НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІ ДЕГЕН КІМДЕР?
Неге біз уағыздаймыз?
Дүниенің түкпір-түкпірінде атқарып жатқан уағыз ісіміз — бізді ерекше ететін бірден-бір жайт. Біз үйден үйге, көпшілік орындарында және адамдар бар кез келген жерде уағыздаймыз. Неге?
Ехоба куәгерлері Құдайды мадақтап, оның есімін жариялау үшін уағыздайды (Еврейлерге 13:15). Біз сондай-ақ Иса Мәсіхтің мына өсиетін орындаймыз: “Барыңдар да, барлық халықтардан шәкірттер дайындап,.. мен сендерге бұйырғандардың бәрін ұстануды үйретіңдер” (Матай 28:19, 20).
Уағыздайтынымыздың тағы бір себебі — біз өзгелерді жақсы көреміз (Матай 22:39). Әрине, біз адамдардың көбісінің өз сенімдері бар екенін білеміз және айтып жүрген хабарымыз барлық адамды қызықтыра бермейтінін де түсінеміз. Десе де Киелі кітапта адам өмірін құтқаратын хабар бар деп сенеміз. Сондықтан да бірінші ғасырдағы мәсіхшілер сияқты “Мәсіх Иса туралы ізгі хабарды жариялауды және тәлім беруді доғармаймыз” (Елшілердің істері 5:41, 42).
Әлеуметтанушы Антонио Кова Мадуро былай деп жазған: “Ехоба куәгерлері күштерін жұмсап, қиындықтарға кезігіп, тіпті қажып-шаршағандарына қарамастан,.. киелі сөздерді шартарапқа жеткізуге тырысады” (“El Universal” газеті, Венесуэла).
Әдебиеттерімізді оқитын адамдардың көбісі Ехоба куәгері емес. Бізбен Киелі кітап зерттейтін адамдардың көбісі де өзге дінді ұстанады. Дегенмен де бұл адамдар Ехоба куәгерлерінің оларға келіп, Киелі кітап туралы тәлім беріп жатқандарына риза.
Бәлкім, сізде Ехоба куәгерлеріне қатысты басқа да сұрақтарыңыз бар шығар. Олай болса, сол сұрақтарыңыздың жауабын табу үшін...
-
Ехоба куәгерлерінің бірінен сұраңыз;
-
www.pr418.com/kk сайтымызға кіріп көріңіз;
-
қауым кездесулерімізге келіңіз. Бәріне есік ашық және кіру тегін.