СЕНІМІН СЕРІК ЕТКЕНДЕРДІҢ ІЗІМЕН | ДЕБОРА
“Мен, Дебора, Исраилдің анасы”
ДЕБОРА таң ата Табор тауының төбесінде жиналған сарбаздарға жанарын салды. Олардың батылдықтары мен қолбасшылары Барақтың сенімі Дебораның жан дүниесін бір тебірентсе керек. Әскер он мың сарбаздан тұрса да, олардың сенімдері мен батылдықтары сыналмақ еді. Өйткені олар саны жағынан әлдеқайда көп, әрі мықты қаруланған қатыгез жауларымен соғысу керек еді. Десе де осы бір әйелдің сөздерінен рухтары көтерілген сарбаздар сол жерге барып, соғысуға дайын болды.
Алдарында жатқан кең өлкеге көз тастаған Дебора мен Барақты елестетіп көріңізші. Табор тауы дөңес, күмбез тәрізді болған. Таудан 400 метрдей төменде жатқан Ездрилон жазығы оңтүстік-батысқа қарай керіліп жатты. Қишон өзенінің ирелеңдеген арнасы осы жазық жайлауды кесіп өтіп, Кармил тауының етегі арқылы Ұлы теңізге барып құятын. Сол күні таңертең өзен арнасы тартылып тұрған болса керек, бірақ кең жазықтықта көзді шағылыстырған басқа бір нәрсе болды. Бұл қарулары жалт-жұлт жаланып келе жатқан қолбасшы Сисараның әскері еді. Сисара шамамен 900 соғыс арбасы бар ең күшті деген жасағын жинап келді. Жаудың соғыс арбалары ерекше еді. Өйткені арба доңғалақтарының ортасындағы белағаштан орақ шығып тұрған болса керек. Сисара жеңіл қаруланған исраилдік сарбаздарын осы арбаларының көмегімен шөп орғандай, жамсатып салмақ болған!
Барақ пен оның сарбаздары Деборадан белгі күтіп тұрды. Ол сол жердегі жалғыз әйел болды ма? Осындай айтулы оқиғада бар жауапкершілікті көтерген Дебора қандай сезімде болды? Ол өзін сол жерде керексіз сезінді ме? Әрине, жоқ! Бұл ұрысты бастауды оған Ехобаның өзі айтты, сондай-ақ ол жеңісті әйелдің қолына беретінін де білдірді (Билер 4:9). Деборадан және осы шайқаста қайтпас қайсарлық танытқан жандардан сенімге қатысты не нәрсеге үйренуге болады?
“ТАБОР ТАУЫНА ОРНАЛАСТЫР”
Киелі кітапта Дебора “пайғамбар” деп аталған. Бұл оның ерекше рөліне нұсқағанымен, ол Киелі кітапта жазылған жалғыз пайғамбар әйел емес еді *. Бұл қызметіне қоса Дебораның басқа да жауапкершілігі болды. Ол Ехобаның нұсқауын айтып, халық арасында туындаған даулы мәселелердің түйінін шешіп отыратын (Билер 4:4, 5).
Дебора Бетел мен Рамақ қалаларының арасындағы Ефрем таулы өңірінде тұрған. Ол пальма ағашының астында отырып, адамдарға Ехобаның нұсқауын айтатын. Оның тапсырмасы оңай емес-тін, бірақ ол мойымайтын. Себебі оның қызметі ауадай қажет еді. Дебора киелі рухтың жетелеуімен ән шығаруға үлес қосып, өзінің опасыз халқы жайлы мынадай сөздер айтты: “Олар өздеріне жаңа құдайлар таңдап алды, Сонда қақпа алдында соғыс болды” (Билер 5:8). Иә, исраилдіктер Ехобаны тастап, басқа құдайларға бас ұрғандықтан, Ехоба оларды жауларының қолына берген еді. Ябин деген Қанахан патшасы мықты қолбасшысы Сисара арқылы исраилдіктерді езгісіне алған болатын.
Сисара! Оның атының өзі исраилдіктердің үрейін қашыратын. Қанахандықтардың діні мен мәдениеті қатыгездікке толы болған. Олар балаларын Билер 5:6, 7). Сол уақытта адамдардың ормандар мен тау-таста жасырынып, қорқып-дірілдеп өмір сүргендерін елестету қиын емес. Олар қоршалмаған ауылдарда тұруға, ауыл шаруашылығымен айналысуға және балаларын ұрлап, әйелдерін зорлап * кетпес үшін ашық жолға шығуға қорқатын.
