Абақұқ 1:1—17

  • Пайғамбардың көмек сұрап жалбарынуы (1—4)

    • Уа, Ехоба қашанғы сұраймын? (2)

    • “Неге қысымшылыққа шыдап отырсың?” (3)

  • Халдейлер Құдайдың үкімін орындаушылар (5—11)

  • Пайғамбардың Ехобаға жалбарынуы (12—17)

    • “Құдайым, сен ешқашан өлмейсің” (12)

    • “Озбырлыққа қарап тұра алмайсың” (13)

1  Абақұқ* пайғамбардың аянда алған хабары:   Уа, Ехоба*, қашанғы көмек сұраймын,Ал сен құлақ салар емессің+? Қашанғы зорлық-зомбылықтан қорғауыңды сұраймын,Ал сен араша түсер емессің+?   Неге мені зұлымдықты көруге мәжбүр етесің? Неге қысымшылыққа шыдап отырсың? Неге көз алдымда қырып-жою, зорлық-зомбылық болып жатыр? Неге ұрыс-керіс пен қақтығыс көбейіп кетті?   Сондықтан заңның күші жоқ,Әділдік ешқашан жүзеге аспайды. Зұлымдар әділ жандарға қысым көрсетеді,Міне, содан әділдік бұрмалануда+.   “Халықтарға қарап, назар аударыңдар! Таңғала қарап, аңтарылып тұрып қалыңдар. Өйткені сендердің күндеріңде бір жайт орын алады,Бұл жайлы біреу айтса, сенбес едіңдер+.   Міне, мен халдейлерді жіберемін+. Олар — қатыгез әрі қызба халық. Өзгелердің үйлерін басып алу үшін,Ұлан-ғайыр жерлермен зымырап өте шығады+.   Олар — қорқынышты да айбарлы,Өз әділдігі мен билігін орнататын халық+.   Аттары қабыланнан да жүйрік,Түнде жортқан қасқырдан да жауыз+. Тұяқтары жерге тимей,Соғыс аттары алыстан шауып келеді. Олар жемтігіне шүйліккен бүркіттей зулайды+.   Бәрі де зорлық жасауға бел буған+. Бірігіп алға ұмтылғаны шығыстың желіндей+,Олар тұтқындарды құм көсеп алғандай жинайды. 10  Патшаларды келеке-мазақ етіп,Лауазымды адамдарды келемеждейді+. Әрбір бекіністің үстінен күліп+,Үйінді жасап, оны басып алады. 11  Олар соққан желдей осы елден өте шығады,Бірақ күш-қуаттарын өз құдайына телігені*+ үшін айыпты болады+”. 12  Уа, Ехоба, сен мәңгіліктен келе жатқан Құдай+ емессің бе? Құдайым, Киелі Құдайым, сен ешқашан өлмейсің*+. Уа, Ехоба, оларды үкіміңді орындату үшін тағайындадың. Жартасым+ менің, оларды бізді жазалау үшін белгіледің+. 13  Сенің көзің тым таза, сондықтан озбырлыққа қарап тұра алмайсың,Зұлымдыққа жаның төзбейді+. Онда неге опасыздыққа төзудесің+? Зұлым адам өзінен әлдеқайда әділ біреуді жұтып жатқанда, неге үндемейсің+? 14  Неге адам баласын теңіздегі балықтай,Басшысы жоқ бауырымен жорғалаушыдай еттің? 15  Жау бұлардың бәрін қармақпен іліп,Ау тастап, ұстап алуда. Балық аулайтын торға жинап жатыр. Сол себептен де ол мәз-мейрам болуда+. 16  Сондықтан ауына арнап құрбандық шалады,Балық аулайтын торына арнап құрбандық ұсынады*. Өйткені солардың арқасында мол олжаға кенеліп,Нәрлі тағам ішіп-жейді. 17  Сонда қалай, ол қайта-қайта ау салып*,Халықтарды аяусыз қыра берсін бе+?

Сілтемелер

Мағынасы “ыстық құшақ” болса керек.
Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
Мүмкін: “күш-қуаттарын өз құдайы еткені”.
Мүмкін: “біз ешқашан өлмейміз”.
Еврейдің бұл сөзі хош иісті зат түтетуді де білдіруі мүмкін.
Мүмкін: “семсерін суырып”.