Абақұқ 3:1—19

  • Пайғамбардың Ехобадан қайта әрекет етуді сұрауы (1—19)

    • Құдай өзінің майланған халқын құтқарады (13)

    • Қиындыққа қарамастан Ехобаға шаттану (17, 18)

3  Абақұқ пайғамбардың қайғылы жыр ретінде айтқан дұғасы:   Уа, Ехоба, сен туралы хабар естідім. Уа, Ехоба, жасаған істерің бойымда қастерлі сезім оятты. Осы жылдар ішінде* соларыңды қайта жасай көр! Осы жылдар ішінде* соларыңды паш ете көр! Аласапыран кезде мейірім көрсетуді ұмыта көрме+!   Құдай Теманнан,Қасиетті Құдай Паран тауынан келді+. (Села)* Оның салтанаты күллі аспанды жапты+,Ал даңқы бүкіл жер бетіне жайылды.   Оның нұры күндей жарқырап тұрды+,Қолынан екі сәуле шашырап тұрды,Қолында оның құдіреті жасырынған еді.   Оның алдынан індет жүріп отырды+,Ал соңына қауіпті дерт* ілесті.   Ол орнында тұрып, жерді сілкіндірді+. Ол қарағанда, халықтар қалшылдады+. Ежелгі таулар опырылып құлады,Байырғы төбелер шөгіп қалды+. Көне заманнан жолдары оның осындай.   Құштың шатырларындағы абыржуды көрдім. Мадиян жерінің шатыр жабындары діріл қақты+.   Уа, Ехоба, өзендерге ашуландың ба? Соларға қаһарың лаулады ма? Әлде теңізге ашуың келді ме+? Сен аттарыңа мініп шаптың+,Соғыс арбаларың жеңіп шықты*+.   Садағың қабынан шығарылып, дайын тұр. Таяқтар* антпен тағайындалуда*. Сен жерді өзендермен бөлдің. 10  Сені көргенде, таулар ауырсынып бұратылды+,Нөсер бәрін шайып кетті,Тереңдегі сулар гүрілдеп+,Аспанға қарай атқылады. 11  Күн мен ай биіктегі тұрағында тұрып қалды+. Сенің жебелерің жарқылдай ұшты+,Найзаң найзағайдай жарқ-жұрқ етті. 12  Ашулана жер бетімен жүріп өттің,Ызалана халықтарды таптадың. 13  Сен өз халқыңды азат ету үшін,Майланғаныңды* құтқару үшін шықтың. Зұлымның үйіндегі басшыны күйреттің. Ол төбесінен іргетасына дейін жалаңашталды. (Села) 14  Сарбаздары мені шашпақ болып дауылдай соққанда,Олардың басына өз қаруларыңды сұғып алдың. Олар тасадан бейшараға тап беріп,Жалмағанына мәз болған еді. 15  Аттарыңмен теңізді,Буырқанған ғаламат суларды басып өте шықтың. 16  Мұны естігенде, тұла бойым түршікті,Бұл хабардан еріндерім дірілдеді,Сүйектеріме шірік түсті+,Аяқтарым қалтырады. Бірақ мен апат күнін үндемей күтемін+,Өйткені ол бізге шабуылдаған халықтың басына түспек. 17  Інжір ағашы гүлдемесе де,Жүзім бұтасы жеміс салмаса да,Зәйтүн ағашы өнім бермесе де,Егістікте астық шықпаса да,Қорада қой қалмаса да,Малқорада ірі қара болмаса да, 18  Мен бәрібір Ехобаға шаттанамын,Құтқарушы Құдайыма қуанамын+. 19  Әлемнің Әміршісі Ехоба — менің күш-қуатым+,Ол аяғымды киіктікіндей жүйрік қылады,Маған биік жерлерді таптатады+.

Сілтемелер

Мүмкін: “біздің уақытымызда”.
Мүмкін: “біздің уақытымызда”.
Немесе “дене қызуын көтеретін дерт”.
Немесе “құтқарды”.
Мүмкін: “жебелер”.
Мүмкін: “рулар анттар беруде”.