Аян 15:1—8
15 Көктен ұлы әрі керемет тағы бір белгіні — жеті апат ұстаған жеті періштені+ — көрдім. Бұлар соңғы апаттар, себебі Құдайдың қаһары осылармен аяқталады+.
2 Сосын мен от араласқан шыны іспетті теңізге ұқсас нәрсені+, сондай-ақ жыртқыш аң мен оның мүсінін+ және оның есімінің санын+ жеңіп шыққандарды+ көрдім. Олар қолдарына Құдайдың арфаларын ұстап шыны іспетті теңіздің жанында тұр екен.
3 Олар Құдайдың құлы Мұсаның+ және Тоқтының+ әнін айтып жатты:
“Құдіреті шексіз Ехоба Құдай+, сенің істерің ұлы да керемет+. Мәңгіліктің патшасы+, сенің жолдарың әділ де сенімді+.
4 Ехоба, сенен кім қорықпайды, сені кім мадақтамайды?! Жалғыз сен ғана адалсың+! Барлық халықтар алдыңа келіп, ғибадат етеді+, өйткені әділ жарлықтарың айқын болды”.
5 Бұдан кейін көкте куәлік шатырының қасиетті бөлігінің+ ашылғанын+ көрдім.
6 Сол жерден жеті апат ұстаған жеті періште+ шықты. Олар үстеріне таза, жалтыраған зығырдан киім киіп, ал кеуделерін алтын белбеумен орап алыпты.
7 Төрт тіршілік иелерінің біреуі жеті періштеге мәңгі өмір сүретін Құдайдың қаһарына толы жеті алтын тостаған+ берді.
8 Сонда шатырдың қасиетті бөлігі Құдайдың салтанаты+ мен құдіретінен түтінге толып кетті. Жеті періштенің жеті апаты+ аяқталмайынша, онда ешкім кіре алмады.