Амос 2:1—16

  • Қайта-қайта бүлік шығарғандарға үкім (1—16)

2  Ехоба мынаны айтады: —Моабтың+ үш, тіпті төрт бүлігі* үшін үкімімді өзгертпеймін,Өйткені ол Едом патшасының сүйегін өртеп, әк жасады.   Сол себептен Моабқа от жіберемін, Ол Кериоттың+ бекініс мұнараларын жалмап қояды. Моаб айқай-шудың ортасында,Атойлаған дауыс пен мүйіз керней үнінің арасында күйрейді+.   Оның арасындағы билеушісін құртамын,Онымен бірге күллі әміршісін өлтіремін+,— дейді Ехоба.   Ехоба мынаны айтады: —Яһуданың+ үш, тіпті төрт бүлігі үшін үкімімді өзгертпеймін,Өйткені олар Ехобаның заңдарынан бас тартты,Оның ережелерін орындамады+. Ата-бабаларын адастырған өтіріктер оларды да адастырды+.   Сол себептен Яһудаға от жіберемін,Ол Иерусалимнің бекініс мұнараларын жалмап қояды+.   Ехоба мынаны айтады: —Исраилдің+ үш, тіпті төрт бүлігі үшін үкімімді өзгертпеймін,Өйткені олар әділ жанды күміске,Кедейді бір жұп сандалға сатады+.   Олар бейшараның басын жерге тығады+,Момынның жолына тосқауыл қояды+,Әкесі де, ұлы да бір әйелге барып,Киелі есімімді қорлайды.   Кепілдікке алған киімді+ әрбір құрбандық орнының+ жанында төсеп жатады,Біреуге төлеткен айыппұлға шарап алып, құдайларының үйінде ішеді.   Кезінде халқым үшін аморлықтарды құртқан мен едім+,Олар қарағайдай биік, емендей мықты болатын,Мен оның төбесіндегі жемісі мен түбіндегі тамырын жойғанмын+. 10  Аморлықтардың жеріне ие болсын деп,Сендерді Мысырдан алып шығып+,Қырық жыл бойы шөл далада ертіп жүрдім+. 11  Ұлдарыңның кейбірін пайғамбар+,Жас жігіттеріңнің кейбірін назир еттім+. Солай емес пе, уа, Исраил халқы?— дейді Ехоба. 12  Алайда назирлерге шарап ішкізуді қоймадыңдар+,Пайғамбарларға “Пайғамбарлық етпе!” деп тыйым салдыңдар+. 13  Сондықтан астық артылған арба астындағысын жаншығандай,Сені де өз орныңда жаншимын. 14  Жүйрік қашатын жер таппай қалады+,Мықты өз күшінен айырылады,Жауынгер де жанын сақтай алмайды. 15  Садақшы тойтарыс бере алмайды,Желаяқ қашып құтылмайды,Салт атты жанын сақтап қала алмайды. 16  Ең батыл деген сарбаздардың өзіСол күні жалаңаш қаша жөнеледі+,— дейді Ехоба”.

Сілтемелер

Немесе “қылмысы”.