Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ШАЙТАН ШЫНЫМЕН БАР ТҰЛҒА МА?

Шайтан шынымен бар тұлға ма?

Шайтан шынымен бар тұлға ма?

Шайтанды көктен құлаған зұлым періште ретінде бейнелейтін Мадрид (Испания) қаласындағы мүсін

“Кішкентай кезімде анамның тілін алмағанда, ол маған: “Шайтан келіп, сені алып кетеді!”— деп қорқытатын. Ал мен болсам: “Келсе келе берсін!”— деп жауап беретінмін. Мен Құдайдың бар екеніне сенетінмін, ал Шайтанды адамдар өздері ойдан шығарып алған деп ойлайтынмын” (РОКАЛИО, ЭЛЬ-САЛЬВАДОР).

Сіз Рокалионың сөздерімен келісесіз бе? Төмендегі пікірлердің қайсысы сіз үшін ақылға қонымды болып көрінеді?

  • Шайтан өмірде жоқ. Ол жай ғана зұлымдықтың бейнесі.

  • Шайтан — шынымен бар тұлға, бірақ ол адамдардың өміріне еш зиян келтірмейді.

  • Шайтан — адамзатқа қатты ықпал ететін құдіретті рухани тұлға.

Осы пікірлердің әрқайсысын жақтайтын адамдар көптеп кездеседі. Алайда бұл үш пікірдің қайсысы дұрыс екенін анықтау маңызды ма? Егер Шайтан өмірде жоқ болса, онда оның бар екеніне сенетіндердің адасып жүргені ғой?! Ал ол шынымен бар, бірақ адамдарға еш зиян келтірмейтін болса, онда миллиондаған адамның одан себепсіз қорқып жүргені ғой?! Алайда Шайтан адамдарды алдап-арбайтын әрі олардың өміріне ықпал ете алатын болса, онда ол көп адам ойлағаннан да қауіпті тұлға емес пе?!

Сонымен, Шайтан жай ғана зұлымдықтың бейнесі ме, әлде рухани тұлға ма? Егер ол шынымен бар тұлға болса, ол сізге зияндық келтіре ала ма? Келтіре алса, одан қалай қорғана аламыз? Қазір Киелі жазбалардың бұл сұрақтарға қалай жауап беретінін қарастырып көрейік.