Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Кімдер көкке барады және неге?
Миллиондаған адам өлген соң көкке барамыз деп үміттенеді. Иса пайғамбар өзінің адал елшілерінің көкте өмір сүретінін айтқан болатын. Ол өлер алдында елшілеріне көктегі Әкесінің жанынан орын дайындайтынын уәде еткен (Жохан 14:2 оқыңыз).
Неге жердегі адамдар көкте өмір сүру үшін қайта тіріледі? Олар онда не істейді? Иса елшілеріне олардың патша болатынын айтқан. Олар жер бетіне билік жүргізетін болады (Лұқа 22:28—30; Аян 5:10 оқыңыз).
Жақсы адамдардың барлығы көкте өмір сүре ме?
Көп елде бірнеше адам ғана өзгелердің үстінен билік жүргізеді. Демек, Иса көктегі өмірге қайта тірілтетін адамдар жер бетіне билік жүргізетіндіктен, олардың да саны аз болады деу қисынды (Лұқа 12:32). Киелі кітапта олардың саны қанша екендігі нақты айтылған (Аян 14:1 оқыңыз).
Иса өзінің кейбір ізбасарларына көкте өмір сүруге орын дайындаған. Олар онда не істейтінін білесіз бе?
Алайда көкке баратындармен қатар батаға кенелетін басқа да адамдар бар. Құдай Патшалығының адал азаматтары жұмақ орнаған жер бетінде мәңгі өмір сүре алады (Жохан 3:16). Олардың кейбірі осы зұлым дүниенің жойылуынан аман өтіп, жұмақта өмір сүреді, ал кейбіреулері сол жұмақ орнаған жер бетіне қайта тірілетін болады (Забур 36:29; Жохан 5:28, 29 оқыңыз).