Амос 4:1—13

  • Башандағы сиырларға қарсы айтылған хабар (1—3)

  • Ехобаның Исраилдің жалған ғибадатын жақтырмауы (4, 5)

  • Исраилдің түзетуді қабыл алмауы (6—13)

    • “Құдайыңмен кездесуге дайын бол” (12)

    • “Құдай адам баласына өз ой-ниетін білдіреді” (13)

4  “Мына сөзге құлақ салыңдар, Башандағы сиырлар,Самарияның тауында тұратын сендер+! Бейшараны алдап-сулайтын+, кедейді жәбірлейтін,Күйеулеріне “Бізге ішетін бірдеңе әкеліңдер!” дейтін әйелдер!   Әлемнің Әміршісі Ехоба қасиеттілігімен ант берді. Сендер қасапшының ілмегімен,Ал қалғандарың қармақтың ілмегімен ілініп алынатын күндер келе жатыр.   Сонда әрқайсысың дәл алдыңдағы қабырға тесігінен тартып шығарылып,Хармонға лақтырыласыңдар,— дейді Ехоба.   Мейлі, Бетелге барып, қылмыс жасай беріңдер+,Ғылғалға барып, қылмыстарыңды одан бетер көбейтіңдер+! Таңертең құрбандықтар ұсынып+,Үшінші күні оннан бір бөлікті беріңдер+.   Ашыған нанды ризашылық құрбандығы ретінде өртеп+,Ерікті сый-тартуларың туралы дауыстап жариялай беріңдер! Себебі сендер, уа, Исраил халқы, осылай еткенді жақсы көресіңдер,— дейді Әлемнің Әміршісі Ехоба.   Мен бірде-бір қалаңда тіске басар ештеңе қалдырмадым,Үйлеріңде жейтін нанға зар еттім+. Сендер сонда да маған қайтпадыңдар+,— дейді Ехоба.   Сондай-ақ егін орағынан үш ай бұрын, сендерге жаңбыр бермей қойдым+. Бір қалаға жауын жауғызсам, басқасына жауғызбадым. Бір егіс алқабына жауын жауса,Басқа егіс алқабы жауынсыз құрғап жатты.   Екі-үш қаланың адамдары су ішуге бір қалаға тәлтіректеп барды+,Бірақ олар қанып су іше алмады. Сендер сонда да маған қайтпадыңдар+,— дейді Ехоба.   Өнімдеріңді аптап желмен күйдірдім, көгертіп-шіріттім+. Бау-бақша мен жүзімдікті көбейтіп едіңдер,Бірақ інжір мен зәйтүн ағаштарыңды шегіртке жалмап қойды+. Сендер сонда да маған қайтпадыңдар+,— дейді Ехоба. 10  Араларыңа Мысырдағыдай індет жібердім+. Жігіттеріңді семсермен өлтіріп+, жылқыларыңды тартып алдым+. Қостарыңның сасық иісін мұрындарыңа әкелдім+. Сендер сонда да маған қайтпадыңдар,— дейді Ехоба. 11  Мен Содом мен Ғомораны күйреткенімдей+,Сендердің елдеріңді де күйреттім. Сонда от ішінен суырып алған ағаштай болып қалдыңдар. Сендер сонда да маған қайтпадыңдар+,— дейді Ехоба. 12  Сол себепті мен саған, уа, Исраил, осылай істеймін. Иә, мен саған осылай істейтіндіктен,Уа, Исраил, Құдайыңмен кездесуге дайын бол. 13  Өйткені ол тауларды қалыптастырып+, желді жаратты+. Ол адам баласына өз ой-ниетін білдіреді,Таңғы арайды қара түнекке айналдырады+,Жердің биік төбелерін басып жүреді+. Оның есімі — Әскербасы Ехоба Құдай”.

Сілтемелер