Амос 6:1—14

  • Өздеріне сенімді адамдар қасіретке қалады! (1—14)

    • Піл сүйегінен жасалған төсек; шарапқа толы тостаған (4, 6)

6  “Сионда өз-өздеріне сенімді болып тұрып жатқандар,Самария тауында өздерін қауіпсіз сезінетіндер қасіретке қалады+! Олар халықтың бетке тұтар беделді кісілері,Алдарына Исраил үйі келіп жүгінеді.   Қалнаға барып көріңдер,Сол жерден Ұлы Хаматқа+ барыңдар,Әрі қарай філістірлер жеріндегі Ғатқа түсіңдер. Осы патшалықтар* олардан артық па екен? Әлде жерлерің олардікінен кең бе екен?   Апат күнін ойларыңнан шығарып тастап+,Елдеріңді зорлық-зомбылықтың ордасы етпексіңдер ме+?   Олар піл сүйегінен жасалған төсекте+ созылып, сәкіде керіліп жатады+,Отардағы тоқтыларды, бордақыланған торпақтарды жейді+.   Арфа әуеніне әндер шығарып+,Дәуіт сияқты, ішекті аспаптар ойлап табады+.   Шарапқа толы тостағаннан сіміріп+,Ең таңдаулы майды үстеріне жағады. Алайда Жүсіптің басына апат түсетінін+ қаперге де алмайды.   Сол себепті ең алдымен солар жер аударылып кетеді+. Керіліп жатқандардың сауық-сайраны тоқтайды.   Мен, Әлемнің Әміршісі Ехоба, өзіммен ант еттім+,— дейді Әскербасы Ехоба Құдай,Жақыптың өркөкіректігінен жеркенемін+,Оның бекініс мұнараларын жек көремін+,Мына қала мен ондағының бәрін жау қолына беремін+.  Егер бір үйде он адам қалса, бәрі де өледі. 10  Олардың туысы келіп, үйден сүйектерін бір-бірден алып шығып, өртеп жібереді. Сосын үйдің ішкі бөлмесіндегі адамнан: “Қасыңда тағы біреу бар ма?”— деп сұрағанда, ол: “Жоқ!”— деп жауап қатады. Сонда оған: “Үндеме! Қазір Ехобаның есімін ауызға алатын уақыт емес”,— дейді. 11  Өйткені Ехоба бұйрық бергенде+,Дәу-дәу үйлер тас-талқан болады,Шағын үйлер үйіндіге айналады+. 12  Жылқы жартаста шапқылаушы ма еді? Өгізбен сол жерді жыртушы ма еді? Ал сендер әділеттілікті улы шөпке,Әділдіктің жемісін жусанға айналдырдыңдар+. 13  Түкке тұрғысыз нәрсеге қуанып,“Біз өз күшімізбен нығайып алдық* емес пе?!” дегенді айтасыңдар+. 14  Сол себепті, уа, Исраил, сендерге қарсы бір халықты әкелемін+,Ол Лебо-Хаматтан+ Араба өзен аңғарына* дейін сендерге қысым көрсетеді,— дейді Әскербасы Ехоба Құдай”.

Сілтемелер

Яһуда мен Исраил патшалығын айтып тұрса керек.
Сөзбе-сөз “өзіміз үшін мүйіздер алдық”.