Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Қасиетті нәрсені бағалаңдар

Қасиетті нәрсені бағалаңдар

Жастарымызға арналған

Қасиетті нәрсені бағалаңдар

Нұсқаулар: Бұл жаттығуды тыныш жерде орында. Әңгімені оқығанда, оқиғаны көз алдыңа елестет және өзіңді сол оқиғаның ішінде жүргендей сезін. Дауыстарды естуге тырыс. Басты кейіпкерлердің сезімін түсіну үшін, өзіңді солардың орнына қойып көр.

Басты кейіпкерлер: Ысқақ, Рабиға, Жақып пен Есау

Қысқа мазмұны: Есаудың егіз бауыры Жақыпқа тұңғыштық жолын сатуы.

1. ОҚИҒАНЫ ҚАРАСТЫР. ЖАРАТЫЛЫС 25:20—34 ОҚЫ.

Жақып пен Есау аналарының құрсағында жатқанда қандай мінез танытты?

․․․․․

Келбеті мен дене бітімі жағынан Жақып пен Есау қандай жігіттер болған деп ойлайсың?

․․․․․

30—33 тармақтарда жазылған сөздерден Жақып пен Есаудың қандай сезімдерін байқадың?

․․․․․

ТЕРЕҢІРЕК ОЙ ЖҮГІРТ.

Қолда бар әдебиеттерді қолданып, тұңғыш ұлдың қандай құқықтары болғанын зертте. Мұндай құқық несімен маңызды болған? Есаудың тұңғыштық жолын жасымықтан пісірген көжеге сатқаны нені білдірді?

․․․․․

2. ОҚИҒАНЫ ҚАРАСТЫР. ЖАРАТЫЛЫС 27:1—10, 30—38 ОҚЫ.

Тұңғыштық жол әкелетін баталарға Жақып ие болғанын білген кезде айтқан Есаудың сөздерінен оның қандай сезімде болғанын көреміз?

․․․․․

ТЕРЕҢІРЕК ОЙ ЖҮГІРТ.

Рабиға мен Жақыптың осы оқиғадағы әрекеттері бұрыс болды ма? Неге? (Жаратылыс 25:23, 33 қара.)

․․․․․

3. БІЛГЕНДЕРІҢДІ ІС ЖҮЗІНДЕ ҚОЛДАН. МЫНА НӘРСЕЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛГЕНІҢДІ ЖАЗ:

Қалауды сол замат қанағаттандыруға тырысудың ұзақ уақытқа созылатын салдары.

․․․․․

ТАҒЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?

Саған қандай қасиетті нәрсе сеніп тапсырылған?

․․․․․

Қасиетті нәрселерді бағалайтыныңды нақты қандай әрекеттеріңмен көрсете аласың?

․․․․․

4. ОСЫ ОҚИҒАДА САҒАН ЕҢ ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТКЕН НЕ БОЛДЫ ЖӘНЕ НЕЛІКТЕН?

․․․․․

Киелі кітабың болмаса, Ехоба куәгерлерінен бір данасын сұра.