Қайта тірілу. Өмірден өткендер үшін үміт
Сіз Киелі кітаптағы қайта тірілуге қатысты уәдеге сенесіз бе? * Қайтыс болған жақындарымызбен қайта қауышуға деген үміт жүрегімізге жылу беретіні рас. Алайда бұл үміттің жүзеге асатынына сену ақылға қонымды ма? Иса пайғамбардың елшілерінің үлгісін қарастырғанымыз мұның жауабын білуге көмектеседі.
Исаның елшілері қайтыс болған адамдардың қайта тірілетініне берік сенген. Мұның кем дегенде екі себебі болды. Бірінші әрі басты себебі — Исаның өлімнен қайта тірілгені. Елшілер және “бір мезгілде 500-ден аса бауырлас” қайта тірілген Исаны өз көздерімен көрген (Қорынттықтарға 1-хат 15:6). Оның үстіне, Інжілдің төрт кітабынан көрінетіндей, Исаның қайта тірілгеніне көп адам куә болған әрі бұған еш күмән келтірмеген (Матай 27:62—28:20; Марқа 16:1—8; Лұқа 24:1—53; Жохан 20:1—21:25).
Екінші себебі, елшілер Исаның Наин, Қапарнаум және Бетания қалаларында, кем дегенде, үш адамды қайта тірілткеніне куә болған (Лұқа 7:11—17; 8:49—56; Жохан 11:1—44). Алдыңғы мақалалардың бірінде жазылғандай, осы қайта тірілулердің соңғысы Иса үшін әсіресе жақын отбасында болған еді. Қазір бұл оқиғаның қалай өрбігенін көрейік.
“ҚАЙТА ТІРІЛУ — МЕНМІН”
“Бауырың қайта тіріледі”. Иса бұл сөздерді Мартаға оның інісі Елазардың қайтыс болғанына төрт күн болғанда айтқан еді. Алғашында Марта Исаның сөздерінің мәнін түсінбеген еді. Себебі Иса болашақта болатын қайта тірілу жайлы айтып тұр деп ойлап, ол: “Оның... тірілетінін білемін”,— деп жауап берген болатын. Сонда Иса: “Қайта тірілу және өмір — менмін”,— деді де, Елазарды қайта тірілтті. Мұны көрген Мартаның қаншалықты таңғалғанын елестетіп көріңізші! (Жохан 11:23—25).
Қайтыс болғаннан кейін төрт күн бойы Елазар қайда болды? Елазар қандай да бір жерде тіршілігін жалғастырғаны жайлы ештеңе айтпаған. Өйткені оның көкке баратын ешқандай да өлмес жаны болмаған. Елазарды қайта тірілткенде, Иса оны Құдайдың жанындағы рақат өмірден әкетіп, қайтадан жерге түсірмеген. Олай болса, төрт күн бойы Елазар қай жерде болды? Шын мәнінде, ол молада өлім ұйқысында жатқан еді (Уағыздаушы 9:5, 10).
Исаның өлімді ұйқыға теңегені әрі адамды қайта тірілту арқылы өлімнен оятуға болатынын көрсеткені есіңізде болар. Киелі кітапта Иса былай деген: “Досымыз Елазар ұйықтап жатыр, ал мен оны оятқалы бара жатырмын”. Сонда шәкірттері: “Ием, ұйықтап жатса, онда Жохан 11:11—14). Елазарды қайта тірілту арқылы Иса оған қайтадан өмір сыйлады және отбасымен қауыштырды. Иә, Иса бұл отбасына неткен керемет сый жасады десеңізші!
жазылады”,— деді. Иса Елазардың өлгенін айтып тұрған еді, ал олар кәдімгі ұйқыны айтып тұр деп ойлап қалды. Сонда Иса: “Елазар өлді”,— деп ашық айтты” (Жерде болған кезінде Исаның адамдарды қайта тірілткені оның болашақта Құдай Патшалығының Патшасы ретінде не істейтінінің көрінісі болған *. Иса көктен жер бетіне билік жүргізгенде, өлім ұйқысында жатқан адамдарды қайта тірілтетін болады. Сондықтан ол “қайта тірілу — менмін” деп айтқан. Өмірден өткен сүйікті адамдарымызды қайта көргенде, зор қуанышқа кенелетінімізді елестетіп көріңізші! Сонда өмірге қайта оралғандардың да жүректері шаттыққа толы болатыны сөзсіз! (Лұқа 8:56).
Өмірден өткен сүйікті адамдарымызды қайта көргенде, зор қуанышқа кенелетінімізді елестетіп көріңізші!
МӘҢГІЛІК ӨМІРДІҢ БОЛАТЫНЫНА ДЕГЕН СЕНІМ
Иса Мартаға: “Маған сенген адам өлсе де, қайта өмір сүреді. Ал тірі жүрген әрі маған сенетін адам ешқашан өлмейді”,— деді (Жохан 11:25, 26). Иса мыңжылдық билігі кезінде қайта тірілтетін адамдар мәңгі өмір сүру үмітіне ие болады. Бірақ бұл үшін олар Исаға сенім білдірулері керек.
“Маған сенген адам өлсе де, қайта өмір сүреді” (Жохан 11:25).
Осы көңіл толқытарлық сөздерді айтқаннан кейін, Иса Мартаға: “Бұған сенесің бе?”— деген маңызды сұрақ қойды. Сонда ол Исаға: “Иә, Ием. Сенің дүниеге келуі керек Мәсіх, Құдай Ұлы, екеніңе сенемін”,— деп жауап берді (Жохан 11:26, 27). Ал сіз туралы не деуге болады? Қайта тірілудің болатынына Мартанікіндей сеніміңіздің болғанын қалар ма едіңіз? Бұл үшін сізге ең алдымен Құдайдың адамзатқа қатысты ниеті жайлы білім алу керек (Жохан 17:3; Тімөтеге 1-хат 2:4). Мұндай білім сізге сенім дамытуға көмектеседі. Олай болса, неге Ехоба куәгерлерінің бірінен осы тақырыпқа қатысты Киелі кітаптың не нәрсеге үйрететінін сұрап көрмеске? Олар сізге қайта тірілуге деген керемет үміт жайлы айтып беруге қуанышты болады.
^ 2-абзац Осы журналдың 6-бетіндегі “Өліммен бәрі бітпейді!” деп аталатын мақаланы қараңыз.
^ 9-абзац Киелі кітаптағы қайта тірілуге қатысты уәде жайлы көбірек білу үшін, Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабының 7-тарауын қараңыз. Бұл кітапты www.pr418.com сайтынан табуға болады.