Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Барлық діндер Құдайға ұнамды ма?
Жаһан жаңалықтарын естігенде, зұлым істердің кейде діннің атынан жасалып жатқанын байқаған шығарсыз. Негізінде, шынайы Құдай барлық діндерге бастау бермеген (Матай 7:15). Діннің көптігінен адамдардың көбісі тура жолдан адасуда (Жоханның 1-хаты 5:19 оқыңыз).
Дегенмен Құдай жақсылықты аңсайтын әрі шындықты іздейтін ақжүрек адамдарға назарын салады (Жохан 4:23). Ол мұндай адамдарды өзінің Сөзі Киелі кітапта жазылған шындық жайлы білуге шақырады (Тімөтеге 1-хат 2:3—5 оқыңыз).
Шынайы дінді қалай анықтауға болады?
Ехоба Құдай әртүрлі дінді ұстанған көптеген адамға шындықты және бір-бірін сүюді үйрету арқылы оларды біріктіруде (Миха 4:2, 3). Демек, шынайы дінді ұстанушыларды олардың бір-біріне көрсететін сүйіспеншіліктері арқылы анықтауға болады (Жохан 13:35 оқыңыз).
Ехоба Құдай шынайы ғибадат арқылы әр түрлі адамдарды біріктіруде (Забур 132:1).
Құдайдың шынайы қызметшілерінің сенімдері мен өмір салты Киелі кітапқа негізделген (Тімөтеге 2-хат 3:16). Сондай-ақ олар Құдай есімін құрметтейді (Аян 4:11). Олар адамзаттың жалғыз үміті ретінде Құдай патшалығын қолдайды (Даниял 2:44). Сонымен қатар олар Иса пайғамбарға еліктеп, өзгелерге жақсылық жасау арқылы өздеріндегі “жарықты адамдар алдында жарқыратады” (Матай 5:16). Демек, Құдайдың шынайы қызметшілерін олардың үйден үйге жүріп, адамдарға Құдай патшалығы жайлы ізгі хабарды айтып жүргендерінен анықтауға болады (Матай 24:14; Елшілердің істері 5:42; 20:20 оқыңыз).