Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Дүниежүзілік бейбітшілікке қол жеткізу неге қиын?
Киелі кітапта мұның басты екі себебі бар екені жазылған. Біріншіден, адамдар көп нәрселерге қол жеткізіп жатса да, олар өз-өздеріне басшылық беру қабілетімен жаратылмаған. Екіншіден, “бүкіл дүние Шайтанның билігінде” болғандықтан, адамзат құрған жүйе жақсы нәтиже әкелмеді. Иә, адамдар қанша күш салғанымен, дүниежүзіне бейбітшілік орната алмады (Еремия 10:23; Жоханның 1-хаты 5:19 оқыңыз).
Сондай-ақ адамдардың өзімшіл және атаққұмар болғаны дүниежүзіне бейбітшілік орнатуды қиындатады. Сондықтан адамдарға дұрыс нәрсені істеуді және басқалардың қамын ойлауды үйрететін дүниежүзілік үкімет қана мұны жүзеге асыра алады (Ишая 32:17; 48:18, 22 оқыңыз).
Жер бетіне бейбітшілікті кім орнатады?
Құдіреті шексіз Құдай бүкіл адамзаттың үстінен билік ететін үкімет орнататынын уәде етеді. Бұл үкімет адами үкіметтерді алмастырады (Даниял 2:44). Иса Мәсіх тыныштықты сыйлайтын әмірші ретінде билік ететін болады. Ол жер бетіндегі зұлымдықты жойып, адамзатты бейбіт өмір сүруге үйретеді (Ишая 9:6, 7; 11:4, 9 оқыңыз).
Қазірдің өзінде Исаның басшылығымен миллиондаған адам Құдай Сөзі Киелі кітаптың көмегімен өзгелерге қалай тату болуға болатынын үйретуде. Ал жақын болашақта дүниежүзілік бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін болады (Ишая 2:3, 4; 54:13 оқыңыз).