Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Діннің соғысқа деген қөзқарасы

Діннің соғысқа деген қөзқарасы

Альберто есімді ер адам әскер бөлімінде он жылға жуық қызмет етті. Ол былай деп есіне алады: “Дін қызметкері бізге “Құдай сендерге жар болсын” деп батасын беретін. Сонда “мен адам өлтіруге бара жатырмын, ал Киелі кітапта кісі өлтірме делінген ғой” деп ойладым”.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Рэй әскери флотта қызмет етті. Бірде ол дін қызметкерінен: “Сіз кемеге келіп, әскеріміз жеңіске жетсін деп дұға етесіз. Бірақ біздің қарсыластарымыз да дәл осылай етпей ме?”— деп сұрады. Ал дін қызметкері болса Құдайдың жолдары жасырын жатқан құпия деп жауап беріпті.

Мұндай жауап көп адамның көңілінен шықпайтыны анық.

КИЕЛІ КІТАП НЕГЕ ҮЙРЕТЕДІ?

Иса пайғамбар “Жақыныңды өзіңді сүйгендей сүй” деген өсиет Құдайдың адамдарға берген ұлы өсиеттерінің бірі екенін айтқан (Марқа 12:31). Бұл сөздерімен Иса адам өз жерінде тұратын не өз ұлтының өкілі болып табылатын адамдарды ғана жақсы көру керек дегенге меңземеген. Ол өз шәкірттеріне: “Менің шәкіртім екендеріңді жұрттың бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады”,— деген (Жохан 13:34, 35). Иә, шәкірттерінің бір-біріне деген зор сүйіспеншіліктері оларды ерекшелендіретін белгі болып табылады. Олар басқаларды өлтіруден бас тартып қана қоймай, бір-бірі үшін өмірлерін беруге дайын болу керек.

Ертедегі Құдайдың қызметшілері Исаның айтқан сөздеріне сай өмір сүрді. Бір энциклопедияда былай делінген: “[Оларға] адам өлтіруге тыйым салынатын. Бұл заң оларға рим әскерінің қатарына қосылуға рұқсат бермейтін” (“The Encyclopedia of Religion”).

ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІ ЖАЗБАЛАРҒА САЙ ӘРЕКЕТ ЕТЕ МЕ?

Ехоба куәгерлері жержүзіндегі елдердің барлығында дерлік тұрады. Сондықтан ұлтаралық қақтығыс болған аймақтардың екі жағында да тұратын Куәгерлер қиын жағдайға ұшырайды. Алайда мұндай кездері олар өздерін ерекшелендіретін сүйіспеншілікті сақтап қалуға барынша тырысады.

Дінбасылары адамдарды Құдай Сөзінде жазылғандай бір-бірін сүюге үйрете ме?

Мысалы, 1994 жылы Руандадағы хуту мен тутси тайпаларының арасында қақтығыс болғанда, Ехоба куәгерлері толықтай бейтараптық сақтады. Бір тайпадан шыққан Куәгерлер бастарын қатерге тігіп, басқа тайпадағы Куәгерлерді аман алып қалған. Бірде екі хуту Куәгері тутси тайпасынан шыққан бауырластарын жасырып қалады. Алайда хуту тайпасының интерахамве әскери жасағы әлгі екі Куәгерді ұстап алғанда, оларға: “Тутсилердің қашуларына көмектескендерің үшін өлуге тиіссіңдер!”— деді. Өкінішке қарай, олар сол екі хуту Куәгерді өлтірді (Жохан 15:13).

Қалай ойлайсыз, Ехоба куәгерлерінің іс-әрекеттері жанқиярлық сүйіспеншілікті танытуға қатысты Құдай Сөзінде жазылған өсиетке сай келе ме?