құрбандыққа шалатын және ғибадатханаларында жезөкшелікпен айналысатын. Осындай халықтан шыққан қолбасшы мен оның әскерінің езгісінде болу қаншалықты ауыр болған! Дебораның әнінен көрінетіндей, исраилдіктерге ел ішінде еркін жүріп-тұру өте қиын болған, ал ауылдар қаңырап бос қалған еді (Бұл қорқынышты жағдай 20 жылға созылды. Ехоба қыңыр халқының өзгеруге дайын екенін көріп, Дебораны жіберді. Сөйтіп, Дебора мен Барақтың рухтың жетелеуімен айтқан әніне сай, елдегі жағдай Дебора “Исраилдің анасы” ретінде келгенде ғана өзгерді. Лапидот есімді кісінің әйелі болған Дебораның балалы болған-болмағаны жайлы ештеңе білмейміз, бірақ бұл сөздердің бейнелі мағынада айтылғаны анық. Демек, Ехоба Дебораны халқына аналық қамқорлық көрсету үшін тағайындады деуге болады. Құдай оған сенімі берік Барақ есімді биді шақыртып, Сисараға қарсы аттан деп айтуға нұсқау берді (Билер 4:3, 6, 7; 5:7).
Ехоба Дебора арқылы Бараққа Исраил руларынан 10 000 адам жинап, “Табор тауына орналастыруды” бұйырды. Дебора Құдайдың уәдесін жеткізіп, олардың Сисара мен оның 900 соғыс арбасын жеңетінін айтты. Оның бұл сөздері Барақты қатты таңғалдырғаны сөзсіз. Өйткені Исраилдің айтарлықтай жасағы да, мықты қаруы да болмады. Десе де Барақ соғысқа аттануға келісті. Бірақ ол Дебораның да олармен бірге Табор тауына баруын өтінді (Билер 4:6—8; 5:6—8).
Кейбіреулерге осындай өтініш айтқан Барақтың сенімі әлсіз болып көрінуі мүмкін. Алайда олай болған жоқ. Байқасақ, ол Құдайдан көбірек қару беруін сұрамады. Қайта, сенімді серік еткен Барақ өзін және сарбаздарын нығайту үшін қастарында Ехобаның өкілі болғанын маңызды санады (Еврейлерге 11:32, 33). Ехоба бұны дұрыс көрді. Ол Барақ өтінгендей, Дебораның баруына жол берді. Алайда Ехоба Дебораға пайғамбарлық айтқызып, жеңістің даңқына бір әйелдің бөленетінін білдірді (Билер 4:9). Иә, Құдайдың шешімі бойынша, зұлым Сисараның көзін әйел құрту керек еді!
Бүгінгі таңда әйелдер әділетсіздіктің, қатыгездік пен қорлықтың көп тауқыметін тартуда. Құдай талап ететін тиесілі құрмет оларға Римдіктерге 2:11; Ғалаттықтарға 3:28). Дебораның мысалынан Ехоба әйелдерге де мәртебелі жауапкершілік артатынын және ерекше ықыласына бөлейтінін көруге болады. Сондықтан осы дүниеде кең етек жайған алалаушылыққа ешқашан бой алдырмағанымыз аса маңызды.
көрсетіле бермейді. Алайда Құдай адамдардың барлығын, ер не әйел болсын, бірдей көреді және бәрі де оның ықыласына ие бола алады (“ЖЕР ШАЙҚАЛЫП КЕТТІ, АСПАННАН СУ ҚҰЙЫЛДЫ”
Барақ сарбаздарды жинауға кірісті. Ол Сисараның үрей тудыратын әскеріне қарсы шығуға жүрегінің түгі бар 10 000 адам жинады. Табор тауына өрлеп бара жатқанда, Барақ қастарында жігерлеріне жігер қосатын адамның бар екеніне риза болды. Киелі кітапта: “Дебора да онымен бірге жүрді”,— деп жазылған (Билер 4:10). Ехобаға сенім артып, өмірін қатерге тігуге дайын болған осындай батыл әйелдің өздерімен бірге келе жатқаны сарбаздардың рухтарын көтергені сөзсіз!
