Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Адамзатты қандай болашақ күтіп тұр?
Ғылым көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан осы заманда адамзаттың әлі талай жетістікке жететініне дау жоқ. Алайда адамдар бір-бірін шын жүректен қамқорлайтын қоғам орната ала ма? Жоқ. Бүгінде дүниені өзімшілдік пен ашкөздік жайлаған. Бірақ Құдайдың адамзат үшін ниет еткені мүлдем басқа нәрсе еді (Петірдің 2-хаты 3:13 оқыңыз).
Құдай Сөзінде бір-бірін шын жақсы көретін адамзат қоғамының болатыны сөз етіледі. Сол кезде адамдар тыныштықта өмір сүріп, ешбір зияндық көрмейді (Миха 4:3, 4 оқыңыз).
Өзімшілдіктен қалай арыламыз?
Әуел баста Тәңір Ие адамды жаратқанда, оның бойында өзімшілдіктің нышаны да болмаған. Бірақ ол Құдайға мойынсұнбауды шешіп, кемелді өмірінен айырылып қалды. Өзімшілдікке деген бейімділікті біз содан мұра еттік. Алайда Құдай жақын болашақта Иса пайғамбар арқылы адамзатқа қайтадан пендешіліктен ада, кемелді өмір сыйламақ (Римдіктерге 7:21, 24, 25 оқыңыз).
Құдайдың еркіне сай, Иса пайғамбар өмірін құрбан етіп, алғашқы адамның тілазарлығының зардабын жойды (Римдіктерге 5:19). Осылайша Иса пайғамбар бізге жарқын болашаққа жол ашты. Жер бетінде керемет заман орнағанда, адамзат өзімшілдікпен өзгеге қиянат жасамайтын болады (Зәбүр 37:9—11 оқыңыз).