Абадия 1:1—21
1 Абадияның* алған аяны.
Әлемнің Әміршісі Ехоба*
Едомға қатысты мынаны айтады+:
“Біз Ехобадан хабар алдық,Халықтардың арасына елші жіберіліп:
—Тұрыңдар, онымен шайқасуға дайындалайық,— деп жар салынды”+.
2 “Міне, сені халықтардың арасында маңызсыз еттім.
Сен әбден жеккөрінішті болдың+.
3 Жүрегіңнің менмендігі сені алдады+,Жартастардың арасын паналаған,Биік жерді мекендеген сен жүрегіңде:
—Кім мені жерге құлатады?— дейсің.
4 Бүркіттей биік шыңды мекен қылсаң да*,Ұяңды жұлдыздар арасына салсаң да,Сені сол жерден құлатамын”,— дейді Ехоба.
5 “Егер ұры түссе, түн жамылып тонаушы келсе,Олар қалағанын ғана алып кетпеуші ме еді?!
Егер жүзім жинаушылар келсе,Артынан масақ қалдырмаушы ма еді+?!
(Ал сен мүлдем құрып жоқ боласың!*)
6 Есаудың тінтілмеген жері қалмады-ау!
Жасырылған қазыналары түгел табылып, тоналды-ау!
7 Одақтастарыңның бәрі сені алдап кетті.
Олар сені шегараға дейін қуып шықты.
Өзіңмен тату болғандар саған өктемдік етті.
Дастарқаныңнан нан жегендер аяғыңа тор құрды,Бірақ мұны еш аңғармадың.
8 Сол күні,— дейді Ехоба,—Мен міндетті түрде Едомның данышпандарын құртамын+,Есаудың таулы өңірінің парықты адамдарын жоямын.
9 Уа, Теман қаласы+, жауынгерлеріңнің зәресі ұшады+,Өйткені Есаудың таулы өңірінде бірде-бір адам қалмай, қырылады+.
10 Сен бауырың Жақыпқа жасаған зорлығың үшін+ масқараға қаласың+,Сөйтіп, біржола құрып кетесің+.
11 Сен қол қусырып қарап тұрған күні,Бөтендер оның әскерін айдап әкеткен күні+,Жатжерліктер қақпасынан кіріп,Иерусалим үшін жеребе тастағанда+,Сен солардың бірі сияқты болдың.
12 Бауырыңның басына күн туып, бақытсыздыққа ұшырағанда, табаламауың керек еді+.
Яһуда халқы қырылып жатқан күні қуанбауың керек еді+.
Ол қасіретке душар болған күні мақтанбауың керек еді.
13 Халқым апатқа ұшыраған күні қақпасынан баса-көктеп кірмеуің керек еді+.
Апатқа ұшыраған күні қасіретін көріп, табаламауың керек еді.
Апат күні оның байлығына қол салмауың керек еді+.
14 Жан сауғалап қашқандарын өлтіру үшін, жол тораптарында тұрмауың керек еді+.
Қасірет күні аман қалғандарын жау қолына ұстап бермеуің керек еді+.
15 Ехобаның барлық халықтарға қарсы шығатын күні жақын+.
Сен не істеген болсаң, саған да дәл солай істеледі+.
Басқаларға жасағаның өз басыңа келтіріледі.
16 Менің киелі тауымда шарапты қалай ішкен болсаң,Тура солай барлық халықтар қаһарымды шарап сияқты үздіксіз ішеді+.
Олар қаһарымды міндетті түрде ішіп, қылғыта жұтады.
Сөйтіп, бұрын ешқашан болмағандай құрып кетеді.
17 Ал Сион тауына қашып құтылғандар жиналады+,Сол тау қасиетті болады+.
Жақыптың үйі өзіне тиесілінің бәрін қайта иемденеді+.
18 Жақыптың үйі оттай,Жүсіптің үйі жалындай,Ал Есаудың үйі сабандай болады.
Олар оны өртеп, жалмап қояды,Есаудың үйінен ешкім аман қалмайды+.
Өйткені мұны айтқан — Ехобаның өзі.
19 Олар Негев пен Есаудың таулы өңірін,Шефела мен філістірлердің жерін иемденеді+.
Олар Ефрем мен Самария жеріне+,Ал Бениямин Ғалақатқа иелік етеді.
20 Осы қорғаннан+ жер аударылған Исраил халқыҚанаханнан Сарептаға+ дейінгі өлкені иемденеді.
Иерусалимнен Сефарадқа жер аударылғандарНегевтің қалаларына иелік етеді+.
21 Құтқарушылар Сион тауына шығып,Есаудың таулы өңіріне сот жүргізеді+.
Патшалық Ехобанікі болады+”.
Сілтемелер
^ Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
^ Мағынасы “Ехобаның қызметшісі”.
^ Мүмкін: “биікке ұшсаң да”.
^ Мүмкін: “Олар қаншалықты құртып жоқ қылады?”