптасу кезеңінде, уақыт пен шыдамдылық керек екенін Құдай біледі. Сондықтан ол ата-анаға баланы ‘үйде отырғанда, жол жүргенде, жатар алдында және орнынан тұрғанда’ тәрбиелеуді бұйырды (Заңды қайталау 6:4—7).
Нақыл сөздер 6:20). Мұндағы “тәлім” деп аударылған еврей сөзі сөзбе-сөз “заң” дегенді білдіреді. Әрине, некедегі әйел балаларына қандай да бір заң орнатпас бұрын, күйеуімен ақылдасады. Алайда осы тармақтан көрінетіндей, олардың заң орнатуға құқы бар. Құдайдан қорқатын анадан рухани әрі құлықтылық заңдарды ұстануды үйренген балалар көп игілік көреді (Нақыл сөздер 6:21, 22). Екі жас баланы тәрбиелеп отырған Тереза жұмысқа шықпағанын былай деп түсіндірді: “Балаларымды Құдайға қызмет ету үшін тәрбиелеу менің басты міндетім. Осы жұмысымды мүмкіндігінше жақсы орындағым келеді”.
Құдай Сөзі: “Анаң берген тәлімнен де бас тартпа”,— деуімен, ананың маңызды да қадірлі рөліне баса назар аударады (Игі әсерін тигізе алған аналар
Исраилдің Лемуел патшасы анасының шын жүректен берген кеңестерінің пайдасын көргені анық. “Түзету үшін” берген сол ананың “өсиет сөздері” Құдай рухының жетелеуімен жазылған Кітапқа енген (Нақыл сөздер 31:1, ЖД; Тімотеге 2-хат 3:16). Анасының еңбекқор, жақсы әйелдің қандай болатынын түсіндіргені баласына лайықты жар таңдауға көмектескен. Сондай-ақ оның азғындыққа және ішімдікке қатысты берген ескертулері әлі күнге дейін пайдалы (Нақыл сөздер 31:3—5, 10—31).
Бірінші ғасырда өмір сүрген елші Пауыл Тімотеге жақсы тәрбие бергені үшін анасы Әуникені мақтаған. Оның күйеуі грек құдайларына табынған болса керек. Сондықтан Әуникеге Тімотені Киелі жазбалардағы сөздерге сенуге көмектесуі керек болған еді. Ол баласын Жазбалармен қай кезден бастап таныстыра бастаған? Киелі кітапта ‘балалық шағынан’, яғни Тімоте сәби болған кезінен, делінген (Тімотеге 2-хат 1:5; 3:14, 15). Оның сенімі мен үлгісінің, сондай-ақ тәлімінің арқасында Тімоте ер жеткенде миссионер болып қызмет ете алды (Філіпіліктерге 2:19—22).
Киелі кітапта кейбір әйелдердің Құдайдың адал қызметшілеріне қонақжайлық танытып, балаларына жақсы үлгі алуға жағдай жасағаны айтылған. Мысалы, сонамдық әйел Елішә пайғамбарға қонақжайлық көрсететін. Кейінірек, Елішә оның аяқ астынан өліп қалған баласын қайта тірілтеді (Патшалықтар 4-жазба 4:8—10, 32—37). Ізгі хабардың бір кітабын жазған Марқаның шешесі Мәриямның мысалын да қарастырайықшы. Ол Иерусалимдегі үйін алғашқы шәкірттерге кездесу өткізу үшін ұсынған болса керек (Елшілердің істері 12:12). Үйлеріне үнемі келіп тұрған елшілермен және өзге мәсіхшілермен араласу Марқаға зор пайдасын тигізгені сөзсіз.
Ехоба өзінің принциптерін балаларына үйретіп жатқан осындай әйелдердің еңбегін жоғары бағалайды. Ол адалдықтары мен үй ішіндегілеріне рухани салауатты болуға көмектесіп жатқаны үшін оларды жақсы көреді (Патшалықтар 2-жазба 22:26; Нақыл сөздер 14:1).
Ең пайдалы шешім
Киелі кітаптан алынған осы мысалдардан көрініп отырғандай, отбасының тәндік, рухани және эмоционалдық қажеттілігін қамтамасыз етудің зор пайдасы бар. Бірақ бұл оңай іс емес. Олай болса, ананың үй ішіндегі еңбегі сырттағы беделді жұмыстан әлдеқайда маңызды.
