Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

3-пайғамбарлық. Індеттер

3-пайғамбарлық. Індеттер

3-пайғамбарлық. Індеттер

“Індеттер... болады” (ЛҰҚА 21:11).

● Азамат соғысы өршіген бір африкалық елде, Бонзали есімді денсаулық сақтау орталығының қызметкері Марбург вирусынан өліп жатқан шахтёрлерге аз да болса көмек көрсетуге тырысты *. Оның сол аумақтағы үлкен қаланың әкімшілігінен көмек сұраған бірнеше өтініші жауапсыз қалды. Көмек төрт айдан кейін бір-ақ келді, алайда ол кезде Бонзали қайтыс болып кеткен еді. Ол шахтёрлерге көмектесем деп жүріп өзі де Марбург вирусын жұқтырып алған екен.

ДЕРЕКТЕР НЕНІ КӨРСЕТЕДІ? Төменгі тыныс алу жолдарының аурулары (мысалы өкпе қабынуы), диарея, АИТВ/ЖИТС, туберкулез және безгек адам баласына зардабын тигізіп жатқан ең қатерлі дерттердің қатарына жатады. Бір ғана 2004 жылдың ішінде осы індеттердің кесірінен 10,7 миллион адам, яғни үш секунд сайын бір адам, өлген.

ЖИІ АЙТЫЛАТЫН ҚАРСЫ ПІКІР: Адамзат баласы күннен-күнге көбейіп жатқандықтан, науқас адамдардың да көбеюі таңғаларлық жайт емес. Өйткені адам саны көбейген сайын аурудың таралу ықтималдығы да арта түседі.

МҰНДАЙ ПІКІР ДҰРЫС ПА? Жер бетінде адам санының күн санап өсіп жатқаны рас. Сонымен қатар адам баласының ауруды анықтау, бақылау және емдеу мүмкіндіктері де арта түсуде. Ендеше ауру-сырқау да бірте-бірте азаюы керек сияқты. Дегенмен бұл жай ғана қол жетпес арман тәрізді.

СІЗ ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗ? Киелі кітапта алдын ала айтылғандай, адамдар қатерлі дерттерден жапа шегуде ме?

Жер сілкіністері, ашаршылық және індеттер сияқты жансыз күштер миллиондаған адамға залалын тигізуде. Тағы басқалары адамдардан — жиі өздерін қорғауы тиіс жандардан — зорлық көреді. Киелі кітапта бұл туралы қандай пайғамбарлық айтылғанына назар аударыңызшы.

[Сілтеме]

^ 3-абзац Марбург ауруы Эбола тектес вирустан пайда болады.

[6-беттегі сөздер]

“Арыстанға не басқа бір жыртқышқа жем болу қандай қорқынышты болса, өзіңді және айналаңдағы адамдарды аурудың іштен жегені де тура сондай қорқынышты”. (ЭПИДЕМИОЛОГ МАЙКЛ ОСТЕРХОЛМ)

[6-беттегі түпдерек]

© William Daniels/Panos Pictures