Амос 9:1—15
9 Мен құрбандық ошағының жоғарғы жағынан Ехобаны көрдім+. Ол былай деді: “Бағаналарды бас жағынан ұр, босағалары шайқалсын. Олардың бас жағын шауып, халықтың үстіне құлат. Ал тірі қалғандарын семсермен өлтіремін. Қашқан ешкім құтылмайды, бассауғалаған бірде-бір жан аман қалмайды+.
2 Олар көр* қазып, соған түссе де,Сол жерден суырып аламын.
Аспанға шығып алса да,Сол жерден төмен түсіремін.
3 Кармилдің төбесіне жасырынса да,Сол жерден тауып әкелемін+.
Менен* теңіз түбіне тығылса да,Сол жерде жыланға оларды шағуды бұйырамын.
4 Жау алдына салып, тұтқынға әкетіп бара жатса да,Семсерге бұйрық беріп, оларды мерт қыламын+.
Мен оларға бата емес, апат жіберу үшін көз тігемін+.
5 Әлемнің Әміршісі Әскербасы Ехоба, жерге тигенде,Ол еріп кетеді+, ал тұрғындарының бәрі қайғырады+.
Мысырдың Ніліндей түгел көтеріліп,Ніл өзеніндей қайта басылады+.
6 Ол көкке көтерілетін баспалдақ салып,Жер үстінен күмбез орнатады.
Теңіз суын жинап,Сосын оны жер бетіне төгеді+.
Есімі оның — Ехоба+.
7 Уа, Исраил халқы, мен үшін сендер құштықтар сияқты емессіңдер ме?— дейді Ехоба,Мен Исраилді Мысыр+ елінен,Філістірлерді Криттен+, сириялықтарды Кирден алып шықтым емес пе+?
8 Мен, Әлемнің Әміршісі Ехоба, көзімді күнәға батқан патшалыққа тігемін.
Оны жер бетінен құртып жіберемін+.
Алайда Жақыптың үйін толықтай жоймаймын+,— дейді Ехоба.
9 Міне, мен бұйрық беремін де,Бірде-бір тасын жерге түсірмейАстықты електен өткізгендей,Исраил үйін електен өткізіп,Барлық халықтардың ішіне шашыратып жіберемін+.
10 Сол кезде “бізге апат жоламайды, басымызға түспейді” деп,Халқымның ішінде жүрген күнәкарлар түгел семсерден өледі.
11 Сол күні Дәуіттің құлаған үйін* қайта тұрғызамын+,Жарылған тұстарын бітеймін,Опырылған жерлерін жөндеймін,Бұрынғы кездегі қалпына келтіремін+.
12 Сонда олар Едомнан қалғандарды+,Менің атыммен аталған барлық халықтарды иемденеді,— дейді мұны жүзеге асырушы Ехоба.
13 Міне, мынадай күндер келе жатыр,— дейді Ехоба.
Жер жыртқандар егін орып жатқандарға жетіп қалады,Жүзім таптағандар тұқым сеуіп жатқандарға жетіп қалады+.
Таулардан тәтті шарап тамып+,Қыр-төбелерден ағып жатады+.
14 Халқым Исраилді тұтқыннан еліне қайтарамын+,Олар қаңырап қалған қалаларды қайта соғып, сонда қоныс тебеді+.
Жүзімдіктер отырғызып, солардың шарабын ішеді+.
Бау-бақша егіп, жемісін жейді+.
15 Мен оларды өз еліне отырғызамын,Өзім берген сол елден олар енді жұлынып тасталмайды+,—дейді Ехоба Құдайларың”.
Сілтемелер
^ Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
^ Сөзбе-сөз “көз алдымнан”.
^ Немесе “шатырын, күркесін”.