Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ҚҰДАЙ ЖЕКЕ СІЗГЕ КӨҢІЛ БӨЛЕ МЕ?

Құдай сізге назар аудара ма?

Құдай сізге назар аудара ма?

“Ал мен дәрменсіз әрі бейшарамын. Ехоба маған назарын салғай” * ИСРАИЛ, ПАТШАСЫ ДӘУІТ, Б. З. Б. ХІ ҒАСЫР).

“Халықтар шелектегі судың тамшысындай ғана болып көрінеді” (Ишая 40:15).

Дәуіттің Құдай оған назар салады деп күткені орынды ма? Құдай сізге назар аудара ма? Құдіретті Құдайдың өздеріне көңіл бөлетініне көбісі күмәнданады. Неліктен?

Мұның бір себебі Құдай жұмыр басты пенделерден аса жоғары тұрған тұлға болып табылады. Оның ұлы дәрежесінің алдында халықтар “шелектегі судың тамшысындай ғана болып көрінеді, таразыға қонған шаң-тозаң іспетті” (Ишая 40:15). Құдайға сенбейтін бір заманауи жазушы: “Көкте адамдардың өміріне жеке және үнемі назар аударатын тұлға бар деп ойлау еш қисынсыз”,— деп тұжырымдады.

Оның үстіне, кейбір адамдар жасаған іс-әрекеттері оларды Құдайдың назарына ілігуге лайықсыз етеді деп ойлайды. Мысалы, Джим есімді орта жастағы кісі былай дейді: “Сабырлық пен ұстамдылық сұрап қанша дұға етсем де, ашушаң мінезімнен құтыла алмадым. Ақырында мен бойым тұнған зұлымдық, сондықтан Құдай маған көмектеспейді деген ойға келдім”.

Құдай адамдарды байқамайтындай алыста ма? Ол кемелсіз адамдарға қалай қарайды? Құдайдың өзі ашпаса, бұл сұрақтарға ешкім де тура жауап бере алмайды. Алайда Құдай бізге арнаған хаты Киелі кітап арқылы өзінің адамдарды елемейтін алыстағы тұлға емес екеніне сендіріп: “Шындығында [Құдай] әрқайсымыздан алыс емес”,— деп жаздырған (Елшілердің істері 17:27). Келесі төрт мақалада Құдайдың адамдардың әрқайсысына назар аударатынын және сіз сияқты жандарға қалай көңіл бөлетінінің мысалдарын қарастырамыз.

^ 3-абзац Забур 40:17 (ЖД); Ехоба — Киелі кітапта жазылған Құдайдың есімі.