Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Зұлымдық қайдан шығады?
Адамдар табиғатынан бейбітсүйгіш, шыншыл және мейірімді болуды қалайды. Алайда бүгінде жантүршігерлік жаңалықтарды көптеп естіп жатамыз. Неге дүниеде зұлымдық, қатыгездік пен әділетсіздік кең етек жаюда? Адамдарды зұлымдыққа итермелеп отырған әлдебіреу бар ма? (Жоханның 1-хаты 5:19 оқыңыз).
Құдай адамдарды зұлымдыққа бейім етіп жаратқан ба? Жоқ. Ехоба Құдай адамдарды өзіне ұқсас етіп, әрі өзінің сүйіспеншілікке толы болмысына еліктеуге бейім етіп жаратқан (Мұсаның 1-жазбасы 1:27; Әйүп 34:10). Алайда Құдай адамдарды таңдау құқығынан айырмаған, қайта ерік бостандығын берген. Түп ата-анамыз Адам ата мен Хауа ана бұрыс таңдау жасап, Құдайдың ескертуіне құлақ салмады. Соның кесірінен олар кемелділіктен айырылып қалды. Содан бері күнә жасауға деген бейімділік ұрпақ жағалап келеді (Мұсаның 5-жазбасы 32:4, 5 оқыңыз).
Зұлымдықтың соңы келе ме?
Құдай жаман бейімділіктерімізбен күрескенімізді қалайды (Нақыл сөздер 27:11). Сондықтан ол бізге шалыс қадам жасамаудың және шынайы бақытқа ие болудың жолдарын үйретеді. Әрине, бүгінде біз Құдайдың сүйіспеншілігіне кемелді түрде, яғни толықтай еліктей алмаймыз (Зәбүр 32:8 оқыңыз).
Қазіргі дүние зұлымдыққа әбден малтыққан. Бірақ зұлым істердің салдары қайғылы екенін барлық адам көрулері үшін Құдай мұндай жағдайдың орын алуына уақытша жол беріп отыр (Петірдің 2-хаты 3:7—9). Алайда жақында жер бетінде тек Құдайға мойынсұнатын бақытты адамдар өмір сүретін болады (Зәбүр 37:9—11 оқыңыз).