Сисара исраилдіктердің өзіне қарсы шығуға дәті барғандарын естігенде, шұғыл әрекет етті. Бірнеше Қанахан патшалары өз әскерлерін оның әскеріне қосты. Сол уақытта Ябин патша араларындағы ең күштісі болған болса керек. Ашық жазықтықпен гүрсілдеп келе жатқан Сисараның соғыс арбалары айналаны дүр сілкіндірді. Сол кезде қанахандықтар исраилдіктерді әп-сәтте қырып салатындарына сенімді еді (Билер 4:12, 13; 5:19).
Жаулары жақындап келе жатқан сайын Барақ пен Дебора не істейді екен? Олар Табор тауының баурайында қала бергенде, қанахандықтар әскеріне қарағанда ұтымды жағдайда болар еді, өйткені жау арбалары тек жазық жердегі шайқасқа жарайтын. Алайда Барақ Ехобаның нұсқауы бойынша шайқасуға дайын болғандықтан, Деборадан белгі күтті. Уақыты келіп жеткенде, Дебора Бараққа: “Орныңнан тұр, өйткені Ехоба Сисараны бүгін аяғыңа жығып береді. Ехобаның өзі алдыңда келе жатыр емес пе?”— деді. “Сөйтіп, Барақ 10 000 адамымен Табор тауынан түсті” (Билер 4:14) *.
Исраилдік сарбаздар таудан ашық та жазық жерге қарай атойлай жөнеліп, жаудың үрей тудыратын соғыс арбаларына жапа-тармағай ұмтылды. Дебора айтқандай, Ехобаның өзі олардың алдында келе жатты ма? Көп ұзамай солай екені анық болды. Киелі кітапта жазылғандай, “жер шайқалып кетті, аспаннан су... құйылды”. Иә, ойламаған жерден жауын жауа бастады. Сонда Сисараның астамсыған әскері абдырап қалды. Жаңбырдың толастамай жауғаны сонша — жер батпаққа айналды. Сөйтіп, қанахандықтардың орақты арбалары оларға көмек емес, қайта кедергі болды. Өйткені арбалар батпаққа батып, жүрмей қалды (Билер 4:14, 15; 5:4).
Ауа-райының осылай кенеттен өзгергені Барақ пен оның сарбаздарын састырмады, өйткені олар бұны кімнің істеп жатқанын білді. Олар қанахандықтарға лап қойды. Құдайдың үкімін жүзеге асырып, исраилдіктер Сисараның әскерін түгелімен қырып жойды. Қишон өзені толысып тасыды да, олардың мәйіттерін Ұлы теңізге қарай шайып әкетті (Билер 4:16; 5:21).
Бүгінде Ехоба қызметшілерін соғысқа жібермейді. Десе де олар рухани мағынадағы мылтықсыз майданға қатысуда (Матай 26:52; Қорынттықтарға 2-хат 10:4). Біз Құдайдың тілін алатын болсақ, онда осы соғыста Құдайдың жағында екенімізді көрсетеміз. Бізге де батылдық қажет, себебі Құдайдың жағына шығуды таңдағандар қатты қарсылыққа кезігуі әбден мүмкін. Бірақ Ехоба өзгерген жоқ. Ол Дебора, Барақ және ежелгі Исраил сарбаздары сияқты өзіне сенім танытып, арқа сүйейтіндерді әлі де қорғайды.
“ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА БАРЫНША ЖАРЫЛҚАНҒАН”
Исраилдіктердің қас жауы, бас қанаушысы Сисара майдан алаңынан жаяу қаша жөнелді! Ол өз адамдарын өлім аузына тастап, исраилдіктерге білдіртпей сытылып шығып, жақын маңдағы одақтасына жол тартты. Исраилдік сарбаздар тауып ала ма деп зәресі ұшқан Сисара алды-артына қарамай, бірталай жерді жүгіріп, кендік Хебердің үйіне қарай бет алды. Өзінің көшпенді халқынан бөлініп, оңтүстікте қоныстанған Хебер Ябин патшасымен келісім жасасқан еді (Билер 4:11, 17).
