Амос 8:1—14

  • Жазғы жеміс-жидек салынған себет жайлы аян (1—3)

  • Қысым көрсетушілердің айыпталуы (4—14)

    • Рухани ашаршылық (11)

8  Әлемнің Әміршісі Ехоба аянда маған мынаны көрсетті: міне, жазғы жеміс-жидек салынған бір себет тұр екен.  Ол менен: “Амос, не көріп тұрсың?”— деп сұрады. “Жазғы жеміс-жидек салынған себетті”,— деп жауап бердім. Сонда Ехоба былай деді: “Халқым Исраилдің күні бітті. Оларды енді кешірмеймін+.  —Сол күні ғибадатханадағы қуанышты әндер зар еңіреуге алмасады+. Көптеген мәйіт әр жерде шашылып жатады+. Тыныш!— дейді Әлемнің Әміршісі Ехоба.   Жарлы-жақыбайларды таптайтындар,Елдегі момындардың түбіне жететіндер+, тыңдаңдар!   Сендер: —Жаңа туған ай мейрамы+ қашан бітер екен,Астығымызды сатар едік. Демалыс күні+ қашан өтер екен,Астығымызды базарға апарар едік. Сонда астық өлшейтін ыдысты* кішірейтіп,Шекелдің* салмағын көбейтіп,Таразыдан алдап жер едік+.   Сондай-ақ мұқтаж адамды күміске,Кедейді бір жұп сандалға сатып алар едік+,Астықты кебек-себегімен сатар едік,— дейсіңдер.   Ехоба, Жақыптың мақтанышы+, өзімен ант етіп былай дейді: —Олардың істегендерінің бірін де ұмытпаймын+.   Солары үшін бүкіл ел* діріл қағып,Әрбір тұрғыны қайғы-мұңға батпай ма+?! Ол Мысырдың Ніліндей түгел көтеріліп,Ніл өзеніндей тасып барып, қайта басылмай ма+?!   Сол күні,— дейді Әлемнің Әміршісі Ехоба,Тал түсте күнді ұясына кіргізіп,Жарқын күні жерде қараңғылық орнатамын+. 10  Көңілді мейрамдарыңды қайғымен+,Қуанышты әндеріңді жоқтаумен алмастырамын. Бәріңнің беліңе азалы мата байлап, бастарыңды тақырлаймын. Ол күн жалғыз ұлын жоқтап жатқанға ұқсайды,Оның ақыры удай ащы болады. 11  Міне, мынадай күндер келе жатыр,— дейді Әлемнің Әміршісі Ехоба,Мен елге ашаршылық жіберемін,Сонда адамдар жейтін нанға не ішетін суға емес,Ехобаның сөзін естуге зар болады+. 12  Олар теңізден теңізге,Солтүстіктен шығысқа кезіп кетеді,Ехобаның сөзін іздеп шарқ ұрады, бірақ таба алмайды. 13  Сол күні шөлдегеннен сұлу қыздар да,Жас жігіттер де естен танады. 14  Олар Самарияның жалған тәңірлерімен+: “Уа, Дан, бұл — тәңіріңнің+ тірі екеніндей хақ!” “Бұл — Бер-Шебаның+ жолы тура екеніндей хақ!” деп ант етеді. Сондықтан құлап, енді қайтып тұрмайды+”.

Сілтемелер

Немесе “ефа өлшеуішті”. Ә14 қосымшасын қараңыз.
1 шекел 11,4 г-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Немесе “жер”.