Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ежелгі Италиядағы шығыс азиялық адам

Ежелгі Италиядағы шығыс азиялық адам

Ежелгі Италиядағы шығыс азиялық адам

ОСЫДАН 2000 жыл бұрын шығыс азиялық адам ежелгі Рим империясының жеріне қалай тап болған? 2009 жылы Италияның оңтүстігінде қазба жұмыстарын жүргізген археологтарды осы сұрақ қатты қызықтырды.

Бари қаласынан батысқа қарай 60 шақырым жердегі Вагнариде ежелгі Рим заманынан қалған мола табылды. Онда 75 адам жерленген екен. Табылған сүйектерді зерттеу нәтижесінде басым көпшілігі сол аймақтың адамдары болғаны анықталды. Алайда бір адамның сүйегі зерттеушілерді таңғалдырды. Митохондриядағы ДНҚ-ға талдау жасаудың арқасында ол анасының жағынан тегі шығыс азиялық екені және мүрденің б. з. I—II ғасырларында жерленгені анықталды a. Зерттеушілер: “Рим империясының заманынан қалған молалардан тегі шығыс азиялық адамның сүйегі алғаш рет табылып отыр”,— дейді. Ол кім болды екен?

“Алғашында бұл кісі Қытай мен Римнің арасында дамыған жібек саудасына қатысы болған адам деп ойлап қаласың”,— дейді зерттеушілер. Алайда ежелде жібек саудасы бірнеше делдал арқылы жүргізілген. Әрі біреудің Қытайдан не оның маңынан Италия жеріне 8000 шақырым жол жүріп келді деуге айтарлықтай айғақтар жоқ.

Азиялық адамның сүйегі табылған орынға қарап не білуге болады? Ежелгі уақытта Вагнари императордың иелігі, яғни қарауындағы жері болған. Ондағы жұмысшылар темір балқытумен және кірпіш жасаумен айналысқан. Жұмысшылардың көбі құлдар еді, кейбіреулері шығыс азиядан әкелінген болуы да мүмкін. Тағы бір ескеретін жайт, жерленген орын бай адамдікіне ұқсамайды. Онда мүрдемен қоса көмілген заттардан жалғыз кесе ғана сақталған. Бұған қоса ол басқа мәйіттердің аяқ жағында жерленген.

Бұл сүйектің табылуы несімен қызық? Б. з. I ғасырында мәсіхшілер айтқан хабардың таралуы адамдардың қаншалықты алыс жерге сапар шеге алатынына байланысты болған. Киелі кітапта б. з. 33 жылының “Елуінші күн мейрамынан” кейін Иерусалимге келген шетелдіктер ізгі хабарды жан-жаққа таратқаны айтылған (Елшілердің істері 2:1—12, 37—41). Италияда шығыс азиялық адамның сүйегінің табылуы сол заманда кейбір адамдардың Шығыс Азиядан Жерорта теңізінің аймағына дейін сапар шеккеніне нұсқайды b.

[Сілтемелер]

a Митохондриядағы ДНҚ-ны талдау әкесі жағынан шығу тегіне қатысты ешқандай мәлімет бере алмайды.

b Батыс тұрғындарының да Шығыс Азияға сапар шеккеніне айғақтар бар. “Миссионерлер қаншалықты алыс жерге сапар шеккен?” деген мақаланы қараңыз (“Күзет мұнарасы” 1 қаңтар, 2009 жыл ор.).

[29-беттегі карта]

(Толық мәтінді басылымнан қараңдар)

РИМ

Вагнари

Жерорта теңізі

ШЫҒЫС АЗИЯ

ТЫНЫҚ МҰХИТЫ

[29-беттегі сурет]

Ежелгі римдіктердің моласынан табылған шығыс азиялық адамның сүйегі

[Түпдерек]

© Su concessione del Ministero per i Beni e le Attività Culturali - Direzione Regionale per i Beni Culturali e Paesaggistici della Puglia - Soprintendenza per i Beni Archeologici della Puglia