Сілікпесі шыққан Сисара Хебердің шатырына келгенде, Хебер үйінде болмай шықты. Бірақ
оның әйелі Жаел Сисараны қарсы алды. Сисара Хебердің әйелі күйеуінің Ябин патшамен жасасқан келісіміне адал болады деп күткен шығар. Бірақ әйелі күйеуінен басқа ойда болуы мүмкін екені Сисараның ойына да кіріп-шықпағанға ұқсайды. Иә, ол Жаелдің ойында не бар екенін білмегені анық! Жаел қанахандықтардың исраилдіктерге қанаушылық көрсеткенін білген еді. Енді ол не істейді екен? Осы зұлым адамға көмектесе ме, жоқ әлде Ехобаның жағына шығып, исраилдіктердің жауын құрта ма? Бірақ оның қолынан не келеді? Сан айқаста мызғымаған мықты жауынгерді нәзік әйелдің жеңіп кетуі мүмкін бе?Жаелдің ойланып жатуға уақыты болмады. Ол Сисараға үйге кіріп, демалуды ұсынды. Сисара Жаелге кім келсе де, оның бар екенін айтпауды бұйырды. Жаел оның үстіне көрпе жапты. Сисара одан су сұрағанда, ол оған сүт құйып берді. Көп ұзамай Сисара терең ұйқыға батты. Сонда Жаел қолына шатыр қазығы мен балғаны алды. Бұл сол заманда шатырда тұратын әйелдер жиі әрі ептілікпен қолданатын құралдар еді. Жаел Сисараның қасына ақырындап барды. Енді ол Ехобаның үкімін жүзеге асырушы ретінде әрекет ету керек еді. Бұдан оның бойын қорқыныш билегені анық, өйткені ол бір сәтке болсын кідіріп не тартыншақтап қалса, жағдай насырға шаппақ еді. Жаел осы кісінің Құдайдың халқына жылдар бойы жәбір көрсеткені жайлы ойлады ма? Я болмаса Ехобаның жағына шығудың мәртебесін ойда тұтты ма? Бұны нақты білмейміз. Бір білетініміз — ол батыл әрекет етіп, Сисараны өлтірді! (Билер 4:18—21; 5:24—27).
Кейін Барақ Сисараны іздеп келді. Жаел оған самайына шатырдың қазығы қағылған Сисараны көрсеткенде, ол Дебораның пайғамбарлығы орындалғанын түсінді. Иә, мықты қолбасшы Сисара әйелдің қолынан қаза тапты! Бүгінде сыншылар осы ісі үшін Жаелдің атына талай күйе жағып келеді. Алайда жағдайдың мән-жайын жақсырақ білген Барақ пен Дебора ол туралы өзге ойда болған. Өздерінің әндерінде олар Жаелді батыл әрекеті үшін “әйелдер арасында... барынша жарылқанған” деп мақтаған (Билер 4:22; 5:24). Осы жерде Дебораның пейілі дарқан болғанын байқаймыз. Ол Жаелді қызғанбай, мақтау сөзін аямады, өйткені ол Ехобаның сөзі жүзеге асқанын бар жан-тәнімен қалаған.
Сисара мерт болғаннан кейін, Ябин патшаның билігі әлсіреді. Исраил жері қанахандықтардың езгісінен босап, 40 жыл соғыстан тыным тапты (Билер 4:24; 5:31). Дебора, Барақ және Жаелдің Ехобаға сенім артқандары үшін оның ықыласына ие болғандары сөзсіз! Біз де Дебора сияқты сенім танытып, батылдықпен Ехобаның жағына шықсақ және басқаларға да солай етуге көмектессек, Ехоба бізге де жеңіс пен тыныштық сыйлайды!
^ 7-абзац Киелі кітаптағы басқа пайғамбар әйелдер: Мәриям, Олдама және Ишая пайғамбардың әйелі (Мұсаның 2-жазбасы 15:20; Патшалар 2-жазба 22:14; Ишая 8:3).
^ 9-абзац Дебораның әнінен көрінетіндей, көп жағдайда Сисара соғыстан олжамен қайтатын. Солардың ішінде олар ұрлап әкететін қыздар да бар еді. Олжаны бөлгенде әр сарбазға бір, тіпті қос-қос қыздан тиетін (Билер 5:30). Бұл жазба орнындағы “қыз” сөзінің орнына сөзбе-сөз “жатыр” деген мағына беретін сөз қолданылған. Қанахандықтардың бұлай сөйлеуі олардың әйелдерді тек жыныс мүшелері үшін ғана бағалағанын көрсетеді. Олар үшін әйелдерді зорлау кәдімгі жайт болған көрінеді.
^ 17-абзац Бұл шайқас туралы Киелі кітапта екі рет жазылған: Билер кітабының 4-тарауында және Дебора мен Барақтың әні жазылған 5-тарауында. Екі жазба да бір-бірін толықтырып, қосымша мәлімет береді.