Рас, кейде әйел отағасымен ақылдасып алып, сырттағы жұмысын қысқартуды шешсе, оған мұндай шешімді түсінбейтіндердің сынап-мінеген сөздеріне төтеп беру керек болуы мүмкін, сондай-ақ отбасы қаржысын үнемдеп жұмсау керек болатын шығар. Алайда бұл соған тұратын құрбандық. Үш бала өсіріп, жарты күндік жұмыс істеп жүрген Паки былай дейді:
“Балаларым мектептен келгенде, үйде болып, оларды қарсы алу маған ұнайды”. Мұның балаларына қандай пайдасы тиіп жатыр? “Мен оларға үй жұмысын істеуге көмектесем және қиыншылық туындаса, сол замат шешіп отырам,— дейді ол.— Күнде балаларымның қасында болғанымның арқасында арамыз жақындай түсті әрі ашық пікір алысып тұрамыз. Балаларыммен өткізген уақыт мен үшін өте бағалы, сондықтан толық уақытты жұмыстан бас тарттым”.Көптеген мәсіхші аналар сырттағы жұмысқа кететін уақытты қысқартқандары отбасы үшін пайдалы болғанын байқаған. Жоғарыда айтылып кеткен Кристина былай деп түсіндіреді: “Жұмысқа шықпауды шешкенде, отбасымыз ұйыған айрандай болды. Балаларыммен сөйлесуге уақытым болды және күйеуіме де көп пайдам тиді. Қыздарыма тәлім беруден, әрі мұның жемісін көруден көп қуаныш ала бастадым”. Кристина әсіресе есінде қалған бір жағдай жайлы былай деді: “Менің үлкен қызым жүруді бала бақшада үйренген болатын. Ал кіші қызыма жүруді өзім үйреттім. Ол алғаш рет тәй-тәй басып сәл жүрді де, құшағыма келіп құлай кетті. Сонда ішім елжіреп, қатты қуанғаным ай!”
Көңіл қоятын тағы бір жайт: әйел адам жұмыс істемесе, отбасы қаржы жағынан өздері ойлағандай көп зиян шекпейді. “Тапқан табысымның көбі балаларыма күтуші жалдауға және жолыма кететін. Жағдайымызды күйеуімізбен мұқият қарастырғанда, менің айлығым отбасы қаржысына айтарлықтай үлес қосып жатпағанын түсіндік”,— деді Кристина.
Кейбір ерлі-зайыптылар өз жағдайларын жан-жақты қарастырып, әйелінің бар уақытын отбасына жұмсағаны кез келген құрбандыққа баруға тұрады деп шешеді. Кристинаның күйеуі Пауыл былай дейді: “Әйелімнің үйде екі баланың жағдайын жасап отырғанына ризамын. Ол жұмысқа шығып жүргенде, екеуіміз де қатты шаршайтын едік”. Олардың шешімі екі қызына қалай әсер етті? “Олар әлдеқайда қауіпсіз сезініп қана қойған жоқ, жас шақтарында зиян тигізетін көп нәрселерден аулақ болды”,— деді Пауыл. Неге бұл отбасы қыздарына мүмкіндігінше көп уақыт бөлуді маңызды деп санады? Пауыл бұл сұраққа: “Егер балаларымыздың жүрегіне біз әсер етпегенде, мұны басқа біреу істейтін еді”,— деп жауап берді.
Әрине, әрбір отбасы өз жағдайларын өздері қарастырады және олардың қабылдаған шешімдерін ешкім сынамауы керек (Римдіктерге 14:4; Салониқалықтарға 1-хат 4:11). Қандай болған күнде де, әйелі толық уақыт жұмыс істемейтін отбасыларының көп игілік көріп жатқанын айтпай кетуге де болмайды. Жоғарыда айтылып кеткен Тереза өз жағдайын қорытындылай келе: “Балаларымның қамын жасауға және оларға тәрбие беруге барынша көп уақыт жұмсаудан нағыз қанағат аламын”,— деді (Забур 126:3).
[31-беттегі сурет]
Мәсіхші аналар балаларына тәрбие беруді маңызды жұмыс деп санайды